Әлди, әлди бөпешім

Ілес Асель Қонысбайқызы

Мақсаты: а) білімділік: балаларды қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі бесікке салумен таныстыру.Бесік жабдықтарын, дене мүшелері, тазалық құралдарын қазақша айта бәлуге үйрету.

ә) дамытушылығы: «Бесік жыры» туралы түсінік беру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына, ойлау, есте сақтау қабылдау қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Әжеге, анаға, бөпелеріне деген сүйіспеншілік сезімін сезінуге, үлкендә сыйлауға, кішіге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бесіктің жабдықтары, ойынға керекті құралдар, қуыршақ, тазалық құралдары, сандықша, домбыра.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, қайталау, ойнату, тақпақ айту.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбеі: Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Деніміз сау болсын!

Отбасымыз аман болсын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін әже кішкентай немересін бесікке салғалы жатыр, қонаққа барайық.

-Сәлематсызба әже!

-Сәлеметсіздер ме, ботақандарым, төрлетіңдер, қош келдіңдер.

Әже:

Балалар, келіңдер мына бесіктің қасына жақындап отырыңдар. Мынау бесік. Мен сендерге бөпені бесікке қалай  бөлеу керек екендігін түсіндірейін.Сендер мұқият қарап отырыңдар. Ең алдымен бесіктің бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз.Ал мынау үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі, бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ жағынан осы белбеумен байлап қояды. Енді кішкентай бөпемізді бесіктен алып, шомылдырайық.

-Балалар, айтыңдаршы шомылдыру үшін алдымен не керек?

-Су керек.

-Ал бала шомылдыратын су қандай болу керек?

-Жылы болу керек.

-Бала таза болу үшін тағы не керек?

-Сабын керек.

Ал бәрі дайын, бөпемізді әкеліңіз. Балалар мен кішкентай бөпемізді шомылдырайын. Сендер маған көмектесіп, әрі дене мүшелерін атап отырыңдар. Жақсы, баламызды шомылдырып болдық. Енді денесін, қол аяғын майлап, біріміз бірге:

Өс-өс балам, өс-балам

Сұлу боп өс сымбатты,

Саусағыңды жазайын,

Аяғыңды созайын. Өс-өс деп бөпенің денесін ширатайық.

Баламызды шомылдырып дайындадық, енді анасы тамақтандырғанша келіңдер, мен сендерге бесікті қалай аластау керек екендігін көрсетейін.

Алас-алас.

Пәле жаладан қалас.

Тіл көзден сақта

Барлық жамандық осы отпен кетсін

-Балалар айтыңдаршы мынау қандай заттар?

-Мынау тарақ, айна.

Иә, бұл айна, тарақты кішкентай бойжеткенімізді әдемі болсын деп, ал мынау пышақты шошымас үшін саламыз.

Ал баламызды алып, бесікке бөлейік. Ал енді баланың ұйқысы тәтті болсын деп: «Бесік жыры» айтайық.

Бесік жыры:

Әлди-әлди ақ бөпем.

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем жылама,

Жәләк шағып берейін.

Әлди-әлди бөпешім.

Ұйықтай қойшы көкешім.

Тербетейін жата ғой.

Тәтті ұйқыға бата ғой.

 

Бөпеміз ұйықтасын. Ал сендер кішкентай бөпеге арнап тілектеріңді , тақпақтарыңды айтыңдаршы.

1.Өседі балапан

Өседі ботақан

Қуантып анасын.

Өседі балақан.

  1. Бала, бала баламыз.

Бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

3.Кұндей болып күлеміз.

Гүлдей болып өсеміз,

Үлкендерді қуантып.

Жылдам өсіп келеміз.

  1. Алақай, алақай.

Қуанды балақай,

Анасын қуантып

Өседі балақай.

  1. Ең жақсы сөз-ана.

Ең жаөсы сөз-бала.

Әже: Өркендерің өссін балапандарым!

Тәрбиеші: Ал енді балалр әженің бөпесі ұйықтағанша серігіп алайық:

Тербеледі ағаштар!

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін қайда бардық?

-Бесік тойіа келдік.

-Бесіктің қандай жабдықтарын атауға үйрендік?

-Көрпе, көрпеше, жастық, бесік.

Тәрбиеші: Әже, сізге де мынау келген кішкентай қонақтарға да көп рахмет!

-Сау болыңыз әже!

-Сау болыңдар қарақтарым!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *