Л дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру

Ибатуллина Толганай Ибатуллаевна

Сабақтың тақырыбы: «Л дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру»

Сабақтың мақсаты: Л дыбысын басқа буын, сөз ішінде дұрыс үйрету. Л дыбысының артикуляциясын дұрыс айтуын қадағалау. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: Л дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жатығулар, слайд, түрлі суреттер жеке айна.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ. Бізге келген қонақтармен амандасайық. Балалар өздеріміздің аттарымызды тіл ширату арқылы таныстырайық.

Ға-ға-ға – менің  атым Дариға

Ан-ан-ан – мені ң атым Тамерлан

Ас-ас-ас – менің  атым Мирас

На-на-на – менің  атым Мадина

Ре-ре-ре – менің  атым Айзере

Ан-ан-ан – менің  атым Нұрсұлтан

ІІ. Негізгі бөлім.

  • Балалар бұл ненің дауысы?
  • Кеменің
  • Кеме қалай дыбысталып тұр?
  • Л-Л-Л-Л деп дыбысталып тұр.

ІІІ. Мимикалық жаттығу. Массаж жасау.

а) Маңдайды сипау (маңдайдың ортасынан құлаққа қарай сипалау)

б) Мұрынды сипалау (саусақпен екі жанын дірілдетіп сипалау)

в) Бетті сипалау ( мұрынның екі жағынан ауызға қарай сипалау)

  1. Артикуляциялық жаттығу.

а) тіс тазалау

б) ат шауып келеді

в) алтыбақан

ІV. Жаңа сабақ

1.Л дыбысын машықтандыру

Ла-ла-ла                      Ал-ал-ал

Ло- ло-ло                  Ол-ол-ол

Лу-лу-лу                   Ұл-ұл-ұл

Ле-ле-ле                    Ел-ел-ел

2.Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу.

А-а-а-а               О-о-о-о       У-у-у-у           И-и-и-и

Балалар енді осыған Л дыбысын қосып машықтандырайық

Ла-ла-ла-ла      Ло-ло-ло-ло     Лу-лу-лу-лу        Ли-ли-ли-ли

3.Саусақ жаттығуы

Орманда бір үй бар

Есігінде құлып бар

Айтыңдаршы балалар

Есікті кім ашалар

Тук тук соғамыз

Есікті біз ашамыз

4.Сергіту жаттығу.

Ла-ла-ла – ұшып кетті шағала

Ал-ал-ал – Алма жинап сал

Лу-лу-лу – жорғалайды  ұлу

Ле-ле-ле – музыкамен биле

Ел-ел-ел соғып тұр жел

5.Тақтамен жұмыс

Сөздерді анық айту. Суреттің атын атау.

Гүл, балық, шелек, жылан, жолбарыс, піл, түлкі, лимон, ілгіш, көбелек, көйлек, балапан.

6.Жаңылтпаш айтып жаңылмайық.

Бұлбұл емес

Піл бұл

Пілді деме,

Бұлбұл.

  1. Ертегі «Көңілді тіл»
  2. V. Ойын «Мен бастаймын сен аяқта»

VІ. Қорытынды

VIІ. Мадақтау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.