Мен + сен = біз

Серикбаева Клара Тогамысовна

Мақсаты: бір-бірімен біріге отырып,ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен табысқа бірге жетуге ұмтылу.

Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, ой тастау, пікір жалғастыру, ойын

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қарындаш, доп

  1. Менің атым…… мен осылай жасағанды ұнатамын. Танысу, қобалжуды жою.(Аттарын атап, өзіне ұнаған кез-келген қимылды жасайды)
  2. Орын алмасу. Қимыл –қозғалыс арқылы сергу. (кез келген сөзді айтып соған сәйкес келген адамдар бір-бірімен орын алмасады. Мысалы: төрт баласы барлар орын алмассын т.с.с, орын жетпей қалған адам жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
  3. Сөйлейтін қолдар ішкі сезімдер арқылы жақындасу (екі шеңбер жасалады, ішкі және сыртқы бір-біріне қарама-қарсы тұрады, сөйлемей қолдарымен ғана қимыл жасайды) Қолдарыңызбен амандық сұрасыңыздар;

Қолдарыңызбен күресіңіздер;

Қолдарыңызбен достасыңыздар;
Қолдарыңызбен көмектесіңіздер;
Қолдарыңызбен аяушылық білдіріңіздер;
Қолдарыңызбен қуанышты бөлісіңіздер;

Қолдарыңызбен сәттілік тілеңіздер;
Қолдарыңызбен қоштасыңыздар; (талқылау: нені жасау қиын болды?)

  1. Релаксация 7 шырақ. (Музыка қосылады,орындыққа жайланып отырып, денелерін бос ұстап, еркін сезінеміз. Алдымызда бір метр қашықтықта 7 шырақ жанып тұр. Аузымызға ауаны кең жұтып бірінші шырақты сөндіреміз, солайша барлық шырақтарды сөндіріп шығамыз.
  2. Кім жылдам? бірлесіп қимыл-әрекет жасау (екі командаға бөлініп, айтылған пішінді үнсіз жасау қажет. Мыс: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, әріп, сан т.б). Талқылау Қай пішінді жасау қиынға соқты? Дұрыс жасауға не көмектесті?
  3. Біз ұқсаспыз (агрессияны шығаруға арналған: бір-біріне допты лақтырып, ұқсастықтарын айтады. Мысалы: Біз екуміз ұқсаспыз, өйткені бір ғаламшарда өмір сүріп, бір ұжымда жұмыс жасаймыз)
  4. Тек қана бірге агрессияны шығаруға арналған жаттығу(екеуден жұптасып, арқаларын түйістіреді және жәйімен отырып, тұрады. Жұптарын алмастырады. Кіммен жұптасқанда отырып тұру оңай болды?)
  5. Қарындашты жеткіз (қарым-қатынас икемділігін дамыту) екі адам қатарласып тұрып жерде жатқан қарындашты сұқ саусағымен екінші адамға береді және межелі жерді айналып келулері керек.
  6. Рефлексия. «Біз тобымызға не сыйлай аламыз?». Мен өз тобыма ауызбіршілік пен сенімділік сыйлар едім. (жалғасып кете береді)

Қорытындылау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *