Күн барлық тіршілік көзі
Қайырсалихова Баян Сахипуллаевна
II санатты тәрбиеші
Тобы: Ортаңғы топ.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Күн барлық тіршілік көзі».
Мақсаты:
1.Білімділігі:Балаларға адам денсаулығына күннің тигізетін пайдасы мен зиянын айтып түсіндіру.
2.Дамытушылығы:Күн туралы мағлұматты жаңа технология арқылы,балалардың ой өрісін дамыту.
3.Тәрбиелігі:Табиғат құбылысын қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
1.Шаттық-шеңбер.
2.Сұрақ-жауап
3.Жұмбақ(мнемокесте арқылы)
- Тосын сәт: «Күннің келуі»
- Ойын»Күн шуағы»
- Күн туралы бейне ролик.
7.Балалардың тақпақтары.
- Қорытынды.
Көрнекілігі:Слаид,суреттер,итерактивті тақта.
Билингвизм:Күн-солнце,табиғат-природа.
Мотивациялық-қозғаушылық: Күлімде,күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіде бүгін де
Қанат қақсын көгершін,
Күлімде күн,күлімде,
Жайнай түсті күнім де.
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ-жұрқ еткен түнімде.
Ұйымдастыру-іздестіру:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемнің неше айы бар?
-Айларын атайықшы?
-Балалар табиғат-айналамыздағы қоршаған
бүкіл әлем, ал адамдар өмірдегі керемет
жаратылыс.
Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар
сыйлайды.
-Балалар табиғаттың адам денсаулығына қажетті
Байлығын еске түсірейікші,ол үшін мен сендерге Жұмбақ жасырайын:
Алтын сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)
Бұл не?
-Тосын сәт:Күн келеді.
-Салематсыздар ма! Балалар,мені таныдыңдар ма?
-Мен сендерге өзімнің күн шуағымды ала келдім,менің жылуыммен
жылынып,сендерге ойын алып келдім,ойнайсыңдар ма?
Д/ойын: «Күн шуағы»
Ойын шарты: балалар тақтаға шақырылып, «Күн не үшін керек»? – дегенде балалар күн шуағының айналасына үстел үстінде жатқан суреттерді іріктеп алып, қояды. (адам, жәндіктер, өсімдіктер, жан-жануарларт.б.)
-Балалар қызығушылықпен ойнайды.
-Бейне ролик жіберіледі күн туралы.
-Күн әлемге жарық қызу беріп тұратын жұлдыз.
Күн –сары болып көрінгенмен шындығында күннің түсі ақ екен. Ол орасан зор энергия бөліп шығарады.Ғалымдар күн батареясын ойлап тапқан, бұл арқылы үйді жылытып, электр тоғын алуға болатынындәлелдеген.Күннің жарығы көрінбейтін және көрінетін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуағына –ультра күлгін шуағы жатады. Міне солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды-Д дәрумені бар.Егерде күн шуағын дұрыс пайдаланбасақ, зияны да болады.Мысалы: күн тимеу үшін басымызға бас киім киіп жүру керек, күн тиген жағдайда теріге арналған май бар екен.
-Балалар күннің пайдасы да зияны бар екен.
-Ендеше балалар күнге арналған тақпағымызды айтайық.
- Сезім:
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріңе!
Бала жанын ұғамын!
2.Ақнұр:
Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада
Шомылады көлге де
Шуақ шашып қайда да.
3.Мөлдір:
Күн аспан ғой,
Күннің қашаннан ақ тұрағы
Кейде сол күн Айгүлдің
Көзіндеде тұрады.
Рефлексивті –түзетушілік:
Қорытындылау: Балалар бүгін біз не туралы айттық?
-Күн бізге не үшін керек?
-Бізге кім қонаққа келді?
-Балалар сұраққа жауап береді.