Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі ұйымдарының бірі. Бүгінде балабақша өкілдері өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарды аралап, жұмысымен танысып, тәжірибе бөлісіп жүр. Осы сапарлардың мақсаты, жалпы балабақшаның ұрпақ тәрбиесі жолында атқарып жүрген істері жайлы балабақша директоры Бейбітгүл Қазақпаева әңгімелеп берген болатын.

– Бейбітгүл Зейнәділқызы, білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек, осыған тікелей әсер бар тәрбиешілер мен педагогтеріңіздің әлеуеті қандай?

–ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық балабақша. Білікті педагогтер озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпыға тарату мақсатында бірқатар әдістемелік құралдарды әзірленді. Сонымен қатар, «Қарлығаш» балабақшасы педагогикалық тәжірибені бөлісу бойынша имидждік іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие. Соңғы 4 жылда мектепке дейінгі мекеменің педагогтері тарапынан өңірлік, республикалық және халықаралық форматтағы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Біз сондай-ақ көптеген білім беру ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істейміз.

Жалпы Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға әрдайым дайын.

Возможно, это изображение 1 человек и стоит

 

-Баланың дамуына  балабақшадағы орта әсер етеді деген түсінік бар. Баланың жан-жақты дауына «Қарлығаш» балабақшасында қандай жағдайлар жасалынған?

-Итальяндық мұғалім және психолог Лорис Малагуццидің «Қоршаған орта – үшінші мұғалім» деген сөзі бар.  Ол кез-келген адамға білім беру ортасы отбасы мен тәрбиешіден кейінгі үшінші мұғалім бола алады дегенді айтады. Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы. Міне, сондықтан, ортаның дұрыс ұйымдастырылуы маңызды. «Қарлығаш» балабақшасында ба­ла­­лар­дың болмысын, қа­бі­летін ерте жастан дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Мәселен, заттық-кеңістік дамытушы ортаны құруда  әр жастағы балалардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттері, қызығушылығы ескеріледі. Заттық-кеңістіктік дамытушы орта дегеніміз балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз  ететін, олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы. «Қарлығаш» балабақшасының педагогтері балалардың шығармашылық қабілеттерін белсенді дамытуда, танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруда және жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында оқуға қажетті дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді. Балабақшадағы техникалық базаның заманауи талаптарға сай жабдықталуы балалардың қозғалыс пен физикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Атап айтқанда, футбол, спорт алаңдары, «денсаулық жолы», жол жүру ережелерін үйрететін учаскелер, шағын бақша, «Көңілді паровоз» аттракционының ойын алаңдары, велосипед жүретін жолы бар алаң, серуендейтін бақ бар. Бұлардың барлығы таза ауада балалардың көңілді, пайдалы және қауіпсіз іс-әрекетіне арналған.

Балабақшаның барлық объектілерінде интерактивті коммуникативтік технологиялар — «сөйлейтін» қабырғалар, Реджио шеберханалары, интерактивті еден, белсенділік орталықтары, робототехника зертханалары, аква және гидропоникалық қондырғылар, Кванториумдар және т.б. балалардың бойындағы түрлі қабілеттерді шыңдап, толықтай дамытуға ықпал етеді. Қалыптасқан білім, икемділіктер мен дағдылар балабақша тәрбиеленушілеріне әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстарға нәтижелі қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-анамен байланысты нығайту мақсатында «Мейірбан ата-аналар клубы», спорттық, шығармашылық, қайырымдылық және т.б. іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Возможно, это изображение 5 человек, ребенок, люди сидят, люди стоят и в помещении

 

– Президент Іс Басқармасына қарасты «Қарлығаш» балабақшасының өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға сапарының негізгі мақсаты қандай?

-Таяуда «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар шеңберінде делегация құрамында Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болып, жұмысымен танысып қайтқан болатын. Бұл – осы шара аясындағы екінші сапар, осыған дейін Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз. Жалпы өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға сапарымыздың басты мақсаты – өзімізде қолданылатын инновациялық методикаларды таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу, сонымен қатар, әріптестерімізбен ынтымақтастық құру болып табылады.

 

-«Қарлығаш» балабақшасы қандай тәжірибесімен бөлісті, сапардың өздеріңізге пайдалы тұстары болды ма?

– Шымкент қаласына болған сапар барысында әріптестеріммен бірге психикалық дамуы шектеулі және тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған балабақшаларды араладық. Біздің жұмысымызға да бұл балалармен жұмыс жасау барысы үлкен тәжірибе болып табылады. Осы екі балабақшада баланы тәулік бойы қалдыру мүмкіндігі қарастырылған екен. Бұл бала тәрбиелеп отырған ата-анаға үлкен көмек. Мұндағы ерекше балаларды тәрбиелеуде педагогтерге үлкен жауапкершілік жүктелгенін және еңбектерінің ауыр екендігін атап кетуге болады. Балалардың денсаулық жағдайларын ескеріп, көңіл-күйіне, назар аударып, күтімін жасау барысында бар күш-жігерлерін салып, өз міндетін балаға деген үлкен махаббатпен атқарып жүрген Шымкенттік әріптестеріміздің жұмысын өз көзімізбен көріп, көп нәрсені түйіп қайттық. Менің ойымша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін балабақша тәрбиешілері мен педагогтеріне қолдау, кәсіби біліктіліктерін арттыру,  даярлау мәселесіне айрықша назар аудару қажет.

Шымкент қаласы балабақшаларының педагогтерімен өткен дөңгелек үстел барысында өз тәжірибемізбен бөлісіп, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты ақпарат беріп өттік. Сонымен қатар іс-тәжірибедегі инновация бойынша шеберлік сыныбын және  мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалау үшін ЕCERS-3 шкаласын қолдану бойынша өз тәжірибемізбен бөлістік (бұл методика көптеген елде қолданылады және мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын бағалаудың халықаралық құралы ретінде балалардың дамуына жалпы әлемдік, әмбебап көзқарасты қалыптастырады). Өңірлерге сапар ағымдағы жылы басқа қалаларда  да жалғасатын болады.

Возможно, это изображение 2 человека, ребенок, люди стоят и в помещении

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *