Абайла, балақай!

Амиржаева Самал Демесиновна

Мақсаты:     Жалпы   жол  белгілерімен    таныстыруды   жалғастыру,   жол

белгілерін    айыра   білу  дағдыларын    қалыптастыру.   Іс  жүзінде

қолдануға   қызығушылықтарын   арттыру,   жолда   жүру   тәртібін

сақтауға   тәрбиелеу.    Жаяу  мен   көліктің   байланыс   қатынасын

үйрету   және   сөздік   қорын   байыту.  Бағдаршам   жарық   көзіне

талдау   жасау.

Қолданылатын  көрнекіліктер:  Залда  қаланың  шағын  көшесі  және  жол

белгілері, бағдаршам, көлік  түрлері,  балабақша  макеті,  атрибуттар

 

Тәрбиеші:  Балалар,  көіңіл – күйлерің  қалай?

Балалар:  Тамаша,  жақсы

Тәрбиеші:  Балалар,   бүгін  бізде  ерекше  күн.  Біз  қазір  ғажайып  орманға

саяхатқа   барамыз.   Балалар,   олай   болса   екі – екіден  сап  түзеп,

қол  ұстасып  тұрайық. Ортамыздан  топ  басшысын сайлап  алайық.

Мына  көк  түсті  жалаушаны,  топ  басшысы   ұстап,  топты  бастап

шығады.    (осы кезде  жеңіл  әуен  ойналып, балалар  жолға  түседі)

Тәрбиеші: — Балалар,  мынау  көліктер  жүретін  үлкен жол,  ал  мынау  жаяу

жүргіншілерге  арналған  жол.  Біз  қай жолмен  жүреміз?

Балалар:   — жаяу  жргіншілерге арналған  жолмен  жүреміз.

Тәрбиеші:  Біз  қазір  қаланың  көшесімен  келе жатырмыз. Көше  қиылыста-

рының  бәрінде  бағдаршам  тұрған  екен. Бағдаршамның  көздері не

үшін  жанады?

Балалар:   Қызыл  көзін  ашқанда  тоқта  деген,

Сары   көзін  ашқанда сақтан  деген.

Жасыл көзін  ашқанда  жол  ашық  жүре  жер  деген.

Тәрбиеші: —  Жарайсыңдар  дұрыс  айтасыңдар.

— Балалар,  алдарыңда  тұрған  мына  ағаймен  амандасайық.  Бұл ағай   «Жол  полициясы» қызметкері.  Бұл ағай  көлік  оқиғаларын  болдыр-мау  үшін  жолда  жүру  тәртібін  реттеп  тұрады.

(осы  кезде   «Жол  полициясы»  қызметкерінің  ысқырығы  естіледі)

Балалар,    қараңдаршы  біреулер  жол  тәртібін  бұзған  болар, «Жол   полициясы»  қызметкері  ескерту жасады ғой  қане  қасына  барайық

(түлкі  мен  қасқыр  жол  ережесін  бұзады)

Жол  полициясы:  Сендер   жол  ережесін  бұздыңдар

Түлкі:   Мына  қасқырдың   кесірі. Мені  велигине   отырғызып  алдымыздан

машина   шыға   келгенде   рульді   бұра  алмай  құлатып   тастады.

Қасқыр:  Қалай   өтірік   айтасың,  өзің   емеспе,   «мен  күшті  тебем,  күшті

тебем» — деп  мақтанып рульге  отырған. Неге  маған  бәле жабасың? Жол  полициясы:  Жарайды   дауласпаңдар.  Сендер  жолда  жүру  ережесін

білесіңдер  ме?

Қасқыр  мен  түлкі:  Жоқ  білмейміз.

Жол  полициясы:  Көрдіңдер  ме,  жол ережесінбімегендіктеріңнен  қайғылы

оқиғаға    ұшырай    жаздадыңдар.  Балалар,  осы   жерде   түлкі   мен

қасқырдың   жасағаны   дұрыс  па?

Балалар:  Жоқ  дұрыс  емес.

