Құстар біздің – досымыз!

Мекеева Гульшат Кадыровна

Білім беру саласы: Коммуникация.Таным.

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Құстар — біздің досымыз»

Мақсаты:

1) Білімділік:   құстарды туралы түсінік беру,  олар туралы білімдерін тереңдету.

2) Дамытушылық:құстардың атын атай отырып,олардың пайдасы жайлы,бейне таспадан ертегіні көре отырып сөздік қорын,ой-өрісін,ойлау,есте сақтау  қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілік сезімге , қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: Құстар жайлы тақпақтар, сабаққа сай сергіту жаттау.

Керекті құралдар: Суретті үлгілер,проектор,компютер, магнит  тақтасы.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру,анимациялық  бейнетаспа  көрсету. сурақ-жауап,Венн диограммасыТірек сызбасы.Үй және дала құстарының суреттері. Мадақтау, қортындылау.

Керекті құралдар: Суретті үлгілер,проектор,компютер.

Оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, қане, барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.

Сәлем беру салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге ,

Сәлем беріп жатырмыз.

Сәлематсыздарма қонақтар,

Сәлематсыздарма апайлар.

Шеңбер болып тұрайық, алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық, таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

Тәрбиеші: Көктем туралы білімдерін пысықтау(Слайдпен көрсету,трек сызбасы арқылы)

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын .Сол жұмбақты шешсеңдер алдымызда тұрған сандықтың ішінде не бар екенін білеміз- деп балаларды үстел үстіндегі сандықтағы затқа  назар аудартамызЖұмбақ.

Көзім бар көремін,

Тұмсығым бар шоқимын.

Аяғым бар жүремін,

Қанатым бар ұшамын.

(Құс)

 

Терезеге қонған құс,асықпашы,ұшпашы.

Отыра тұршы азғана-ай! Ұшып кетті-ау,ай-ай-ай!
Бүгінгі сендерге тоқталып өтетін іс-қызметіміздің тақырыбы:

«Құстар біздің досымыз!» жайлы болмақ .

Құстар бізге қалай дос?Олар бізге қалай көмектеседі? – ойлап отырған боларсыңдар.Олай болса балалар,мұқият отырып тыңдаймыз. Құстар жайлы мен сендерге  көбірек тоқталып өтемін.

 

Тәрбиеші: құстар жайлы біз не білеміз. Біздің елімізде өздерің білетін қандай құстар бар?

Балалардың: жауаптары

Тәрбиеші: құстар табиғаттың бір бөлшегі. Олар екіге бөлінеді.Олар үй құстары және дала құстары

.Дала құстарына мыналар жатады. Көгершін, қарға, қарлығаш, сауысқан , аққу, торғай  т.б.

Ал үй құстарына тауық,күркетауық,үйрек және қаз.

Олардың ерекшеліктері мен айырмашылығын және ұқсастығын,адамға берер пайдасы туралы сендерге  алдымыздағы сурет арқылы әңгімелеймін .(Слайдқа назар аударту)

Құстардың ұқсастығы көзі, қауырсыны,тұмсығы,екі аяғы, құйрығы,мойыны,құлағы ,басы,қанаты және жұмыртқасы.(Венн диограммасы арқылы)

Айырмашылығы дала және үй құстарында.

Дала құстары өз бетінше тіршілік етеді.Олар ағаш қуыстарына немесе басына,бұтақтарының арасына ұя салып өмір сүреді.Құстар дәнді дақылдармен,түрлі өсімдіктермен,жәндіктермен қоректенеді.

Үй құстары адамдардың қамқорлығында болады.

Дала құстарының пайдасы ағаштардағы зиянды құрт-құмырсқадан  тазаласа,үй құстарынан біз жұмырқасын,етін ас ретінде пайдаланамыз.

Венн диограмма арқылы құстардың айырмашылығымен ұқсастығына тоқталып өту.

Ғажайып сәт. Залға екі құс ұшып кіреді.Құстар шүйкілдесіп,таласып айтысқан  сыңай танытады.Ізінше Табиғат ана келіп балалармен амандасады.

Тәрбиеші: Табиғат ана таласып жатқан құстардың тілін түсінбей жатырмын, маған сіздің көмегіңіз қажет, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды деп, Табиғат анадан көмек сұрайды.

Табиғат ана: Қазір мен бұл құстарды сиқырлайын, тілін түсініп көрейік.

Бұлбұл:Мен бұлбұлмын, сайраймын

Даусым қандай керемет.

Ән саламын шырқаймын

Құстар маған тең келмес.

Қарлығаш:Адамзаттың жақыны

Қарлығашпын  ақылды.

Көгершінмен екеуі,

Жайлайды бір шатырды.

Бұлбұл: Мен әдемі құспын, дауысым сондай керемет, ал сенің құйрығың айыр –деп мақтанады.

Қарлығаш:Менің құйрығым айыр болғанмен адамзаттың жақын құсымын-деп қарлығаш мұңаяды.

Табиғат ана: Құстарым менің сендер таласпаңдар.Әр құстың өз орны бар. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болғанын  осы ертегі арқылы көріп түсінесіңдер.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» –ертегісін (бейне таспадан  көрсету)

Сол бейне таспадан кейін,Табиғат анамен тәрбиешінің балаларға сұрақтары.

— Жарайсыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып сергіп алайық.

 

Сергіту сәті.

Қане,қанат жазайық,қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,орнымызға қонайық

Қарлығаш боп ұшайық,торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,тоқылдақ боп шоқиық.

Тәрбиеші: Енді балалар мына бізге келген Табиғат анамен ,құстарға арналған, тақпақтарымызға кезек берейік.

Гүлназ:                                                               Жібек:

Адамзаттың жақыны,                                       Құс сұлуы аққумын,

Қарлығашта ақылды.                                        Табиғат қөркін сыйлаған.

Көгершінмен екеуі,                                           Мылтығын кезеп еш мерген,

Жайлайды бір шатырды.                               Атуға көзін қимаған.

 

Нұрилла:                                                          Бахытжан:

Қазым,қазым,қаңқылда                          Ақ тауық-ай,ақ тауық,

Көлде жүзіп саңқылда.                                     Ақ тауық неткен қақсауық.

Жем шашайын жейсің бе?                              Ертемен қыт-қыттайды,

Кәмпит берші дейсің бе?                                  Ауламыздан шықпайды.

Жоқ!Жоқ!Жоқ!                                                 

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпа, бидай,сұлы шаш!

 «Дауысынан ажырат»  д\ойыны.

Табиғат ана: балалар мен құстарымды алып  орманға  кетейін деп қоштасады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! бүгінгі оқу іс-қызметі сендерге ұнадыма.

Балалардың : жауабы

Құстарды қорғаймыз, оларды атуға болмайды.Олар бізге дос. Оларды аялау керек.

Сабақ соңында барлығы:

Құстар біздің досымыз,бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ, олар бізді қолдайды.

Осымен балалар сабағымыз аяқталды. Енді бәріміз топқа барамыз.Келген қонақтармен қоштасамыз.

Көріскенше күн жақсы! Сау болыңыз!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.