Үй жануарлары және олардың төлдері

Қожамжарова Сауле Маликовна

Білім саласы: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары және олардың төлдері»

Сабақтың мақсаты:

Балаларға үй жануарлары мен төлдерін айыра білуге үйрету. Үй жануарларын танып білу арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Үй  жануарларына деген махаббаттарын оятып, оларға қамқор болуды үйрету.

Көрнекілігі:

  1. Үлкен ойыншық машина – жүк көлігі.
  2. Ойыншықтар – сиыр, ат, мысық, ит.
  3. Үй жануарлары туралы сурет.
  4. Үй жануарлары және олардың төлдері (сурет).

Сабақтың әдісі:

І- бөлім.

Есік қағылады. Тәрбиеші: «Балалар есікті біреу қағып тұр» —  көрейік.

Тәрбиеші сыртқы есікті ашып көреді. Сәлден соң топқа ойыншық көлік машинасын көтеріп кіреді. Ішінде ойыншық сиыр, ат, мысық, ит.

  • Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келді? (балалар бәрі бірге жауап береді). Бұлар үй жануарлары.

ІІ- бөлім. «Үй жануарлары»

Тәрбиеші балаларға өздеріне таныс үй жануарлары бейнеленген суретті көрсетеді (ат, сиыр, мысық, ит) және сұрақ қояды.

  • Мына суретте қандай жануарлар бейнеленген?

(балалар жануарларды танып біліп, сұраұтарға жауап береді)

Содан соң тәрбиеші үлкен және кіші жануарлардың  өмірлерін әңгімелеп береді, оларды адамдардың отбасыларымен салыстыра айтады.

Кім баласын қатты жақсы көреді?

Кім баласын сылап-сипап айналады?

Кім баласын оттан, судан, желден қорғайды?

Ұрсып алып, содан соң кешіреді?

Үстіне көрпесін жауып, сүтін беріп, ертегісін айтып береді?

Айналайын құлыным – деп сүиеді?

Әрине сендер білесіңдер бұл сендердің аналарың?

Ал енді басқа жануарлар да күшік пен бұзау да, бота мен лақта аналары бар ма екен?

Міне біз қазір сендермен сол жөнінде сөйлесеміз.

ІІІ – бөлім. Үй жануарлары және олардың төлдері.

Тәрбиеші біртіндеп әр жануардың суретін көрсетеді. Сиыр және оның төлі бұзау, ешкі мен лақ, қой мен қозыны.

  • Мына суретте қандай жануарлар бейнеленген? (балалар жауап береді)
  • Ия дұрыс айтасыңдар, бұл сиыр және оның төлі – бұзау. Бұл кім екен? Қайталаңдаршы. Дұрыс .

Балалардың назарын сиырға аударады. Сиыр үлкен, ал бұзау кішкентай. Сиыр қатты мөңірейді, оның мүйізі үлкен, ал бұзау жәй мөңірейді, мүйізі жоқ.

Ат пен құлыншақ және мысық пен мәулен бейнеленген суреттерді көрсетеді. Балалар әр түрлі үй жануарларының дауыстарын салып мәз – мейрам болады.

ІҮ бөлім.

Сергіту жаттығулары: «Жайлауда қандай жануарлар жайылып жүр?»

Балалар бубеннің дауысымен бірінің соңынан бірі жүгіріп жүр, бубен тоқтап қалды, балаларда тоқтай қалды, тәрбиешінің «ешкі»  деген сөзінен (балалар ешкіге ұқсап бастарын еңкейтіп, жан – жаққа шайқап мә-ә, мә-ә) деп айтады, ешкіні салады т.б. ат, сиыр салады.

Ү-бөлім.

Үлкен және кіші.

Тәрбиеші балаларға  үлкен жануарлардың өз төлдерін қалай жақсы көріп тілмен жалап, оларды қамқор болып жүретінін түсіндіреді.

ҮІ-бөлім.

Дидактикалық ойын.

«Жануарлардың төлін тауып бер»

Тәрбиеші балаларға қонаққа келген  машинадағы жануарларға назар аударады . Мынадай әңгіме айтып береді.

Бір баяғыда бұзау, күшік, құлыншақ және лақ қораларынан шығып қашып кетеді де адасып қалады. Ал олардың аналары төлдерін іздеуге машинаға мініп шығады

Міне балалар үйден қашып кетуге болмайды.

Енді біз жануарларға төлдерін табуға көмектесейік.

Тәрбиеші бір баланы шақырып:

  • Алдиярбек мына аттың құлыншағын тауып берші – дейді.Алдиярбек құлыншақты әкеп машинаға салады.

Тәрбиеші басқа да балаларға сондай тапсырма береді. Барлық жануарлар өз төлдерімен қораларына келген машиналарымен кері қайтады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *