Отбасы мен балабақшаның ынтымықтастығы

Махашева Зарина Уйсімбайқызы

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын,
Бір шарт-жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов

   Қоғамға үшін әр кезінде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең жоғары тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы.

Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.

Отбасының әр балаға тәрбие берушілік қызыметінің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

-Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

-еңбек сүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызымет етуге үйрету. Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуге үйрету.

-Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Отбасындағы ата-ана мен  баланың қарым-қатынас нәтежесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене  тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.

Ал әке шеше баланың алғашқы тәбиешілері.

Ата-аналары бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.

Бала бақыты – білімде. « Білім бір құрал. Білім көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды»,- дейді. А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әр бір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі әсерлерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген  сенімін нығайтады.

Кәзіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және кемшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата-аналармен жекеліп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді.

Отбасы тәрбиесінде кездесетін сәтсіздіктер ата-агалардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірбиенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.

Ата-аналармен жүргізілген жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс –пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады.

Жауапкершілік дегеніміз не?

Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалімен  ата-ана жауапкершілігі.

Ата-аналар ойы: Жауапкершілік дегенім өзінің іс-әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттілігі. Жауапкешілігі болу үшін мұғалім мен ата-анада қандай қасиет болуы керек?

Тәрбиеші:

Баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар

ата-анаға талап қойылады

балаға да талап қойылады

Ата-ана

мәдинеті

жан-жақты

уақыт бөле білу керек

психологиялық көңіл-күй

дүниетанымды

ойлау қабілеті

өзін-өзі тәрбиелеу

мұғаліммен қарым-қатынаста болу қажет

Бала ата-ана мен мұғалімен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өдері де тәрбиеге енуі тиіс.

Кәзіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-аналардыңда, тәрбиеші-ұстаздыңда атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.

Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өдеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуын қоғамның өз орнын табуына жағдай жасауына әр бір  ата-ана педагогикалық әдіс- тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *