Тіл — ел тірегі

Тулеуова Айжан Жексенбаевна

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

-Жаз,күз көктем,қыс

— Қазір жылдың қай мезгілі.
— Қазір жылдың күз мезгілі.
— Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
— Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.

Балалар біздер қай елде тұрамыз?

-Біздің елбасымыздың аты кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.
— Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Нұрислам:Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте

Алибек: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым

Дина: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Мұрагер: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Толғанай: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді

Саяра: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Айзере
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
-Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.

Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Жансая: Өнер алды қызыл-тіл.
Айша: Тіл қылыштан өткір.
Ақсана: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Қарлығаш: Басқа пәле тілден.

Балалар осы айтқан мақал-мәтелдеріңді естеіңнен шығармай үнемі жаттап жүріңдер.Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз  өз мәресіне жетті.Оқу қызметіне жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы оқу қыхметін қорытындылау.
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі
: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын

Вам может также понравиться...

1 комментарий

Добавить комментарий для эльмира Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.