Не білдік? Не үйрендік?

Бектурлиева Айжан Сэрсенбаевна

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: жылды қорытындылау

Тақырыбы: Не білдік? Не үйрендік?

Мақсаты:

Білімділігі:Үй жануарларымен таныстыру.

Дамытушылығы: Байланыстыра сөйлеуді дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелігі: Үй жануарларына деген сүйіспеншілігін ояту тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Үйжануарлары және жыл мезгілдерінің суреті.

Шаттық  шеңбері:

Қайырлы таң, көк аспан

Қайырлы таң, жер ана .

Қайырлы таң апайлар.

Қайырлы таң достар.

Сәлематсыздарма!

 

 

Жарайсыңдар балалар. Бір жылда неше мезгіл бар? Дұрыс айтасыңдар, қане жыл мезгілдерін бірге қайталайық. Көктем, жаз, күз, қыс.

Қане балалар кім бізге көктем туралы тақпақ айтып береді.

Көктем келді, Наурыз келді.

Жер көгерді ел көгерді.

Дастарханын жайып дархан.

Жақсылық пен бақыт тапқан.

Балалар сендер ойнағанды ұнатасыңдарма? Олай болса «Бұл не?» деген ойын ойнайық.

Ойын шарттары: Үй жануарларын атаймыз және олардың төлдерін табайық.

Түйе –бота

Қой  — қозы

Жылқы – құлын

Сиыр – бұзау.

 

 

 

 

Ендеше,балалар санамақ ойынын ойнайық.

Бас бармағым-атам

Балаң үйрек-әжем

Ортан терек-әкем

Шылдыр шүмек-анам

Кішкене бөбек-мен

Біз үйде нешеуміз? Біз үйде бесеуміз.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйсаңыз өседі.

Жарайсыңдар,балалар!Орнымызға отырайық.

 

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы пішіндер»

 

 

 

 

 

Ойын шарты: Ұқсас пішіндерді бірге жинау.

Қорытынды бөлім: Балалар бүгін біздер жыл мезгілдері және үй жануарларымен олардың төлдерімен таныстық.Бүгінгі оқу-қызметімізді әнұранмен қорытындылаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Үй жануарлары туралы ұғымдарды.

Нені игерді: Үй жануарларының дыбыстауы олардың төлдері туралы игерді.

Нені меңгерді: Үй жануарларының тіршілігі.оның пайдасы оларға қамқорлық жасауды меңгерді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *