Тәрбиеші болу – үлкен бақыт!

Танбаева Толғанай  Жұманбекқызы

 

Мен үшін осынау өмірдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық- ұрпақ тәрбиесімен ұштасқан тәрбиешілік. Өз басым мамандық таңдауға бет бұрған шақта тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағанымды бақыт санаймын. Рас, ұғына білген адамға тәрбиеші қызметінің ауыртпашылығы, жауапкершілігіжетіп артылады. Дегенмен, осы кәсіпті таңдау арқылы ел болашағының дамуына үлесін қосатын кішкентай бүлдіршіндерімізді отанын сүюге баулитынымды мақтан етемін.

Менің түсінуімшеөз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы өзіндік орнын, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Қалаған ісіңді, мойныңдағы міндетіңдібар ынта-ықыласыңменатқара білсең, күнделікті тіршіліктің мағынасын да жете ұғынатының анық.«Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу – сырт көзге қиындығы көрінбейтін оңай секілді көрінгенімен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Сондықтан да жауапкершілік жүгі ауыр осынау қажырлы іске бой ұрған әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуға тиіс. Балабақша табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерімізді қабылдаған күннен бастап, тәрбиешілерге жүктелетін бірінші міндет- бала тілін дамыту, Әсіресе, құдіреті күшті, құнары мол ана тіліміздің қолданысындағы сөздерді бала санасына сіңіруде тәрбиешілердің қай-қайсы да көп ізденеді. Өзім еңбек ететін «Күншуақ» балабақшасында да бұған баса мән берілген. Күнделікті  балаларға тіл дамыту мақсатында сабақтармен қатар түрлі қызықты ойындар өткізіліп тұрады. Осы тұрғыда өз басым батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту —  бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту» деген қағидасын басты ұстанымым етіп жүремін. Расында да тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарымызды, дәстүр -салымызды, өзге де өркениеттік ұстанымдарды ұғындыруға тырысамын.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай,  менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма бірнеше жылдың жүзі болған екен. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы бағыттағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама Абай.Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі күнделікті тұрмыс-тіршілігімізбен тығыз байланысты. Сол тұрғыда балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы негізгі жұмыс түрі ойын әрекеті болып табылады. Баланың ақыл-парасаты, адамгершілігі мол болып әрі қабілетті болып өсуі үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін ойын түрлерін пайдаланудың маңызы  зор.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді дана Абай тағылымы. Сол айтқандай, балбақша тәрбиешісі ең алдыменадамгершілікті, иманды, тәрбиелі адам- кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

Тоқ етерін айтқанда, балабақша- баланың келешектегі азаматтық қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бала бұл жерге келгенде өз тобындағылармен бірге ойнап, уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, тәрбиешісінің ақыл-кеңесін тыңдап, алдағы мектеп өміріне даярлығын пысықтайды. Сол себептен де балабақша ата-ана өмірі үшін қашан да маңызды болып табылады.

Ата-анаға көзқуаныш

Алдына алған еркесi,

Көңiлiне көп жұбаныш,

Гүлденiп ой өлкесi – деп ұлы Абай бала ата-ананың қуанышы, гүлденген үмiт-арманы екенiн тебiрене жырлап кеткенi бәрiмiзге мәлiм. Сол тұрғыдан сайып келгенде, балабақшадағы балаға берілетін тәрбиелік жұмыстардың ата-ана мойнындағы жауапкершілікпен деңгейлес жүргізілуге тиіс екендігін айтқым келеді. Өйткені, мұндағы әр баланы ата-анасы болашағының дұрыс қалыптасатынына сеніп тапсыратындықтан, балабақша тәрбиешілеріне де жүктелер міндет зор болып табылады. Әсіресе, жас отбасылар үшін де баланы балабақшаға «біл» деп беруі өз перзентерінің жақсылыққа ұмтылысы болуын көздегендігінен туындайды. Сол себептен өз басым балабақша тәрбиешісі ретінде балабақшаның ата-ана өмірінде алатын маңызы зор деп білемін. Ал тәрбиеші міндеті ата-ана артқан сенімге селкеу түсірмей өз мамандығына сай қызмет ете білсе, әрдайым абырой биігінен көрінетініне күмән жоқ.

«Күншуақ» бала бақшасының тәрбиешісі:Танбаева Толғанай Жұманбекқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *