Ж, ж дыбысы мен әріпі

Меруерт Керімбекова

Білімсаласы: Қатынас

Білімбөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ж, ж дыбысы мен әріпі

Мақсаты:

1.Ж дыбысының айтылуы, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру.

2.Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.

3.Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру, жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекілігі: кесте әріптер, суреттер

Әдістәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Біз бақытты баламыз

Ойнап білім аламыз

Сауат ашу пәнінде

Оқып, жазу жазамыз.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
  • Қыс мезгілінде неше ай бар? (үш ай)
  • Атап жіберіңдерші
  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан
  • Өткен оқу іс әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық?
  • Ы дыбысымен
  • Олай болса, дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбысты естиміз, айтамыз.
  • Ал әріп дегеніміз не?
  • Әріпті көреміз, жазамыз.
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дыбыстар екіге бөлінеді

«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойынның шарты: тәрбиеші дауысты дыбысты атаса, балалар қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.

  1. Негізгі бөлім:

1 Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!

Жау егіннің көгі өссін,

Сұлудай бұраң құрақты,

Айдын шалқар көл өссін!

  • Балалар, оқылған өлеңнің алғашқы жолындағы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс Ж, ж дыбысы мен әрпі. Ж дыбысы дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында., соңында кездеседі. Ж дыбысы бес элементтен тұрады. Баспа және жазба түрімен таныстыру.

2 Тақтадағы суретпен жұмыс

                                             а

                                             о

                                             у

Ойын «ойлан тап!» Ж дыбысынан басталатын санды тап:

2,7,3,8,4,5.

3 Тіл ұзарту жаттығуы

Жа-жа-жа

Менің атым Қожа

4 Жұмбақ жасыру

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (жұлдыз)

Ішінде тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)

5 Балаларды үш топқа бөлу

1-топ

Кеспе әріптерден сөз құрау, текшелермен белгілеу.

2-топ

«Саусақ моторикасы» мозайкамен жұмыс. Ж әріпін жазу.

3-топ

Суретпен жұмыс ТРИЗ- технологиясы. Ж әрпі бар суреттерді табу.

6 Сергіту сәті

Жел уілдейді       у-у-у-у

Жапырақтар шулайды       ш-ш-ш-ш

Маса ызыңдайды       з-з-з-з

Ақтөс ырылдайды       р-р-р-р

Жылан ысылдайды        с-с-с-с

Ұшып жүрген аралар        ж-ж-ж-ж

Бұзау мөңірейді.        Мө-мө-мө-мө

7 Дәптермен жұмыс

Ж-әрпін ауада жазу

Ж-әрпін бастырып жазу

Ж-әрпі дауыссыз дыбыс. Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.

8 Айнамен жұмыс

Өткен әріптерді қайталап айту.

Қорытындылау:

  • Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Өте жақсы, балалар.
  • Балаларды мақтап, мадақтау. «Жау, жау, жаңбы р!» әнін айту.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *