Ата-ана балабақшаға келгенше не үйретеді? (ата-анамен дөңгелек үстел)

Малгаждарова Гулим Кадилбековна

 

Мақсаты: ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру, балалары туралы дұрыс пікіп айта білуге, балабақшаға келгенше дұрыс тәрбиелеуге  және жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алмасу. Ата-аналармен кездесе отырып, сауалнама арқылы пікірлерін білу.

І.Барысы: ата-аналарды залда күтіп алып, балалар жұмыстарымен таныстыру.

ІІ. Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана ұшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Міне, сондықтан  «ана-үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі» дегендей ата-ана өз ұрпағын  «адам, адамзат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Баланың жақсы тәрбие алып, жан-жақты болып өсуі отбасылық жағдайға байланысты.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек-дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырушы ата-ана.

ІІІ.Сауалнама (ата-анаға тарату)

1.Балаңызға үйде не үйретесіз?

  1. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?
  2. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?
  3. Бір әрекетпен ұзақ шұғылдана ма?
  4. Өзге адамдармен қарым-қатынаста ұялшақ па?
  5. Балаңыз әрекетті аяғына дейін аяқтай ала ма?
  6. Балаңыз балабақшаға қандай көңіл-күймен келеді?
  7. Балаңыз ренішін көп сақтай ма?
  8. Балаңыз еш себепсіз ашулана ма?
  9. Балаңызға жиі көңіл бөлесіз ба?

ІV.Ата -анаға жадынама (үлестемелер таратып беру)

  1. Кішкентайынан көп жапа шеккен бала, өскенде кінәмшіл болады.
  2. Кішкентайынан мазаққа ілінген бала, өскенде ұялшақ болады.
  3. Кішкентайынан жекіруді көп есіген бала, кінәні өз мойнына алғыш болады.
  4. Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала, өскенде кейін сабырлы, ұстамды болады.
  5. Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала, өзімшіл болады.
  6. Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала, өскенде дау-дамайдың қақ ортасында болады.
  7. Кішкентайынан көп баланың ішінде өскен бала, өте бауырмал болады.
  8. Мақал-сөз атасы (аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру)
  9. Балапан ұшқанда не көрсе- …………………. (ұшқанда соны іледі)
  10. Бала жаман болса-…………………… (көрінгеннің мазағы)
  11. Ата-балаға-………………………..(сыншы)
  12. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер……………………..(байқамай сөйлесең көп ішінде өлер)
  13. Бала көңілдің гүлі………..(көздің нұры)

Қорытынды:

Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

Құрметті ата-ана, баланың иманды, қайырымды болып ер жетуі ең алдымен ата-ананың тәлім-тәрбиесіне байланысты. «Ұядан не көрсең-ұшқанда соны ілерсің» деген мәйекті сөз тегіннен тегін айтылмаған. Балаға кішкентайынан түзу тәрбие беріп, уақытында дұрыс көңіл бөліп еліміздің инабатты, адамгершілігі мол білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Егер ата-анамен балабақша тығыз байланыста болып, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *