Тілі өлген ел-тірі өлген ел
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Біздің қазақ жерімізде ең басты құндылығымыздың бірі – тіл. Тіл біздің ата-бабаларымыздаң қалған киелі мұра. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп айтып кеткен кезінде Бауыржан Момышұлы.
Байқағандай, күннен күнге сайын жастар өзекті проблемаға айналдырған нәрсе – тіл құндылығын ұмыту. Қазіргі жастар сөзсіз ақылды, бірақ біз оларға қазақша сұрақ қойсақ,орыс тілінде жауап береді. Неге?
Жастардың ойынша, қазақ тілінде ойлау, сөйлеу – ұят. Әрине, біз осы тақырыпта барлық адамдарды айтып жатқанымыз жоқ, бірақ осындай адамдар саны күн сайын артып барады. Қазақ тілін білу ұят емес, өзге тілде сөйлеуін ұят. Біз қазақ халқы, ешқашан өз ұлттық тілімізден ұялмауымыз керек. Керісінше, мақтануымыз керек, біздің өзіміздің әліпбиіміз бар, әнұранымыз, тәуелсіздігіміз бар деп мақтан тұтуымыз керек. Әлеуметтік желілерде тіл мәселесі жайлы бәсекелес өте көп. Айта кетерліктей, бүгінгі күнге дейін қазақ тілі жайлы ескертіп, осы тақырыпты қозғап жүрген тұлғалардың саны да аз емес.
Біз қазір өзіміз де ең басты құндылығымызды ұмытсақ, онда кім оны біздің алдымыздағы ұрпаққа тапсырады? Ата-бабамыздаң келген мұралардың бәрі біздің келешектегі ұрпағымызға сеніп тапсыратындай киелі құндылық. Өз тарихымызды ұмытпауымыз керек, ол біздің ең басты міндетіміз. Жастар сенімімізді ақтайды деп тапсырған құндылықтарымызды біз ұмытпай, сақтауға міндеттіміз!
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
Н. Ә. Назарбаев
Өте керемет жазылған, авторға мың алғыс