Жол  полициясы: Велосепедті  жолда  тебуге  болмайды.  Велосепедті  арнау-

лы   орында,  балалар  алаңында  тебу   керек.   Балалар,  сендер  жол

ережесін  білесіңдерме?

Балалар:   Ия  білеміз

Жол  полициясы:   Ендеше   қасқыр   мен   түлкіге   үйретіңдерші,   ал  сендер

Түлкі  мен  Қасқыр  жол  ережесін үйренбей мен сендерге  велосепед-

теріңді  бермеймін.

Тәрбиеші: Түлкі,  Қасқыр сендер  ренжімеңдер. Біз  жолай  жол  ережесін  еске

түсіріп  танысамыз.  Сендерде  бізбен  бірге  жүріңдер.  Жол  ережесін

үйренгесін  велосепедтеріңді  қайтарып  береді.

Жол  полициясы:  Ал,  балалар сендер  қайда бара  жатсыңдар?

Балалар:  Біз  ғажайып  орманға  бара  жатырмыз

Жол  полициясы:  Ендеше   жолдарың   болсын,   жолда  абай  болыңдар.

Тәрбиеші:  Түлкі,  Қасқыр  сендер   абай   болыңдар,   балалардан    үйреніңдер

Міне  біз   бірінші   жол  қиылысына  жеттік.  Жолдан  өту  үшін  ненің

көмегіне  жүгінеміз?

Балалар:   Бағдаршамның

Тәрбиеші:  Балалар  бағдаршамның  қызыл  көзі  жанды

Балалар:  Қызыл  көзін  ашқанда,

Сынық  сүйем  баспа  алға.

Сары   көзін  ашқанда,

Қарап   қалма  аспанға.

Жасыл   көзін  ашқанда,

Өте   бергін,  жасқанба.

Тәрбиеші:  Жолдың  екінші  бетіне  өтелік

Балалар:   Апай   мына   жерде  белгі  тұр

Тәрбиеші:  Дұрыс   айтасыңдар  «Абайла!»  «Жануарлар!»  деген   белгі.  Егер

Жүргізушілер  байқап  жүрмесе,  жануарларды   басып   кетуі  мүмкін.

Ендеше   «Жануарлар»   деген  ескерту   белгісі  тұрмаса,  біз   орманға

жақындап  қалдық  қой. Әне қараңдаршы  қоян  мен  көжек  кетіп  бара

жатыр   (көрініс)

 Қоян:  Көшеден  өтерде  әуелі сол  жаққа,  содан  соң  оң  жаққа  қарау  керек.

Әйтпесе  машина   басып  кетеді.

Көжек:     Жоқ,   мен   оңға  да,  солға  да   қарамаймын.   Өйткені   апай   бізге

көшеден  өткенде  тура  бағдаршамға  қараңдар  деген.

Қоян:  Ақымағым – ау,  ормандағы  жолда  қандай  бағдаршам  болуы  мүмкін

Бағдаршам тек  қала  көшелерінде  болады.

Тәрбиеші:   Біз  тоқтап   көжекке   бағдаршам  жоқ  жерде  жолдан  қалай  өту

керек  енін түсіндірейік.  Көжек  сен  бері  кел.  бағдаршам   жоқ  жерде

мыныдай   белгі   салынған   жолдан   өту  керек.   Бұны   «Зебра»,  яғни

жолақты   белг і  салынған    жер – дейді.     Әуелі   жолдан   өтерде  сол

жағымызға   қараймыз.   Жолдың   ортасына  келегесін  оң   жағымызға

қараймыз.   Бұндай  белгі  бар  жерде  машиналар   жаяу  жүргіншілерге

жол  береді.

 

Қоян.  Балалар,  сендерге  рахмет.  Көжегімді  өздеріңмен  бірге  ала  кетіңдер,

жол  ережесін  үйренсін.  Жолдарың  болсын!

Тәрбиеші:  Ал  біз   әрі   қарай  кеттік  жол  қысқарту   үшін,   орман   ішіндегі

дыбыстарды    тыңдап,   айналамызға   назар   аударайық.    Қараңдаршы

орман  іші  қандай   әдемі,  түрлі – түсті   гүлдер   өскен,   құстар  сайрап

көбелектер  гүлден – гүлге  қонады.

