Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

Сатыбалдиева Баян Жунисхановна

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер — бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда»,- деп,

ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi «ананың әлдиiнен» басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, » адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: «Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған  талпынып, жалт-жұлт  еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, «ол немене», «ол неге үйтедi», » бұл неге бүйтедi» деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құмары, «бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» дегенi».
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ана(Нұриланың)  атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi.  Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр»

» ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң » Аналар мектебi» еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң»деп толғанады » Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
өзгермейдi салғанша ажал құрығын.
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың «Құтты бiлiк» еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.
Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. «Ата көрген оқ жонар» деген осыдан шыққан.
Қазақ халқының » Ата – балаға сыншы» деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.
Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке» деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. «Қызға қырық үйден тыйым», » Ұлға отыз үйден тыйым» демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.
Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

Ұрпаққа қалдыратын ең маңызды мұра-тәрбие болғандықтан бұл тақырып қай кезде болмасын көкейкесті мәселелердің бірі болып қала береді. Жас буынды тәрбиелеу-қоғамымыздың жан-жақты жетілген жаңа адамын қалыптастыру бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясынан туындаған тіл мәселесі: «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың тідерінің шұбарлануынын алдын алу.Тіл қашанда тірегіміз. Сондықтан да Қазақтың мәңгілік  Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады»

Халықтық  тәлім — тәрбиенің  құндылығы мен қадір — қасиеті  де  балалардың өскен  ортасына, әлеуметтік жағдайға,  ата — ананың  тағылым -тәрбиесіне тәуелді болып отыратындығынның ірге тасы сырлы сөздермен, мағынасы кең мақал-мәтелдермен жеткізіліп отыратындығы арқылы қаланған.  Сөйтіп олар бүкіл ел-жұртқа өнегелі үлгі болып тараған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген мақалдың мәні осындай жәйттің терең мағынасы мен мазмұнын білдірсе керек. Бір сөзбен айтқанда, бала тәрбиесінің ірге тасын қалайтын туған ата — анасы мен отбасы,  ел- жұрты болғанына толық көз жеткіземіз.Қазақ халқының болмысы мен жан дүниесіне тән тағы бір қасиет — зерделілік.Бұл адамның әр-бір нәрсеге ой жүгіртіп есте сақтауы мен пайымдау қабілеттерінің шапщаңдығы.Мұндай қасиеттің адам бойында айқын көрініп тұратын белгісі ретінде халқымыздың эпостық жырлары мен ұрпаққа,ауыздаг-ауызға беріліп,әдеби және тарихи бай мұраларымызды халық жадында сақтағандығы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.