Ұ дыбысы мен әрпі

Ракова Балгүл Итемгенқызы

Ұ дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Ұ  дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін,

фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Сөз қорын молайту, байланыстырып сөйлеутілін жетілдіру.

Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Заттық суреттер (ұшақ, құлпынай, қарбыз, ұлу), текшелер,слайд.

Сөздік жұмыс: ұлу

Сабақ барысы:

Кәне, балалар жарты шеңбер жасап тұрайық!

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сен бақытты ұлансың,

Анаң ,күнің жүрегің,

Әкең өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Жарайсыңдар, орнымызға отырайық

Білімпаз атаның хаты.

Ойынның шарты: өткен әріптерді қайталап айтып шығу керек

III.Сабақтың тақырыбын баяндау.

Балалар назарымызды экранға аударайық

— Балалар, мен сендерге тақпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?

«Ұлпабастың басына

Ұлу шықты асыға.

Ұстап алмақ боп оны,

Ұзақ қондықасына

.Ұмтылғанда ол енді,

Ұлу қашты жөнелді»

— Ұлу дегенімізжәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік

етеді.
* Балалар қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)

* Ұ дыбысынбәрімізбіргеайтайықшы!

* Ұ-ұ-ұ

* Ұ дыбысықалай айтылады?

* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.

* Ұ дыбысықандай дыбыс?

* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз

  1. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.

* Ауа еркін шығады.

* Жарайсыңдар, балалар!

* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде

шапалақтайсыңдар.
* А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

Сергіту сәті:

Ұлпа бұлтқа түсті,

Ұшақ биік ұшты ,

Ұлан деген жігіт,

Ұшқыш екен күшті

Дәптермен жұмыс.

  1. Оқып жатқан дыбысқа талдау жасау.

— Балалар, қолымызды алдымызға қойып, бойымызды түзу ұстап отырамыз.

— Осы апта бойы не жайлы айтып жатырмыз?

— Қыстан кейін қайжылмезгілікеледі?

— Көктемдежылы жақтан нелер ұшып келеді?

— Құстарсөзінде ұ дыбысы бар ма?

— Ендеше құстарсөзіне дыбыстық талдау жасайық.

— Кәне, ең алдымен бәріміз бірге құстар сөзін айтайықшы!

— құстар…

— Құстарсөзінде неше дыбыс бар?

— неше дауысты дыбыс бар?

— ережні кім айтады?

— Иә, бірсөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады екен.

— Құстар сөзін буынға бөлейік. Құс – тар.

Бәріміз орындадық па?

VII. Бекіту.

Балалар, енді «Құрастыр» ойының ойнайық.

 

Мына суреттердіңішінен Ұ дыбысы бар суретті алып құрастырайық.

* Сен не алдын?

* Ұшақ сөзінде ұ дыбысы қай жерінде тұр?

* Құлпынайсөзінде ұ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

* Қарбыз сөзінде ұ дыбысы бар ма?

* Ал енді ұ дыбысы басында келетін суретті басына қойшы

 

Қорытынды.

 

Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік.

* Иә, ұ дыбысын дұрыс айтуға үйрендік. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *