Алтын балық
Досджанова Балияш Тулегбердиевна
Бөлімі: Коммуникация
Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Алтын балық.
Мақсаты:Қоршаған ортамен таныстыра отырып,балықтар туралы түсінік беру.Ертегіні тыңдау арқылы бірнеше бөліктен тұратын заттарды геометриялық пішіндерді құрастыру арқылы,ұсақ саусақ моторикасын дамыту.Балаларды қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:слайд,алтын балық суреті.
Сөздік жұмыс:балдыр,жүзу,алтын балық.
Блингвальды компонент:су-вода,алтын балық-золотая рыба.
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрек жылуын салайық.
Осы жақсы лебізлдерді бір-бірімізге сыйлайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Бүгін біз кіріктірілген,оқу қызметінде Алтын балық ертегісі туралы әңгімелейміз.
Жұмбақ.
Суда өседі,өнеді,
Сыртқа шықса өледі.Бұл не?
-Балық.
-Балалар,сендер балық туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар,тілегімізді орындайтын Алтын балық ертегісінен үзінді көрейік.
-Балалар,қандай ертегі көрдіңдер?
-Алтын балық.
-Алтынбалық шалдың тілегін орындады ма?
-Ия.
-Ал балалар балықтардың қандай ерекшеліктерін,немен қоректенетінін білесіңдер ме?
-Өсімдіктермен,балдырмен құрттармен қоректенеді.
-Балалар,балықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1-2 бала тақпақ айтады.
Ғажайып сәт.
Топқа теңіз патшасы кіреді.
-Сәлеметсіңдерме,балалар?Мен теңіз патшасымын.Сендер менің байлығым туралы білесіңдер ме?
Сендер алтын балықты көргілерің келіп тұрған шығар?
Қанекей,сиқыр жасап көрейікші!
Алтын балық келеді.
-Балалар,балық сусыз өмір сүре алмайды.Алтын балығымызды теңіз патшасымен бірге теңізге жіберейік.
Ал,балалар теңіз патшасымен қоштасайық.
-Сау болыңыз!
Балаларға бірнеше бөліктерден тұратын геометриялық пішіндер арқылы алтын балықты құрастыру.
Сергіту сәті.
Тұп тұнық мөлдір суда,
Балық жүзіп жүр екен.
Біресе керіледі,біресе жиырылады.
Біресе құмға тығылады,біресе жүзеді.
Ойын; Балық аулау
Шарты:ыдыстағы балықтарды аулау және оның тазалығына қамқор болу.
Қорытынды:
-Балалар,бүгін біз не білдік?Не үйрендік?
-Қандай балықтың суретін бейнеледік?
-Үнемі балықтарға қамқорлық жасап жүруіміз керек.
Балаларды мақтап,мадақтау.