Көлік қозғалысы және жүргізушілермен таныстыру
Мырзабекова Нуржамал Куанышқызы
Мақсаты: Қоғамдық көліктері туралы білімдерін тиянақтау.
Үлкендердің еңбегі мен техникаға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Жолда жүру тәртібін білу.
Бақылау барысы:
Балаларды көліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
- Көліктердің қандай түрін білесіңдер?
- Көліктерді қандай топқа бөлуге болады?(жеңіл,жүк,қоғамдық,арнайы көліктер)
- Көліктердің қандай пайдасы бар?(адамдар жүктерді қажет жеріне тез апарады)
- Қандай арнайы көлік түрлерін білесіңдер? («Жедел жәрдем», өрт сөндіру, қар жинайтын, су себетін,милиция машиналары.)
- Бұл машиналар не үшін керек? (адамдарға көмектесу үшін.)
- Өрт болғанда неге «Жедел жәрдемді» қоса шақырады?(зардап шеккендерге көмектесу үшін.)
- Сиренасы қосулы машиналарға өзге машиналар жол беруі тиіс пе?(иә)
- Көпшілікке арналған көлік түрлерін білесіңдер?
- Автобустар тоқтайтын жер қалай аталады?
- Аялдамаға автобустан басқа қандай көліктер тоқтайды?(Маршруттар,таксилер)
- Автобусқа қай есіктен міну керек?(алдыңғы)
- Қай есіктен шығу керек?(артқы)
- Бағдаршамның қай түсінде өту керек?(жасыл)
Көркем сөз:
- Үлкен болдым десем де,
- Ешкім маған сенбейді.
- «Жалғыз жүрме көшеде,
- Кікентайсың сен»-дейді,
Бұзба көше тәртібін, Көшеден өтер кезінде,
Ұрынасын аптқа. Абайлап қара жан жаққа,
Қызықты өтсін әр күнің, Келе жатқан көлікке,
Жақын болма шатаққа Жол бер өтсін асықпа!
Зерттеу жұмысы:
- Қар тазалайтын көлігі мен «Жедел жәрдем» арнаулы көлігін салыстыру.
Мақал:
«Сақтықта қорлық жоқ». Әрқашанда сақтанып жүрсең, қиындыққа тап болмайсың.
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
- Мақсаты: Белгі бойынша әрекет етуге, қимыл –қозғалыстарды дұрыс орындай білуге үйрету.
Еңбек:Тәрбиешімен бірге сынған, құлаған құрғақ бұтақтарды жинау.
- Мақсаты: Ұқыптылыққа, еңбекті сүюуге тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары: Секіргіш жіппен секіру жаттығулары.
- Мақсаты: Алға, артқа айналдыра отырып секіруге жаттықтыру.