«Ойыншықтар сыры»
Избамбетова Гүлсім
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, қасиетімен, түсімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын молайту. Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Балалар музыка әуенімен топқа кіреді.жарты шеңберге тұрады.
Күлдірген кіреді де балаларды күлдіреді. (шарға отырып, шар жарады)
— Балалар менің атым Күлдірген, әрі сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып турге енеді. Балалар қарандаршы бізге күн сәулесін төгіп тұр. Кәне қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық., бір – бірімізге жақсы тілектер тілейік, балалар тілектерін айтады, Күлдірген: — Балалар сендердін аттарын кім?
(балалар аттарын айтады)
- Ал жастарың нешеде?
- Екіде, үште
- Қандай жақсы балалар, аттарын да, жастарын да біледі екен. Мен сендермен ойнағым келіп тұр. Ойнайсындар ма?
Ойын: «Сылдырмақ»
Әуен ойнағанда сылдырмақты сылдырлатамыз. Әуен тоқтағанда тығып қоямыз.
- Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіндер ме?
Олай болса менімен бірге ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барайық. Ол үшін біз пойызбен барамыз. Пойызға міну үшін мен сендерге билет беремін (пішіндер әр бала өз пішініне ұқсас вагонға мінеді)
- «Ал паравоз баста алға
Бәрімізді басқарда
Пыш – пыш біз кеттік
Жүрісті біз удеттік
Гу – Гу – Гу »
Кәне балалар біз келдік. Қарандаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы (балалар ойыншықтарды атайды)
Тәрбиеші: — Балалар, ойыншықтар әр түрлі болады: қатты, жұмсақ (қатты мен жұмсақ ойыншықтардың айырмашылын түсіндіреді)
Сергіту сәті:
— Балалар ойыншықтар туралы тақпақтар білесіндер ме?
Тақпақтар: (Альбина, Нурали, Абылай, Дамира, Адия)
- Балалар Адияның қуыршағы көңілсіз тұр. Кәне сұрайықшы не болғанын. Айсұлу, сен неге көңілсіз тұрсын?
- Менің моншағым үзіліп қалды.
Тәрбиеші: — Балалар, Айсұлудың моншағы үзіліп қалыпты, біздер оған жаңадан моншақ тізіп берейік (балалармен бірге монтесории әдісімен жіпке моншақ тізеді)
- Көрдін бе Айсұлу, біздің балалар саған әдемі моншақ тізіп берді. Саған ұнай ма?
- Иә, ұнайды . Рахмет сендерге
- Балалар Айсұлудың көңілі әлдеде көтерілсін деп, оған ән айтып берейік.
- Ән : «Қуыршақ»
Күлдірген: Тамаша қандай керемет!
- Сендер ойыншықтар туралы көп білдіңдер, ойыншықтар қандай болады, ойыншықтар туралы тақпақтар, өлең айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек.Сендерге көп – көп рахмет
«Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық. Алға қаласы.