«Табиғатты аялайық»

Ерназарова Гулбану Калабаевна

Мақсаты: Балалардың «табиғат», «қамқорлық» құндылық туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру.

Дамытушылық: Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға  тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер

Тәрбиеші:

«Балбөбек» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен қонақпен

Амандасып алады.

Балалар:

Арайланып таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, қонақтар!

Ауадан қуат алайық

Алақанға салайық

Жерден нәр алайық

Алақанға салайқ.

Күннен шуақ алайық

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

Тәрбиеші: Балалар, тамаша.Ал канекей сабағымыз бастамас бұрын орнымызға жайғасайық.Балалар орындарына жайғасады.

Әңгімелеу:

Тәрбиеші: Достар мен сендерге сұрақтар қояйын, соған жауап тапсаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәл тапқан боласыздар, келістік пе?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендер табиғат бұрышында қандай еңбек түрімен айналысасыңдар?

Балалар:  Гүлдерге су құямыз, жапырақтардың шаңын сүртеміз.

Тәрбиеші:  Жақсы тағы не істейсіңдер?

Балалар: Гүлдің жақсы өсуі үшін, түбін қопсытамыз. Балықтарға жем береміз, суын ауыстырамыз. Біз табиғат бұрышын жақсы күтеміз

Тәрбиеші: Балалар осы еңбегімізді бір сөзбен қалай атауға болады?

Балалар: Қамқорлық жасау

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар балалар! Біз бүгін адам  бойындағы жақсы қасиеттің бірін «Қамқорлық»  туралы әңгімелейміз

Тапсырма: Балалар сендерге тапсырма, алдарыңда тұрған сызбалар бойынша қажетті пішінді анықтап, сурет орнын тауып құрастыру, мұқият болыңдар

Тәрбиеші: Балалар сендер нелерді құрастырыңдар?

Балалар: ағашты, күннің көзін, гүлді, құсты, түлкіні, қоянды, аюды, көбелекті, ағашты, саңырауқұлақты.

Тәрбиеші: Осының бәрін бір сөзбен не деп атаймыз?

Балалар: Табиғат

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қараңдаршы қандай керемет сурет шықты. Өте әдемі табиғаттың көрінісі. Енді экранға назар салайық

(Слайд арқылы)

Тәрбиеші: Табиғат дегенімі- аң,құс, өсімдік, тау, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге сыйы. «Табиғат-төл бесігін аяла, қорғай біл, тазалықты сақта!»

Балалар сендер білесіңдер ме? Біз кішкене баланы бесікке бөлейміз. Осы отырған бәріңде бесікке тербеліп өстіңдер. Енді міне үлкен болып өстіңдер. Бірақ бәрібір «Туған жер» деп аталатын алып бесікке тербеліп жүрсіңдер, туған жердің табиғатына тамсана, ауасымен демалып, мөлдір суын ішіп жүргендердің  соны білдіреді. Туған жер өзінің алтын қазынасын-сұлу табиғатын ұсынып отыр. Сондықтан да біз туған жерімізді, сүйікті Отанымызды әрқашан алтын бесікке теңейміз және табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, тазалығын сақтау оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті

Сергіту сәті:

Балалар денелеріңді дұрыс ұстап, бастарыңды көтеріп ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуға да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық.  Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап қорғап, қамқорлық жасап жатқанымызды сезінейік

(Осылайша 2 минут отырады, үнтаспадан табиғаттың әуені ойнайды)

Балалар енді көзімізді ашайық. Табиғат иелеріне  қамқорлық көрсетіп жатқанымызды қалай елестеттік?

(Балалар өз жауаптарын ортаға салады)

-Мен гүлдерге су құйып жатр екенмін

-Мен ұядан түсіп қалған балапанды ұясына салып жатқанымды елестеттім.

-Мен тауықтарға жем беріп жатқанымды елестеттім

-Мен күшігіме үйшік жасап жатқанымды елестеттім

-Мен жараланған торғайға қамқорлық көрсетіп жатқанымды елестеттім

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.

Жаттау:

Міне осы сабақ туралы өлең жаттап алайық.

Сүйейік табиғатты аялайық

Бізде одан жақсылықты аямайық

Анадай табиғаттың аясындаЖадырап жас балаша дем алайық

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *