Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда жобалау, зерттеушілік технологиясын қолдану

Марат Роза

 Ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап – міндеттер қойылуда. Балабақшадағы балалардың жан – жақты, рухани бай, жоғарғы мәдениетті болып қалыптасуына музыка тәрбиесінің қосатын үлесі зор. Нәзік сезімді жас бүлдіршіндерді өнерлі, мәдениетті, білімді болып өсуіне балабақшадағы музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Музыка оқу қызметінде балалар: музыка тыңдау, ән салу, аспаптарда ойнау, би билеу тәрізді түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Балабақшадағы музыка тәрбиесі балаларды жан-жақты дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын алғашқы саты. Балалардың жеке басындағы дарындылық қасиеттерін, музыкалық ынтасын, қабілетін қалыптастыру процессі бірте-бірте жүйелі түрде жүргізіледі. Әр жастағы балаларға музыкалық білім беру, оларды жоспарлы түрде мектепке дайындау мақсатымен ұштастыра жүргізіледі.

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты – ой — өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан — жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет — қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі, ол баланың жас және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке басының толыққанды дамуы үшін дамыту ортасын жасайды. Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы әржақтылығымен және қарқындылығымен ерекшеленеді.

Музыка оқу қызметінде балалардың тыңдау, сезіну, орындаушылық, эмоциялық сезімдері қалыптасады. Қазіргі заман музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап етеді – дербес шыармашылық еңбек ете алатын, белсенді іздеуші тұлғаны, алғыр адамды тәрбиелеп шығару. Мектеп жасына дейінгі балалардың қуанышының бастауы музыкадан басталады. Музыка оқы қызметтерінде әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдану – ең маңызды мақсаттарды шешеді: балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы, музыкалық компоненінің құрылымы – балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы.

Музыка жетекшісінің алдына қойылатын талап – міндеттері:

  • Баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оның рухани өмірін байыту;
  • Музыка өнеріне деген саналы көзқарасты қалыптастыру;
  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Музыка арқылы балалардың ішкі жан дүниесін байыту.

Осындай міндеттерді орындау үшін мен жаңа бағдарлама мен технологияларды қолданамын.

Айта кететін болсам балабақшаға тиімді қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері:

1.Денсаулық сақтау технологиясы

2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3.Зайцев технологиясы

4.Әуенді кесте технологиясы

5.Дамыта оқыту технологиясы

6.Ақпараттық қатынастық технология

7.Ойын технологиясы

8.ТРИЗ технологиясы және т.б.

Осындай технологиялардың бірі «Жобалау» технологиясына ерекше тоқталғым келеді.

Мектепке дейінгі мекемеде жобалық қызметті ұйымдастыру жұмысы баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыпты толық игерту арқылы жүзеге асады және осы мақсатта әдіс – тәсілдер таңдалып алынады.

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс — әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс — жүзінде пайдалануы.

Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс — әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.

Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын — ала жоспарланған тәжірибелік іс — әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс — әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс — әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.

Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

біріккен оқу танымдық іс — әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталуы
ойын іс — әрекеті
Жобалау
ортақ мақсат
іс — әрекет тәсілдері
Қиыстырылған әдістер
балалардың шығармашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.

  1. 5 оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік

стандарттың талаптарына сай келуі керек;

  1. тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық

бөлімімен сай келуі мүмкін;

  1. мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс;
  2. жақын даму аймағында орналасуы тиіс;

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай,келісілген мәмілелерден таймауға тырысады.
Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады: 

 

1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?», «Қызғалдақ»- ұрып кететін гүл. Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.
2.Зерттеу: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады,табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер,интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады.Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдерін кеңейтіледі.
3.Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі.Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.
4.Шығармашылық жоба әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды.Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаластыру, столүстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған, суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі.Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.
5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот» Бетман сияқты жобалар құру

Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін.Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1,2 немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай, ұзақ – бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.

Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше ата-аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болуына байланысты болады.
Жобалаудың негізгі қызметі – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау. Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.
Жоба құрылымы бойынша үш кезеңге бөлінеді:

1.Дайындық.

2.Негізгі.

3.Қорытынды.
Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық.
Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.
Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).

Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.
Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр педагогтың еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.

Мен өзімнің іс тәжірибемде осы жабалау әдісін пайдаланып «Қазақтың ұлттық аспабы — Домбыра» тақырыбында үш айлық ұзақ мерзімде жоспарладым. Менің жоспарлы жұмысымның нәтижелі орындалуына «Құлыншақ» ересек тобының бүлдіршіндері мен ата – аналары қатысып, тәрбиеші Қалыбаева Венера өз үлесін қосты. Тақырыптық жоспарымды түрлі оқу қызметтерімен байланыстыра отырып, балаларға жан-жақты мәлімет беріп, маман иелерімен кездесу ұйымдастырдым. Және де өзіміздің тұрғылықты жеріміздегі «Қорқыт ата» атындағы музыка мектебіне саяхат жасап, ондағы түрлі аспапта ойнаған оқушылар мен ұстаздарды таныстыру арқылы балалардың музыкаға қызығушылығын арттырдым. Балалар музыка оқу қызметіндегі ұйымдастырылған дидактикалық ойындар арқылы Флипчарт әдісімен жұмыс жасауды игерді. Шығармашылық саласы бойынша мүсіндеу, сурет салу, жапсыру жұмыстарында домбыра аспабын бейнелеп, аспаптық құрылымдары мен оның қазақ ұлттық ой-өрнектерімен әшекейленетіні туралы білімдерін кеңейтті. Ата – аналар балаларымен бірге өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, домбыра аспабы туралы өлең шығарып, бірі ән айтып, топтық би қимылдарын билесе, енді бірі жарамсыз заттарды пайдалану арқылы домбыра макетін жасап шығарды. Осындай жобалау жоспарына ат салысып берілген тапсырманы орындау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз боп келетіндіктен олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді, іс-әрекетке еніп жұмыс жасағанды ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың жобалау  технологиясын кеңінен қолданғаны жөн деп білемін.

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» 2012 ж
2. Бала тәрбиесі – №10.2016ж

  1. Мектепке дейінгі ұйымда жобалау әдісін қолдану.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *