Заттың жуан-жіңішке,қалың-жұқалығы.
«» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші: Шуканаева Рая
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Заттың жуан-жіңішке,қалың-жұқалығы.
Мақсаты:Жуан –жіңішке ұғымдарымен таныстыру.Заттардың қалың, жұқа,жуан, жіңішке екендігін түсіндіру. Салыстыра білуге үйрету.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
Шаттық шеңбері. «Біз,қандаймыз, қандаймыз» |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау. |
Біз, қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. |
Ұйымдастыру – іздену |
1. Ой қозғау. Өтілген тақырыптарды қайталау. Сұрақ — жауап Геометриялық пішіндерді ата? Дид ойын: «Мен бастаймын сен аяқта» Ауыр— (жеңіл) Үлкен —(кіші) Жуан—( жіңішке) Артық –( кем) Астында –(үстінде) Жоғары —( төмен)
2. Ойлау қабілетін дамыту. Логикалық тапсырмалар 1.Жол ұзын ба, қысқа ма? 3.Ой қозғау. Дид ойын: «Суретші қай жерде қателесті?» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті , жуан және жіңішке заттарды таба алуға үйрету. Заттар және оның қалың-жұқалығымен таныстыру. Мыс: суретші жолдарды дұрыс салды ма? Қайсы жолмен адамдар жүреді, қайсы жолмен көліктер жүреді? Мына киімдерде тон мен нені ауыстырып қойған? Т.б Жуан заттар мен жіңішке заттардың айырмашылығын суреттер арқылы көрсетіп түсіндіру. |
Өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білу.
Қарама –қарсы сөздердің мағынасын түсініп айту.
Логикалық тапсырмаларға толық жауап бере білу.
Мағынасын түсініп жауап беру.
Ойынға белсене қатысу, өз ойын толық айту. Суреттерді өз орнына дұрыс қоя білу. Заттардың қасиеттерін ажырата білу.
Өз ойымен айта білу. |
Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста Емін-еркін тыныста Деміңді ішке тез алда Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үш бұрыш сыз ауада Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын.
|
Рефлекстік түзету.
|
«Танграмм» ойыны Балаларды мадақтау |
Ұсынылған ойынды қызығушылықпен орындау. Балалар бір-бірін бағалайды. |
|
Күтілетін нәтиже.
Білуі: Заттар қасиеті туралы түсініктерді біледі.
Игеруі: Жуан-жіңішке ұғымдарын түсініп игереді.
Меңгеруі: Логикалық тапсырмаларды шеше білуді меңгереді.