6 саны мен цифры

Машербаева Жадыра Турсынгалиевна

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Балаларды 6 санымен цифрымен таныстыру.

6 санымен, 0-ден 6-ға дейінгі сандарды кері және тура санауға жаттықтыру.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы санамақтар, жұмбақтар, логикалық есептер шығару арқылы білімдерін дамыту.

Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Қос тілдік: один-бір, два-екі, три-үш, четыре-төрт, пять-бес, алты-шесть.

Көрнекілігі: 6 саны мен цифры, алма, алмұрт, сәбіздің суреттері.

 

Мотивациялық-қозғаушы кезең.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Шаттық шеңбері:

Бір қазақтың балас,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

(Өле жолдарын тәрбиешімен бірге қосылып айтады)

Балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздерімізді білдірейік.

Рахмет, балалар!

 

Іздену-ұйымдастырушы кезең.

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Күз мезгілі

Балалар бәріміз математика еліне саяхат жасайық (өткенді қайталау)

Күз мезгілінде неше ай бар?

Үш ай: Қыркүйек, Қазан, Қараша

Балалар бір аптада неше күн бар?

Жеті күн бар

Апта күндерін атайық.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

Қане, бес бала ортаға шығайық.

Балалар, үстелдің үстінде нелер тұр?

Геометриялық пішіндер.

Осы пішіндерді әр қайсысын біреуден алыңдар және қандай пішін екенін атаңдар.

  • Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек.

Енді осы пішіндерді аударайық, мұнда сандар жазылған.

Біздер нешеге дейінгі сандармен таныстық?

  • Бес санына дейін.

Енді осы сандарды 1-5 дейінгі өсу ретімен орналастырайық. (балалар сандардың өсу ретімен тұрады. Салынған пішінді жалғастырып, аяқтаңдар. (балалар пішіндердің суретін салып аяқтады)

Өте жақсы, балалар! Бүгін біз өткен тақырыптарымызды есімізге түсірдік.

Балалар, бүгін біз 6 саны және оның цифрымен танысамыз.Қане, балалар, есімізге «Шалқан» ертегісін түсірейік. Ертегіде шалқанды жұлып алу үшін кімдердің көмектескенін білесіңдер ме? Кейіпкерлерін атайық.

  • Ата, әже, қыз, күшік, мысық, тышқан. (ретімен орналастыру)

6 цифрының төменгі жағы дөңгелекке ұқсайды, жоғарғы жағы ілмекке ұқсайды.

6 санымен таныстыру.

Өлең оқу.

Жатып та, тұрып та,

Алты ұқсар құлыпқа.

Балалар алты таяқшаны пайдаланып әр түрлі пішін құрастыра білді.

Алты таяқшаны пайдалану арқылы балаларға үй және жалауша құрастыру.

Сергіту сәті

1-дегенде тұрайық,

2,3,4,5 алақанды соғайық

Он жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып

Біз жүгіріп алайық.

Алты дегенде асықпай орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс:

Қане балалар 6 цифрын ауада жазып көрейік.

Енді осы сандарды орыс тілінде айтайық.

Один-бір,

Два-екі,

Три-үш,

Четыре-төрт,

Пять-бес,

Алты-шесть

1,3 тапсырма.

Логикалық есеп шешу.

  1. Табақта 3 алма,

Қолымда 3 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (6 болады)

  1. Үш қоянда неше құлақ? (6 құлақ)
  2. Аспанда 6 құс ұшып жүр. Оның екеуі талға қонақтады. Аспанда неше құс қалды?

Санамақ

Бір дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

Екі дегенім-елім,

Далам, тауым, көлім

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім- төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Тыңдағаның мақұл.

Алты дегенім-ақыл,

Бағалайтын уақыт.

Рефлексивті коррекциялаушы               

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бәріңізде өте жақсы қатыстыңыздар! Балаларды мадақтау, бағалау.

Күтілетін нәтиже: 6 саны мен цифры, санамақ тақпақтар, жұмбақ есеп шешу, сахналау түрлерін кейіпкерлерді ажыратуға үйретіпбелсенділігін қызығушылығын арттыру.

Баланың білгені: 6 санын меңгерді, тура және кері санау, екі тілде санауды меңгерді.

Баланың үйренгені: ұйымшылдыққа, жұмыстануға, бірін-бірі сыйлау білуге

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *