Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

 

Ауа райынының жылынуына байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) сақтық шараларын сақтау шарт. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

 

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы нені білуі керек?

— балаңызға сіздің бақылауыңызсыз, әсіресе матрацтарда немесе үрлемелі шеңберлерде шомылуға рұқсат бермеңіз;

— балаларды суға тек жүзу жилетімен жіберіңіз;

— су астында жасырынып ойнайтын ойындарды ойнауына жол бермеңіз, мұндай ойын-сауық қайғылы аяқталуы мүмкін;

— су қоймасының белгісіз жерлеріне жүзуге және сүңгуге рұқсат етпеңіз, өйткені тастар мен ағаш бұтақтары жиі жарақатқа әкеледі;

— гипотермияны болдырмау үшін баланың суда болу уақытын бақылаңыз;

— күн көзіне қатты күйіп қалуын болдырмау үшін баланың терісін арнайы күннен қорғайтын құралдармен майлаңыз;

-судың жанында болған кезде өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін есте сақтаңыз!

 

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілері балаларға түрлі қауіпсіздіктердің алдын алу туралы үнемі айтып, үйретіп, ата-аналарды да ақпараттандырып отырады.

Естеріңізде болсын! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау!

 

 

Правила безопасности на водоемах в купальный период напомнили астанчанам:  12 Мая 2021, 21:35 - новости на inform.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *