Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

Балабақша
Home›Балабақша›ІІ кіші топтарда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінің берілуі

ІІ кіші топтарда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінің берілуі

By admin
2 сентября, 2017
7324
0
Share:

Байзакова Арайлым Сапибиллақызы

Бала өмірінің алғашқы жылында танымдық қабілеттілігінің дамуында біршама өзгерістер болады. Бала физикалық және әлеуметтік өмірден логиканы дамытатын, дәлелдеу, бақылау дағдыларын қалыптастыратын, мәселелерді шешу жолдарына үйрететін білімдерді көптеп ала бастайды. Танымдық даму күрделі, жан-жақты процесс болғанымен, бала мектепке барғанға дейін меңгеретін белгілі білім көлеміне ұқсас болып келеді. (мысалы, түстерді және сан есімдерді білу)

Танымдық процесте бала ойлау қабілеттілігін, ақпаратты меңгеруді және қолдана білуді дамытады. Танымды дамытудың ішкі және сыртқы жолдары бар. Біріншіден, бала өз әрекеттері мен физикалық және қоғамдық өмірдегі тәжірибені түсінуі үшін өзінің табиғи ойлау қабілеттілігін қолданады. Бұл жағдайда бала жаңа концепцияларды ойлап шығады, ойша құрастырады, қоршаған ортамен өзара әрекеттес болады, оны жаңа білімдер түрінде  қарастыруға болады. Екіншіден, бала, керісінше, ақпаратты ересектерден және басқа балалардан қабылдайды. Ол білімдер отбасында, қоғамда, мәдениет арқылы меңгеріледі және басқа адамдардың көмегін қажет етеді. Білім көзін ашу мен оқып-үйренуде танымдық дағдылар мен жалпы білімдердің көмегіне сүйенетін әртүрлі жолдар бар. Мысалы, қандай да бір мәселелерді шешуді немесе қандай да  бір затты жасауды бала тіл, логикалық-математикалық талдау, кеңістіктік түсінік, музыкалық және шығармашылық істер арқылы үйренеді. Ата-аналар және тәрбиешілер үшін балаға білімді меңгертуге және қоршаған ортаны түсінуге көмектесетін түрлі әдістерді қолдану маңызды, өйткені танымды дамытатын күнделікті өмірде, кез-келген отбасында, қоғамда және мәдениетте алынған білім баланы оқытуда және тәрбиелеуде маңызды болып табылады.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Баламен бірге үстел үстінде есепшотпен ойналатын ойындарды ұйымдастыру. Балаға белгілі бір объектілерді күн сайын санап отыруға үйрету.

Баланың қолына заттар беріп, санату.

Баламен бірге үстел үстінде есепшотпен ойналатын ойындарды ұйымдастыру. Балаға белгілі бір объектілерді күн сайын санап отыруға үйрету.

Санның белгілі бір мәні бар екенін көрсету (жылдамдықты тежеу, температура)

Балаға манипуляция жасау үшін түрлі заттарды беру (кнопка, тас, қарағай, емен жаңғақтары)

Баланың қолына заттар беріп, санату.

Күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде математикалық сұрақтар қолдану (Сенің туған күніңе дейін неше күн қалды?)

Санауды цифрды қолдану.

Баланы кейбір цифрларды атауға тарту.

Мөлшеріне, түріне, басқа да белгілеріне қарамастан «бір» деген объектінің жалғыз екенін түсінуге мүмкіндік туғызу.

Заттың санын білдіретін түсінігін қолдану (қораптан үш алма алады)

Күнделікті өмірде сан мен санауды қолданады (қолын көтерген балаларды санайды)

Кей сандық белгілерді таниды, атайды.

Ойша 5-ке дейін санау.

5 объектіні өз бетінше санау.

Алдын ала айту және жорамал жасау үшін санды қолдануға мүмкіндік жасау.

Соңғы саналатын сан объектілердің толық санын білдіретінін түсінеді.

Күнделікті әрекетте ойындарда ойыншықтарды, тиындарды санауға, есептеуге мүмкіндік туғызу.

Негізгі сандармен және санау операцияларымен таныстыру (Мен Нұрланға 1 текше бердім, енді онда 2 текше болды)

Баланы өлшеу тапсырмаларын орындауға қатыстыру (ауыр зат-жеңіл зат, суға батады-батпайды.)

Күнделікті өмірде өлшеу аспаптарын және әдістерін қолдануға үйрету.

Түрлі өлшеуіштерді (алақанына сал, күрішті өлшеп сал, адымдап өлше) белсенді түрде қолдануды балаға көрсету, түсіндіру және қатыстыру.

Салмақ пен өлшемді анықтауда сөздікті жандандыру.

Түрлі өлшемдерді ойындарда қалай қолдану керектігін көрсету (жолақпен, ыдыспен өлшеу)

Өлшемді анықтау жолын көрсету (менің бойым мына шкафпен бірдей)

Затты өлшеуде объектіні атауларын қолдануды үйрету.

Балаға, өлшеу аспаптарын қолдана отырып, өлшеуді көрсету, түсіндіру және өлшеуге қатыстыру.

Өлшеу ойындарын ойнау (Не ауыр? Не жеңіл?)

Пішінді дұрыс атау үшін тиісті сөздерді қолдану.

Қоршаған ортадағы түрлі пішіндерді атау.

Ыдысты құмға немесе суға толтыра отырып, өлшеуге үйрету.

«Тағам дайындау» кезінде ингредиенттерді шамалап салуға үйрету.

Өлшемдерді атауда үйреншікті лексиканы қолдану.

Түрлі жолдармен өлшеуді үйрету: бөлменін аумағы осынша қадамдарға сәйкес.

Объектіні дұрыс бағалауға көмектесу.

Балаға екі өлшемді пішіндердің түрлерін анықтауға және салыстыруға мүкіндік беру (шеңбер, үшбұрыш)

Заттардың пішінін салыстыруға және суреттеуге бағытталған ойындарды ойнау.

Пішіндерге түсінік беруде көрнекі материалды қолдану.

Бейнелер мен объектілерді құрастыруға мүмкіндік беру.

Балалардың пішіндерді құрастыруы, жасау және суретін салуы.

Табиғаттағы геометриялық пішіндерге нобайы келетін заттардың (бұлт, т.б.заттар) геометриялық пішіндермен ара қатынасын белгілеуг мүмкіндік беру.

Заттарды кішіден үлкенге қарай ретімен орналастыруды көрсету.

Пішіннің бір немесе екі бөлігін алып, екіге бүктеу, не жанына қою арқылы жаңа пішіннің қалай пайда болатынын көрсету (2 үшбұрыш пішінін алып, тіктөртбұрыш жасау)

Заттарды пішіндері бойынша салыстыруға және суреттеуге арналған ойындарға тарту.

Пішіндерге түсініктеме беруде көрнекі құралды қолдануға жағдай жасау.

Заттың пішінін, мөлшерін, орналасқан жерін атауда сөздерді қолдану.

Ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында заттардың кеңістіктікте орналасуы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Танымдық қызығушылық бала бойында ізденушілік, қызығушылық, байқампаздық, еліктеушілік сияқты қасиеттерді оятады. Ал қызығушылық баланы-ұстап көруге, тәжірибе жасауға жетелейді. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін әр жас ерекшелігіне бөліп қарастыратын болсақ, баланың әр жас ерекшелігіне сай білуге, үйренуге деген қызығушылығы әрқалай болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар айналадағы заттар мен құбылыстардың ең қарапайым түрін білуге, үйренуге сұраныс жасайды. Яғни, заттың атауын, оның не үшін қажеттігін, қала берді қасиеттерін анықтауға тырысады. Мысалы, мынау не? Бұл-доп. Ол ойнау үшін керек, резеңкеден жасалған, домалақ домалайды-деген сияқты қарапайым түсініктен әрі аспайды. Ал ересек жасқа аяқ басқанда баланың білуге тануға деген құштарлығы өзгеше бола бастайды. Бала сырттай бақылап қана қоймай, өздігінен әрекет етуге тырысады.

Қорыта айтқанда, Абай атамыздың 7-қара сөзінде айтылғандай «Адам дүниеге келгенде, екі түрлі мінезбен туады». Оның бірі: ішсем, жесем, ұйықтасам, бұл-тән құмарлығы. Яғни, бұл кіші жастағы балада болатын құбылыс. Ал бала өсе келе екінші – мінез қалыптаады. Ол «көрсем, үйренсем, білсем» — деген жан құмарлығы. Осы құмарлықты жүзеге асыру бүгінгі таңда әр педагогтың басты міндеті.

Previous Article

Менің отбасым

Next Article

«Жуан-жіңішке», «Қалың-жұқа»

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Курочка и цыплята

    27 января, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

    11 марта, 2018
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІТехнологиялық карта

    Alice-тің туған күні

    22 апреля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (20-22- желтоқсан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

    8 января, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Б дыбысы мен әрпі

    4 февраля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Нүкте.Түзу.Сызық.

    25 декабря, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    «Шығармашылық» білім беру саласы «Сурет салу» «Марғау»

  • Балабақша

    Жемістер

  • Сабақ жоспары

    Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика