Бала сыңғыры
Рахметолла Аршын
Келсе алдыма балапаны әр үйдің,
Бірге ойнаймын менде бірге сәбимін.
Ән айтамыз, би билейміз қуанып,
Маған бақыт көңілін тапсам сәбидің.
Бақшамызға келсе деймін балдырған,
Былдыр үні әсем әуен салдырған.
Берсем деймін бойымдағы жақсыны,
Әнші болып әлемді таң қалдырған.
Баламдай көрем әр бірін,
Қуанам шықса былдыр үн.
Естігім келіп тұрады,
Бақшадан бала сыңғырын.