Төлдер айтысы /Шығармашылық сөйлеуді дамыту/
Кызылова Жанат Сансызбайқызы
Білім беру саласы: Коммуникация
Тобы:2-ші кіші топ
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Төлдер айтысы /Шығармашылық сөйлеуді дамыту/
Мақсаты:
- Сөзді тыңдап және оны түсіну,әңгімеге араласып,өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруді үйрету.
- Балаларға таныс әдеби шығармалармен,ертегілердің үзінділерін драмалауға үйрету.
- Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қажетті құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: үй жануарлары төлдерінің суреттері,таспаға жазылған көңілді ән,қуыршақ театрына саяхат.
Билингвалды компонент: бұзау –теленок ,лақ – козленок, құлын – конь
Ашық ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері
– Балалар, бүгін біз шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Қандайжақсыбіртұру,
Достармененбіржүру!
«Малдың баласын сүюі» туралы өлең
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
Суретпен жұмыс. Тақтадағы үй жануарларының / бұзау,құлын, лақ , қозы,бота / суреттеріне балалардың назарын аудару.
Бейнежазба арқылы үй жануарларының атын атау ,дауысын салу.
Үй жануарлары туралы тақпақтар, мақал- мәтелдер.
- Малды баға біл,бабын таба біл.
- Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір.
- Түлік төлден өседі.
Дидактикалық ойын : «Төлін тап ойыны»
Мақсаты: Үй жануарларының төлдерін табу .
Саусақ ойыны:
Сүт бердім ботаға,
Шөп бердім бұзауға
Дән бердім шөжеге,
Су бердім құлынға.
Ғажайып сәт:
Тәрбиеші Әдемі ,үлкен суретке балалардың / лақ,құлын,бұзау , қозы,бота өзара әңгімелесіп отыр/ назарын аударады.
- Балалар,төлдердің не туралы әңгімелесіп отырғанын білгілерің келе ме?
- Иә.
- Бүгін бізге осы төлдер қонаққа келіпті, ендеше «төлдердің айтысы» ертегісін тыңдайық.
Қуыршақ театрында Ертегі қойылады.
Тәрбиеші балаларды қуыршақ театрына шақырып,төлдердің әндерін айтқызып, ойыншықтармен қимыл әрекеттерін жасатады.
Балаларға сүт,қаймақ,айран т,с,с сүт тағамдарын ұсынады.
Тәрбиеші балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.