10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту

ФИО:Балхибекова Жадыра Елубаевна

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

 

Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, қосу мен алу амалдары туралы білім мен білігін жүйелеу. Есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Алғырлыққа, тиянақтылыққа және бір-біріне деген бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сандар, карточкалар және математикалық құрастырғыштар.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қазір қай ай?

— Бүгін аптаның қай күні?

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

5 санының көбейту кестесін еске түсіріп, қайталату.

 III. Кіріспе.

 Жаңа сабақ:

— Балалар, бүгінгі жаңа сабақта 10 көлеміндегі сандарды қосып, алу амалдарын пайдалана отырып, есептер шығарамыз.  Ол үшін алдымен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды және 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура, кері санайықшы. ( әр оқушыға деңгейіне қарай  )

Мына таңбаларды кім айтады?(   + ;  — ;   =  )

— Дұрыс айтасыңдар, қосу, азайту және тең. Осы амалдарды пайдалана отырып есептер шығарайық.

1.Тапсырма:III-топ оқушыларына арналған есептер:

( Тақтада шығару жолын көрсету )

2+7=                    15-8=                            4+7=

10-8=                            20-10=                 16-6=

4-1=                     7+5=                    8+3=

3+6=                    6+4=                    13-7=

2.Тапсырма: IV-топ оқушыларына арналған дидактикалық ойын:                    « Жоғалған сан »

Сандардың көршісін табу ( кубиктермен ).

1-ден 10-ға дейінгі сандар бойынша ретімен  тұрады, балалар көршілерін табады.

  1. Тапсырма:IV-топ оқушыларына арналған суретті есептер:

А)

Б)

В)

Сергіту сәті:

Қостық біз, алдық біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Қане, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ,

Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

IV.Сабақты бекіту: Математикалық жұмбақ:

А) Мықты санмын орақпын,

Ең жақсы бағамын.         (5)

Б) Оң қолымда 2 алма, сол қолымда 3 алма. Қане, бәрін  қосқанда болады екен неше алма?                            (5)

V.Сабақты қорыту: Логикалық есептер:

А) 2 қоянда неше құлақ?

Б) 2 тауықта неше аяқ?

В) 1 қойда неше аяқ бар?

VI .Сабақты бағалау: Әр оқушыны сабаққа қатысуына және  жауаптарына қарай мадақтап, марапаттап бағалау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.