Біз бақытты баламыз, шынығада аламыз
Абилаханова Ляззат Абилахановна
Мақсаты: Сап-тізбекке тұруға жаттықтыру,жай жүру, аяқтың ұшыменжүру жүгіре, дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау,қимылды белгілі тәсілмен,
нұсқау бойынша бастап, орындап аяқтауға тәрбиелеу. Төрт тағандап жүру, гимнастикалық орындықтың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
Қос аяқпен алға жылжи секіру, еденге қойылған доғаның астымен төрт тағандап алақанмен тізеге сүйеніп еңбектеуге үйрету, орында тұрып жеңіл секіру және еденге (жерге) жұмсақ қону, жаттығуды орындау сәтінде дұрыс тыныс алу дағдыларын жетілдіру. Белгіге көңіл аудару сезіне білуге дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:тышқандар мен мысықтың атрибуттары,орамал,
Сөздік жұмысы: аяз- мороз, қыс- зима, мысық- кот.
Залға музыка ырғағымен сап-тізбек бойынша кіру, жарты шеңберге тұрып сәлемдесу
Біз бақытты баламыз.
Шынығада аламыз.
Сәулетті елдің көгінде,
Шамшырақ болып жанамыз.
Жаттықтырушы:
Жаттығу бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.
«Цирктегі аттар» бірінің артынан бірі тізені жоғары көтеріп,цирктегі аттардың жүрісін бейнелей жүру, (Шеңбермен екі рет)
қол жоғаы көтеру аяқтың үшымен жүру,
қол белімізде өкшемен жүру марш екпінімен жүреміз (Шеңбермен екі рет)
Жаттықтырушы:
Музыка арқылы жылдамдатамыз музыка тоқтағанда тоқтаймыз (2,3 рет)
Жаттықтырушы:
Енді денемізді қыздырып алдық
Дамыту жаттығуы:
Орамалмен жасаймыз.
(Балалар орамалдарын алып белгіленген жапырақтарының үстіне тұра қалады)( демалу жаттығуын жасайды орамалды үрлеп2-3рет)
Жаттықтырушы:
Менің қолымда не?
Балалар: Орамал!
Жаттықтырушы: 1. Көрсетеді.
Балалар орамалды екі ұшынан ұстап жоғары көтеру (3,4 рет)
Жаттықтырушы:
Ой Балалар орамалымыз кірлеп қалыпты ғой жуып алайық қанекей,
аяғымыздың арасын ашып ,иық денгейінде тұрайық,тіземізді бүкпейміз,
еңкейіп орамалды жуу (Оңға солға серпімен жуу)
Таза ма қарайықшы, тұрып қолды көтеріп орамалға қарау оңға ,солға бұрылып(3,4 рет)
Жаттықтырушы:
Ой балалар таза емес қайталап жууТазарыппа екен .?
Осы орамалмен отырып жасырынып қалайықшы, Айара қайда екен? Шұғыла қайда екен?қайта түру.(3,4 рет)
Жаттықтырушы: отырамыз .Ой балалар күн суытып кетті, далада жаңбыр жауды орамалымызды аяғымыздың ұшына жабамыз. (жаурайды) орамалды алдына қойып Ой ыстықтап кеттік деп шалқаямыз. (3,4 рет)
Жаттықтырушы: Орнымыздан тұрып, орамалды оң қолымызбен көтеріп айналып секіреміз (Солға қайталау) (3,4 рет) Музыка ырғағымен тоқтаймыз.
Тыныс алу жаттығуы: (Алақанды иіскеу) .Қатармен денемізді тік ұстап марш екпінімен шеңбер бойлап жүру.
Жарайсындар!
Негізгі жаттығу:
Жаттықтырушы көрсетеді.
Негізгі жаттығуда тепе теңдікті сақтау, бізде кедергілер кездеседі өтуіміз керек. Аяқ ортасын жинаймыз,қолымызды белімізге қоиып, тіземізді сәл бүгіп өзімізге итермелеу арқылы құрсаулардан қос аяқпен секіріп гимнастикалық орындықтың үстіменжүргенде қолымызды екі жаққа созып , тепе-теңдік сақтап жүру. Қос аяқпен алға жылжи секіру, еденге қойылған доғаның астымен төрт тағандап алақанмен тізеге сүйеніп еңбектеу.
Бір қатарға тұру.
Жаттықтырушы:
Сендерге жаттығу үнадыма?
Қалай өттік?
доғалдың астынан төрт тағандап өттік,
ал гимнастикалық орындықтан қолымызды созып ,тепе-теңдік сақтап өттік .
Қимыл қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық»
Алма кетті домалап
Шеңбер бойын аралап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Мақсаты;Балаларды жылдамдыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны;аралары 10-15 адым қашықтықта мысық ұйықтап,
торғайлар шиқ-шиқ деп жем жеп , ұшып қонып жүреді.
Мысық мяу!!!мяу!!! деп оянғанда.
Жаттықтырушы:
ұшты-ұшты торғай ұшты дейді.мысық торғайларды қуады.
Қолға түскен бала куушылар қатарына қосылады.
Жаттықтырушы:
Ал балалар ойынымызды серуенде жалғастырамыз.
Біз қандай ойын ойнадық?«Торғай мен мысық»
Мысықтың орысшасы? Кошка!
Балалар сендерге ойын ұнады ма? Иә!
Қонақтарға сау болыңыздар!,Досвидания!
Осымен оқу қызметі аяқталды