Өлкеміздің құстары

Пирмаханбетова Айжан Хусенбаевна

Мақсаты: балаларды өлкеміздің құстарымен таныстыру, құс атауларын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздік қорларын молайту, құстарға сипаттама беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өлеңдер айту, мультимедиалық технологиялар, ойындар, жапсыру, бояу.

Көрнекіліктер: өлкеміздің құстары, үкі, аққу, шағала, көгершін, кекілік, торғай, қоқиқаз, үйрек, бәбісек, жемшашар, басы үлкен, көзі бақырайған, қауырсыны жұмсақ, мамық, тұмсығы имек, қауырсыны үлпілдек,»Қызыл кітап».

 

Мұғалім: Саламатсыз ба балалар!

Балалар: Саламатсыз ба!

Мұғалім: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Мұғалім: Көктем туралы кім өлең оқып береді?

Бала:

Көктем өрнегі.

Е.Өтетілеуұлы

 

Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

 

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда

Құстар әні төгілді.

 

Мұғалім: Балалар, көктемнің  қандай белгілерін білесіңдер?

Балалар көктем туралы әңгіме құрады.

Мұғалім: Балалар бізге кім қонаққа келді, қараңдаршы (әуенмен топқа қарлығаш ұшып келеді)

Амансың ба, қарлығаш

Адал досым айнымас!

Біздер сені көргенімізге өте қуаныштымыз.

 

Қарлығаш: Саламатсыз ба балалар!Мен сендерге құр келген жоқпын, мен өзімнің достарымның суретін алып келдім.

Балалар: Саламатсыз ба!

Мұғалім: Балалар, мына суретке қарап өлкеміздің құстарының атауларын қазақ тілінде атап беріңдер.

Балалар сурет бойынша өлкеміздің құстарының атауларын қазақ тілінде атап береді.

Мұғалім: Қарлығаш, біздің балалар бір ойын біледі. Бұл ойынның аты»Дауысынан таны».

Балалар «Дауысынан таны» ойынын қызыға ойнайды, құстарды атайды.

Мұғалім: Қарлығаш, біздің балалар тек қана құстарды дауысынан тани қоймайды, өлкеміздің құстары туралы әдемі өлеңдер де біледі.

Балалар:

Үкі

Үкі маған қарады,

Көзі үлкейіп барады.

Қауырсынын үкінің,

Тақияға тағады.

 

Көгершін

Қос көгершін қонады,

Ауламды менің кең көріп.

Ауламның солар қонағы,

Сыйлаймын ылғи жем беріп.

 

Торғай

Тысқа қарап бөлмеден

Терезеден төнген ем.

Торғай қонды балконға,

Жем тістеген көлденең.

 

Бүркіт

Тұмсықтары үйілген,

Қабақтары түйілген.

Қос жанары қанталап,

Жемін көрсе шүйілген.

Шағала

Ақ қанатты шағала,

Қалықтайсың жағада.

Дамыл таппай ұшасың,

Тасқындарды құшасың.

 

Қарлығаш  балаларға алғысын айтады.

Қарлығаш: Мен өзіммен бірге бір құсты  әкелдім. Оның аты-үкі. (қарлығаш үкіні береді). Ал енді, балалар, менің достарыма кететін уақытым да келді.

Мұғалім: Тоқтай тұр, қарлығаш, біздің балалар  саған дәнді-дақылдарды дайындап қойыпты.

Бала қарлығашқа дән салынған жемшашар сыйлайды.

Қарлығаш: Рахмет, балалар, сау болыңыз! (әуенменқарлығаш ұшып кетеді )

Ойын: «Жыл құстары мен қыстап қалатын құстар».

Тәрбиеші балаларды үкімен таныстырады, үкіні сипаттауды ұсынады, сұрақтар қояды.

Балалар үкіні мұқият қарайды, ұстап көреді, қолымен сипайды, үкіні сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім: Өте жақсы, балалар, бірақ үкі сиреп бара жатқан құстарға жатады. Біздің өлкемізде жылдан-жылға азайып бара жатқан құстар да бар. Олардың барлығы қандай кітапқа енгізілген?

Бала: Олардың барлығы «Қызыл кітапқа енгізілген». «Қызыл кітапқа» сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар, өсімдіктер және құстар тіркеледі.

Мұғалім: Қазір осы «Қызыл кітапқа» енгізілген құстарды мына слайд арқылы көреміз.(слайд көруге шақырады).

Мұғалім: Көрдіңдер ме балалар, бұл құстарды қорғап, аялау керек. Құстар туралы кім мақал-мәтелдер біледі?

Балалар құстар туралы мақал-мәтелдер айтады.

Мұғалім: Балалар, біздің өлкемізде «бейбітшілік құсы»деп аталатын қандай құс жиі кездеседі?

Балалар: Көгершіндер.

Мұғалім:  Өткен сабақта көгершінді өз қолымызбен жасап бастадық. Бүгін сол жұмысымызды жалғастырамыз.

Балалар жұмысқа кіріседі, көгершіндерін ұшырып, қуанады. Ағашқа қондырады.

Тәрбиеші балаларды мақтайды.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз өлкеміздің қандай құстарымен таныстық? Қай құсты сипаттадық?

Балалардың жауабы.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Құстарды аялаңдар, оларды қорғаңдар. Сау болыңыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.