«Батыр бабамыз — Бейбарыс»

Тақырыбы: «Батыр бабамыз — Бейбарыс»

Педагог- психолог: Баккараева Д.Б.

Білім беру саласы: Коммуникация

Мақсаты: Балаларға батырлық, ерлік жігерлік қасиеттерді қалыптастыру. Рухани Отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, Отанын, елін, жерін қорғауға сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын- тапсырмалар.

Көрнекіліктер: Батыр туралы сүреттер, батыр киімдері, қазірге сарбаздар (әскери киімдері).

Сөздік жұмыс: Батыр, халық батырлары, найза, қылыш, қалқан, дулыға.

Шаттық шеңбері

Балалар : -Қайырлы таң, көк аспан !
-Қайырлы таң, жер-Ана !
— Қайырлы таң, шуақты көктем !
— Қайырлы таң!

Тәрбиеші : -Балалар, көктемнің жылы күніндей мына жүрек арқылы бір-бірімізге
жылы тілектер тілейік .
—    …., мен саған көктемнің күнін тілеймін !
—    …., әдемі гүлін тілеймін !
—    …., мен саған шуақты түнін тілеймін!
—    …., жылы күнін тілеймін !
—    …., әрқашан жолын болсын !
—    …., арайлы таңын тілемін !
—    …., қуаныш мол болсын !
—    ….,ақ мол болсын !
—    …., аспан ашық болсын !
—    ….,дастарқан мол болсын !
Тәрбиеші : Ал,балалар,біз жылуымызды бір-бірімізге бердік,көктем өз жылуын бізге беріп жатыр.

Тәрбиеші : Жұмбақ
Су ағып сай саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салып.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады ?

Балалар:  Көктем мезгілінде болады.

 

Тәрбиеші айтады: -Енді балалар бір сәт көзімізді жұмайық. Аттың дубірі естіледі Үстінде сауыты бар Қолында найзасы бар, Батыр келеді. Батыр (балаларға үнтаспа арқылы естірту (Зейін қойып тыңдайды. Таңдана қарайды.) «Амансың ба, қарақтарым Қан майданда қайраттанып Арыстандай айбаттанып Қолға семсер ұстаған Елді қорғаған батырмын» Балалар сендер кімнің дауысын естідіндер? -Сендер батырды қалай елестеттіндер?( Өз ойларын сұрақтар арқылы жауап береді.) -Иә, балалар сендер әрқайсының әртүрлі батырды елестеттіндер. -Батыр деп кімді айтамыз? -Батыр деп қорықпайтын, күші көп, елді, жерді қорғайтын үлкен ағаларды айтамыз. Батыр болу үшін тек күш қана емес, елге, анаға, бауырға, досқа деген сүйіспеншілік керек (Батырлардың қандай екендігін қорықпайтын күші көп елді жерді қорғайтын батыр адам болатынын сипаттайды әңгімелейді.) Батырлардың киімдеріне тамсанып қарап танысады сөздерімен сөйлейді.

Тәрбиеші: Олай болса балалар «Батырлар еліне» саяхатқа шығамыз онда біз халық батырларымен және батырлардың қару- жарақтарымен киімдерімен танысамыз.

Әуен- қимыл арқылы саяхатқа шығу

Тәрбиеші: -Міне балалар «Батырлар еліне» келіп қалдық. -Мынау біздің халық батырларының суреттері. Бейбарыс Сұлтан т.б. Осы батырлардың есімдерін естігендерің бар ма? Атырау қаласында батырларға арналған нелер бар? (Бейбарыс Сұлтан. Оның қолында найзалары бар.) -Батырлар елін жерін ата- аналарын ниеті жаман адамдардан қорғаған (ниеті жаман -деген ол жақсы адам емес) Елі мен халқын қорғаған ағаларға «Халық батыры» деген атақ берілген. (Батырлар ел қорғайтыны туралы әңгімелеу.) -Балалар осы батырлар Туралы жаттаған мақал- мәтелдерді естеріңде ме?( Мақал- мәтелдерді естеріне түсіріп айтады. «Батыр туса- ел ырысы.» «Батыр жарағымен жарасады.» «Ақылдан асар амал жоқ.» «Батыр алмас қамал жоқ.»

-Балалар батырлар елін жерін немен қорғаған?( -Батырлар елдерін қару- жарақтарымен. -Міне балалар батырлардың қару- жарақтары: қылыш семсер найза садақ қалқан. Киімдері: бас киімі- дулыға сауыт жейдесі.( Балалар қылыш, найза, садақ, қалқан киімдерін) -Ал қазір біздің Отанымызды жерімізді киімдер қорғайды? Балалар біздерді сарбаздар ұландар қорғайды. -Мынау қазіргі сарбаздарымыздың киетін киімі. Балалар қазіргі батырлар мен киіммін салыстырыңдаршы балаларға киіндіріп көрсету. (Екі бала ортаға шығып біреуі батыр киімін екеншісі қазіргі заманның сарбаздар киімдерін киіп көрсетеді.) -Қане балалар енді «Білектесу» ойынын ойнап күшімізді сынап көрейік. Қимылды ойын: «Білектесу» Балалар екі- екіден шығып білектеседі. 1,2,3 деп санағанда екі баладан білектесе отырып біреуі жеңіске жетіп отырады. Соңында жеңген баланың қолын жоғары көтеріп қошеметтеп шапалақтап отырады. ( Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады күштілігін мықтылығын көрсетіп отырады.) Ойынға белсенділік танытады. -Отанды жерімізді қорғайтын үл- қыздары болыңдар. Жеңген балаға батыр атағын беру. Балаларды мадақтап іс- әрекеттерін бағал Әдеп қимылмен топқа оралу. Тәрбиеші сүрайды: -Біз қайда саяхатқа бардық? -Кім батыр болғысы келеді? -Батыр болу үшін не істеуіміз керек? -Батыр қандай болады екен? (Тақырыптың мазмұнын әңгімелеп қорытындылауға ат салысады.

Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы қорыту:  бүгінгі не туралы әңгімелестік? Бір-бірімізге не істеу керекпіз? Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, бағалау.

Біз ақылды баламыз,
Орнымыздан тұрамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Сау болыңыз айтамыз.

Күтілген нәтиже:

Біледі: Батырлық ерлік жігершілік қасиеттерін.

Түсінді: Батыр деген уғым туралы түсінік.

Менгереді: Рухани Отан сүйгіштік сезімді.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *