Ойыншықтар дүкені
Бейспаева Жанар Нурадиновна
Мақсаты:Бүлдіршіндердің ойыншықтары туралы түсінігін кеңейту,оларды атай отырып сипаттай білуге үйрету.Ой-өрісін тіл байлығын дамыту.Дыбыстарды анық айтуға үйрету. Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу,балаларды еңбекке,сыпайылыққа,ізгілікке баулу.
Көрнекі құралдары:Ойыншықтар,суреттер,дүкен.
Барысы:
-Балалар,бүгін біздің тіл дамыту оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті,кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де,кішіге де
Сәлем бердік сіздерге.
Жұмбақ жасыру:
Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
(Қуыршақ)
Ғажайып сәт:Тобымызға қуыршақ Әйгерім қонаққа келді.
-Балалар,бұл не?
Қуыршақтар туралы өлең жаттап едік қой,соны айтайық:
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау,қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ бұйырсақ.
Қуыршақ неге жатады (Ойыншыққа)
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап»
Ойын мақсаты:Ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты:Тағылған ойыншықты тауып,атын атап,түсін,үлкен кішілігін ажырату.
Дыбыстық жұмыс:
Қуыршақтың тісі ауырып тұр,қалай жылайды (і-і-і-і-і-і-і-і-і-і-і)
Түлкі ет жеп жатып, тамағына сүйек тұрып қалыпты (қ-қ-қ-қ-қ-қ-қ-қ)
Аю бал жеймін деп,араның ұясына кезігіпті.Ара қалай ызылдайды?(з-з-з-з-з)
Қыста балмұздак жеп,тамағымыз ауырып қалды тамағымызды қалай шаямыз?(ғ-ғ-ғ-ғ-ғ-ғ)
Балалар,ойыншықтар дүкеніне бару үшін біз мына жол кедергілерден өтуіміз керек.Су ағынан өту,сандарды басып санау арқылы судан өтіп,ойыншықтар дүкеніне жетеміз.
Қызықтыру сәті:(Дүкенші келеді әндетіп)
Дүкенші:Сәлеметсіңдерме балалар!
Ашылды дүкен,мұнда бәрің қараңдар!
Бар қызықты тамашалап,назар салыңдар!
Көжек,мысық,күшікте
Тышқан отыр бұрышта
Сендер жақсы көретін
Ойыншықтардың бәрі осында.
Дүкенші:Балалар қараңдаршы,менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп,сендерге ұнады ма?Бұл жәй дүкеннен емес,ойыншықтары да ерекше.Ойыншықтармен ойнап олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.
Шұғыла:Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Ойыншықтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз!
Сәлем,сәлем,
Сұңғат:Досым маған ойыешық
Машинасын сыйлады
Бірақ оның ішінде,
Саусағымда сыймайды.
Ерназ:Машина,машина келеді,
Бізге белгі береді
Бип-бип-бип.
Дүкенші:Тақпақтарың әдемі,ал енді жұмбақ жасырам.
Пеш түбінде құмған
Екі көзін жұмған (Мысық)
Мысық қандай жануар?
Гүлназ:Тікірейген екі құлағы бар.Жүні жұп-жұмсақ мамықтай,ет жейді сүт ішеді,тышқан аулайды.
Мысығым менің әдемі
Жүні үлп-үлп етеді.
Қызғалдақ:Аю әдемі,жүні жұп-жұмсақ,көзі қап-қара.Оның төрт аяғы,екі құлағы бар.
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
“А”дейді, “Б”дейді, “Р”-ға тілі келмейді,
Ұйықтап қапты партада,
Бұл недеген масқара.
Дидактикалық ойын:Орнында не жоқ?
Мақсаты:Есте сақтау,ойлау қабілетін жаттықтыру.Атын атап,тақпақ айту сиқырлы сөздік қорын молайту.
Ақзере:Мынау сиыр,үй жануары,жем,шөп,су ішеді.Біге сиыр сүт,ет береді.
Мө-мө-мө дейді.
Бұзауын іздейді.
Нұрәлі:Бұл қоян,құлағы ұзын,екеу,құйрығы қысқа.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Дүкенші:Тиін көңілсіз отыр ол неге көңілсіз екен?Жаңғақ жегісі кеп отыр екен,ендеше сыйлық жасайық.
“Кеме” сызбасына Тиын—-Жаңғақ
Үстіне суреттер жапсыру Қоян—-Сәбіз
бір-біріне қосу:Аю—-Бал
Қиынды қағаздардан,аңдардың жақсы көретін тағамдарын құрастыру.Түсіне пішініне қарау.
Қортындылау:Бізге қонаққа кім келді?Дүкеншінің ойыншықтары сендерге ұнадыма?Қандай ойыншықтар ойнадық?
Дүкенші:Біздің ойыншықтарымыз қатты қуанып қалды.Аңдардың жақсы көретін тағамдарын қағаздан құрастырдыңдар.Рахмет сендерге балалар.Дүкенші балаларға сыйлықтарын таратып берді.