Балалар: Апай,  қасқырмен  түлкінің  аяғы   ауырып   келе  жатыр.

(осы  кезде  Айболит  дәрігер шығады)

Тәрбиеші:   Айболит  атамыз  бәріңді  емдейді,

Адамдар  ауырса   оныда   емдейді.

Қашанда мейірімді Айболит  атамыз,

Айтыңдар  қанекей,  оған  кім келмейді.

(осы кезде  Аю  келе   жатады)

Тәрбиеші:            Ататай  қараңыз,  мына  бір  сұмдықты,

Маймаққа  не  болған  оны  кім  қынжылтты.

Айболтит:   Маймағым,  не  болды,  жасыма айтшыөзің,

Неліктен  көкпеңбек,  ісіптібас,  көзің.

Әлде  сен тышқанмен  шайқасыта  жеңіліп,

Тұрмысың намыстан  қорланып  өкіріп.

Аю:                      Айтайын   мен  сізге  жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап  қал  ататай,  жанымды  шыбындай.

Жармасып  бал  тасыр  машина  үстіне,

Домалап  түстім  де,  шыңғырдым  құлындай.

Айболит:  Ендеше  өкіріп  тұрғаның  ұят – ақ,

Тәртіпте  керек  қой,  білсемші  жан  үшін.

Аю:   Айболит  ата,  енді  ешқешен  машинаға  жармаспаймын,  жол  ережесін

бұзбаймын.

Айболит:  Ал  сендерге  не  болған

Түлкі:     Мен  өзім  жүр  едім  серуендеп,  қыдырып,

Қасқыр  ғой келді  де мақтанды  жұлынып.

Мінгізіп   алды  да айдады – ай  еліріп,

Байқамай  құладық  бір  тасқа  соғылып.

Қасқыр:         Сен  қашан  қоясың  алдауды,

Өзің  ғой мінсіз  деп  артымнан  жармасқан.

Алдаушы мен  емес  сен  едің  жүогізген,

Маған  кеп  пәлеңді жабасың жалма – жан.

Айболит: Қасқыр  мен  Түлкінің  жарасын  таңады.

Өздерің  жол  тәртібін  білмейсіңдер,

Тағыда  бір – біріңді тілдейсіңдер.

Инспектор  сынақтан  өткізбесе,

Бұдан  былай  велосепедке  мінбейсіңдер.

Түлкі  мен  Қасқыр:  Мақұл,  жарайды Айболти  ата.

Айболит:  Тәрбиеші  апай  мына менің  кішкентайдостарыма  жолда  жүру

ережесін    үйрет.  Содан  соң  сынақ  аларсың.

Аңдар:  Айболит  ата  сізге  рахмет

Тәрбиеші:  Сендер  балалармен  бірге  балабақшаға барғыларың  келеме?

Аңдар:  Ия

Тәрбиеші:  Ендеше  бізбен  бірге  жүріңдер.

Балалар:  Апай  ана  жерде  асхана бар  екен,  міне  белгісі  тұр

Тәрбиеші:   Дұрыс  айтасыңдар,  бұл  белгі  жақын  маңда  асхана  бар  дегенді

білдіреді.    Мен  сендерге   тамақтар   туралы   жұмбақ    жасырайын.

Үсті  та ,  асты  тас,

Ортасында  піскен  ас.  (нан)

Айдалада  ақ отау,

Аузы  мұрны  жоқ  отау  (Жұмыртқа)

Тәрбиеші:  Балалар,  енді   біз   балабақшаға   ораламыз.  Келген   жолымызбен

қайтайық.

Жол  полициясы:    «Бағдаршам»  ойынын  ойнатады.

Ойын арқылы  қорытынды  жасау

«Байқа  балақай» белгісі  көрінеді.

Тәрбиеші:   Бұл  «Байқа,  бұл  жермен  балалар жүреді»  деген  белгі.   Міне,

біздер  балабақшаға да  келдік.  Саяхат  ұнады  ма,  сендерге?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *