Табиғаттың таңғажайып әлемі
Атырау қаласы,
№55 «Жадыра» балабақша
Тәрбиешісі
Даутова Бибігүл Сайынқызы
«Табиғаттың таңғажайып әлемі»
Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта»
Бөлімі : «Қоршаған ортамен таныстыру »
Тақырыбы: «Табиғаттың таңғажайып әлемі »
Мақсаты:
1) Білімділігі: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
2) Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
3) Тәрбиелілігі: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген слайдшоу, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, ақ қағаздар, түрлі-түсті шарлар, желім, қысқы табиғат көрінісі.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.
Ғажайып сәт: Табиғат әсемділігіне балаларды қызықтыру.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, қараңдаршы қар жамылған ағаштар, әдемі шыршалар, табиғат қандай әдемі. Ғажайып әлемнің сан түрлі қызықтары бар.
— Балалар, адам қашанда табиғаттың әсемділігіне, сұлулығына тамсанып, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
-Балалар, әрбір жыл мезгілдері өз сәнімен ерекшеленеді. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жылдың төрт мезгіліне саяхат жасаймыз.
-Бізге шуағын төккен күн мен мейірімді жер анамен, қайырымды аспан атамен, бізге келген қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерме қонақтар.
Дамытушылық ойын: «Дауысын таны» (аңдардың дауысын табу) .
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу.
-Олай болса жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз.
— Балалар, мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал
сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.
Балалар тапқырлықпен, қызығушылықпен аңдардың дыбысын таба білді:қасқыр, қоян, кірпі, аю, тиін т.б.
Жылдың төрт мезгілін слайдшоу арқылы көрсету:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Қыс
(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, осы кезде ішке қыс мезгілі кіреді)
Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.
— Қыста қандай өзгерістер болады?
— Қыс мезгілі ұнай ма?
— Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?
— Қыста қандай мереке бар?
— Қыс туралы кім тақпақ біледі.
Балалар қыс мезгілімен амандасады:
-Сәлеметсізбе.
Балалардың жауабы
Сабина, Алдияр:
-Күн суық және қар
— Ұнайды.
— Шанамен сырғанау, қар атыспақ, шаңғы тебу т.б.
— Жаңа жыл мерекесі
Бексұлтан:
Далала қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Қыс мезгілі :
-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге қыс туралы көркемсөз ала келдім.
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
Тәрбиеші:
— Жақсы, енді келесі жұмбақ — өлеңді тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Көктем
(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, осы кезде ішке көктем мезгілі кіреді)
-Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?
-Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
— Көктемде қандай мерекелер бар?
— Көктем туралы кім тақпақ біледі.
Көктем мезгілі:
-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ашық хат суретін сыйлаймын.
Әділжан, Ескендір:
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік атып құстар келеді.
-Аналар мерекесі, Ұлыстың ұлы күні.
Аида:
Алақай-ау,алақай,
Көктем келді балақай
Құстар келіп ән салып,
Жылғалардан су ақты.
Тәрбиеші:
— Балалар, сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.
— Енді келесі жұмбақ өлеңді тыңдаймыз.
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Жаз
(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, осы кезде ішке жаз мезгілі кіреді)
-Сәлеметсіңдерме, балалар, мен жаз мезгілімін.
— Жаз айларын кім біледі?
— Қараңдаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?
— Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
— Жаз туралы кім тақпақ біледі.
Балалар жаз мезгілімен амандасады:
-Сәлеметсізбе.
Балалар жауабы
Бекарыстан, Хасан:
-Маусым, шілде, тамыз.
— Балалар суға шомылып, доп ойнап жүр.
-Күн ыстық болады.
Сабина:
Алақай-ау, алақай
Жаз келді ғой балақай,
Жазда суға шомылып,
Доп ойнаймыз алақай.
Жаз мезгілі:
-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге жаз туралы тақпақ ала келдім.
Балақай-ау, балақай,
Жаз келді ғой алақай
Балақты да түреміз,
Судан балық сүземіз.
Жалтылдатып ілеміз
Тау мен тасты кеземіз,
Сан қызықты көреміз.
Тәрбиеші:
— Ал енді соңғы жұмбақ.
Жиып — теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Күз
(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, осы кезде ішке күз мезгілі кіріп сәлемдеседі)
— Ал күз айларын кім біледі?
— Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
— Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар күз мезгілімен амандасады:
-Сәлеметсізбе.
Балалар жауабы
Мансур, Надир:
-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, жемістер піседі.
Дәулет:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жәй шытырлап,
Тамшы жерге секірді.
Күз мезгілі:
-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге күз мезгілінен жұмбақтар жасырамын
1. Тырыс-тырыс тамады,
Сайға қарай ағады.
Жауабы:-Жаңбыр.
2. Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл, түссе сары.
Жауабы:-Жапырақ.
Қорытынды: Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдерін суретте»
-Балалар, біз бүгін жылдың төрт мезгіліне саяхат жасадық. Ендіше алған әсерімізді суреттерді жапсыру арқылы әңгімелейміз.
Балалар шашылып жатқан сурет бөліктерін жапсыру арқылы төрт жыл мезгілін шығарады. Кім қандай жыл мезгілін жапсырғандығын айтып береді.
Балалардың жапсырған суреттерін тақтаға іліп, қай жыл мезгілін суреттегенін әңгімелеп берді.
(Кімнің салған суреті, қай жыл мезгілін жапсырғанын сұрау, мадақтау
-Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балалар қонақтармен қоштасады.
Жыл мезгілдеріне жасаған саяхат балаларға әсерлі болды.
«Жүректен — жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Саяхаттан оралу.
Күтілетін нәтижелер :
Нені білу керек : Табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді ;
Нені игерді : Табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуді ;
Нені меңгереді : Жылдың төрт мезгілін сурет арқылы жапсырып, әңгімелей білді.