Іскерлік ойын

Баймуратова Аккенже Қашагановна 

        Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп,  тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Педагогтің өз ойын аша білуге, белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау. Бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Инновациялық әдіс-тәсілдер тәжірибесін енгізе отырып, тәрбиешілердің шығармашылық ізденісін, қабілетін арттыру. Өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

       Дайындық жұмыстары:Тапсырма тақырыбын слайдтан көрсету. Тапсырмалар жиынтығы. Әділқазыларды сайлау.

       Ойын барысы:  Құрметті әріптестер, бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Достық» атты іскерлік ойынымыздың мақсаты педагог-тәрбиеші мамандардың біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауға өз шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға және өзара тәжірибе алмасуға арналған ойын сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Ойынды бастамас бұрын үш топқа бөлінейік. Әр түрлі түстегі бас киімдер кию арқылы топтарға бөліну.

Шаттық шеңбері:  Күлімде күн, күлімде,

Күлсін барлық адамдар,

Берекелі бүгін де,

Достығымыз жарасқан.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Қайырлы таң, қонақтар!

Біздер сәлем береміз!

1 тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы (Әр топтан бір адам шығып, конверт таңдайды)

  1. Мектепке дейінгі мекемеге бағынатын құжат (Стандарт)
  2. Жуыну, тамақтану, үстел жинау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс-бұл барлығы қалай аталады? (Тәртіптік кезең)
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу жүктемесіндегі білім салаларын атаңыз (5 білім беру саласы)
  4. «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
  5. Балабақшадағы 2-3 жас аралығында топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? (Алғашқы қадам)

_____________________________________________________________________

  1. Баланың білімін анықтайтын қортынды сараптама қалай аталады? (Индикатор)
  2. Көрнекілік дегеніміз не? Не үшін пайдаланасыз? (Көрнекілік материалдарын бала көзіне оңай да, әсерлі жолмен жеткізу үшін қолданатын көмекші құрал. Оқу іс-әрекет тартымды етіп өткізуге сөзік қорды байыту)
  3. Математика сабақтарында санды санауға ілгері-кейін санау үшін халықтық педагогикалық қарапайым үрдістерін басшылыққа алған? (Санамақ)
  4. Ойды сыртқа шығарудың басты құралы? (Тіл)
  5. Мектеп жасына дейінгі бала үшін негізгі әрекет? (Ойын)

_______________________________________________________________________

  1. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының қабылданған қаулысы? (№488 қаулы, 28.05.2011)
  2. Технологиялық карта неше бөлімнен тұрады? (3)
  3. Балалардың қиялын дамытатын жұмыстың түрі? (Ертегі)
  4. Қай топта ертеңгілік жаттығулар 8-10 минутқа созылады? (Ересек топта)
  5. Білім беру ұйымдарын мемелекеттік аттестатциялау қандай мерзімде өткізіледі? (5 жылда 1 рет)

 

 

  1. Балалар өлі және тірі табиғат арасындағы байлықтарды анықтайтын әрекет түрі. (серуен)
  2. Сәбилік шақтан бастап, балаларды неге тәрбиелеу керек. (Күн тәртібіне)
  3. Дикция дегеніміз не? (таза, ашық сөйлеу)
  4. Балалар бақшасының жұмысын жопарлаудағы негізгі құжат. (бағдарламалар)
  5. Бесік жырына арналған халық әндері. («Әй-әй бөпем», «Ботақаным», «Тұсау кесу», «Тәй-тәй» т.б)

2 тапсырма: «Ойлан тап»

«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

 

3 тапсырма: «Мәнерлеп оқу»

Әр топтан бір адамнан келеді. Алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлеп оқиды.

  1. «Қыс» А.Құнанбаев
  2. «Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев
  3. «Құлақтан кіріп, бойды алар» А. Құнанбаев
  4. «Отан» М. Мақатаев

 

4 тапсырма: «Ертегілер еліне саяхат»

Тәрбиешілер берілген ертегілер бойынша ертегіні баяндау, сахналау.

  1. «Екі дос»
  2. «Ешкі мен түлкі»
  3. «Арыстан мен түлкі»
  4. «Жақсылардың жақсысы»

 

5-тапсырма: «Ойна да, ойла»

Топ басшылары ортаға шығып, үстел үстінен әр-түрлі сөздер жазылған конверттерді таңдап алады. Берілген сөзді тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен түсіндіру керек.

 

6 тапсырма: Суреттегіой: Экраннан суреттер көрсетіледі, осы суреттерге байланысты әр топ өзінің ойын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.

А) біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ бейнеленген

Ә) допқа таласып жатқан балалар

Б) ақ қағазға кішкентай қара нүкте салынған, не көріп тұрғандарыңызды айтыңыздар

 

7-тапсырма:Пікірталас «Тәрбиеші қандай болу керек?»

Рефлексия.Бүгінгі ойын сізге ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи. Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.

Қортынды: Құрметті әріптестер, ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет! Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *