Үй жануарлары. Төрт түлік

Нуржанова Гулжамал Жұманқызы

Білім беру саласы:Комуникация «Әлеуметтік орта»«Шығармашылық»

Бөлімі:     Қоршаған ортамен таныстыру,көркем әдебиет, жапсыру.

 Тақырыбы: Үй жануарлары, Төрт түлік.

 Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту, үй жануарларының  төлдерін атай білуге үйретуді жалғастыру; үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік бере отырып білімдерін толықтыру; Есте сақтау қабілеттерін дамыту; Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қаруға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, сурет пен слайд көрсету, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, тыйым сөздер, дидактикалық ойын.

 

Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, слайд

Билингвалдық компонент: Сиыр-корова, Түйе-верблюд, қой-баран,жылқы-лошадь, ешкі-коза

 

Мотивациялық қозғаушы күші

Тәрбиеші: Балалар қане шаттық шеңберіне тұрайықшы

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төріме міне,еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал,қанекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгіліндегі айларды атау

-Қыс мезгілінде күн қандай болады,не жауады?

Өте жақсы балалар, Жарайсыңдар!

 

Балалар бүгін бізде ерекше күн ашық! Оқу іс-қызметінде үй жануарлар туралы айтамыз.

Осы үй жануарлары қайда тіршілік етеді?-Ауылда

Ал біздер қайда тұрамыз? – Қалада

Ал,сендер ауылға барғыларың келе ме?- Иә

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі.

Жолда көңілді болу үшін қошақан әнін айтамыз. Міне, балалар ауылға да келдік. Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Үй жануарлары туралы түсінік айту, Балалар сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Балалар: Ботақаным, қозым,құлыным, лағым, қошақаным

Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен. Қандай тамаша!

Осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі. Түйенің баласы бота, сиырдың баласы бұзау, қойдың баласы қошақан, қозы, ешкінің баласы лақ, жылқының баласы құлыншақ. Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, жүндерінен киім киеміз. Сиыр, қойдың сүтінен май, құрт,айран,ірімшік жасайды. Адамдар оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп береді, суын, жемін береді, сауады. Көптеген күтім жасайды. Төрт түлік мал туралы көптеген өлең, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер шығарған.

 

Слайд көрсету. Үй жануарлары қалай дыбыстайды.

Осы кезде  залға Шопан ата кіреді. Балалармен амандасады.

Бұл қай жер екен?- Балабақша

Қандай балабақша?- балалардың жауабы

Мен боранда адасып кеткен төлдерімді іздеп жүрген едім. Тауып берсеңдер сендерге сыйлығым бар!

Келіп қалған екенсіз ата төрлетіңіз!

Бүгін оқу ұйымдастырылған іс-әрекетінде  үй жануарлары туралы айтып жатыр едік. Сізге біздің балалар жұмбақтар мен тақпақтар, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айтып береді.

 

Сергіту сәті.

Шопан ата: Жарайсыңдар балалар көңілім көтеріліп қалды.

 

Ойын: «Артығын тап»

Ата сізге біздің балалар қозыларыңызды тауып береді.

Балалар қозыларды жабыстырады.

Ата: Рахмет, балаларым енді мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін! Мұны ауылдан әжелерің беріп жіберді.  Сау болыңдар.

 

Рефлекция

 

Қорытынды: Балалар сендер үй жануарлары туралы қандай қызықты мәліметтер алдыңдар? Төрт түлік малдарының атауын атап беріңдерші? Олардың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлары туралы түсінік. Олардың қасиеттері мен дыбыстарын ажыратады.

Игереді: Қай жануар қандай пайдалы өнім өндіретінін түсінеді.

Меңгереді: Үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.

Жануарларды даусынан ажыратады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *