Бірлігіміз жарасқан
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас Бөлім: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан». Мақсаты: «Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету, қамқорлық бірлік туралы түсініктерін кеңейту, достық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер: ватман, гүлдер, шөптер, ойынға қажетті құралдар, үнтаспа Сөздік жұмыс: көпір Билингвальді компонент: көпір-мост Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Балалардың әрекеті Шаттық шеңбері Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын, қараңдаршы бәрің сондай қуанышты бір-бірің күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайық. Достығымыз берік боп, Бекітейік беріп қол. Қуанышты шеңберге, Қандай жақсы қол берген! Әңгімелесу. Е.Өтетілеуовтың «Бірлік» әңгімесін оқып беру • Балалардың ісінен қандай жақсы қасиетті байқауға болады? • Сенің достарыңа, достарыңның саған осындай көмек көрсеткен кезі болды ма? Достық – адамдардың бір-біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы қамқорлығының белгісі. Дәйексөз. Мұғалім «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Тыныштық сәті: Балалар кілемшеге щалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. «Көздеріңді жұмайық, жеңіл әрі жаймен дамалайық. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғанда жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің алдарыңда ғажайып көбелек гулден-гулге ұшып жүр.Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші. Ауада баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңдер. Қараңдаршы қандай жайқалып тұрған гүлдер. Енді сендер өздерінің гүлдерінің иісін сезініңдер. Тағыда жұпар иісімен демалыңдар. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Жағдаяттарды талдау 1-жағдаят Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады. Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар? 2-жағдаят: Самал мен Шынар бірлесіп гүл отырғызады. Гүлдері әдемі болып өсе бастайды. Олар гүлдерді суғаратын кезде сусепкішке таласып қалыпты. Самал Шынарға өкпелеп кетіп қалады. Тапсырма: – Самал мен Шынарды қалай татуластырар едіңдер? Сыңарын тап Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенін түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтынын айтады. Мысалы: жаман жақсы қасиеттерін таңдап қояды. Сергіту сәті: Бас, иық, тізе, саусақ. Бас, иық, тізе, саусақ Саусақ, саусақ, саусақ (саусақпен сартылдату) Бас, иық, тізе, саусақ Бас, иық, тізе, саусақ. Көз мұрын, көз мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін (жылдамдатып тез-тез қайталату) «Көпір» ойыны; Ойын шарты; Еденге ұзынша лента «көпір» ретінде төселеді. Лентаның екі шетінен екі топтың балалары бір-біріне қарама –қарсы шығады. Балалар көпірден бір-біріне көмектесіп жол беріп, орындарын ауыстырып өтуі керек. Шығармашылық жұмыс: Тақырыбы: «Балабақша бесігім». Балалармен бірігіп балабақшаны гүлдердіру. Оны қыиу, оган желім жағып жабыстыру, және балабақшаны гүлдермен, шөптермен, әшекейлеу. Екінші топ та, кун бейнесін салып өздерінің көңіл күйлерінің қандай екенін білдіріп достарына тарту етеді. Барлығы бірігіп балабақшаны көркемдеп, әсемдеп шығады. Жүректен-жүрекке Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да Бір-бірімізбен Бірлікте боламыз! Балалар бірге қайталайды. Достығымыз берік боп, Бекітейік беріп қол. Қуанышты шеңберге, Қандай жақсы қол берген! Балалардың жауаптары тыңдалады. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалды бірге қайталайды. Балалар мұғалімнің айтқанын орындайды. Балалар бірге қайталап, жасайды. Балалар тапсырманы орындайды Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да Бір-бірімізбен Бірлікте боламыз! Барлығы бірігіп ойынды ойнайды. Бірлесіп ұжымдық жұмысты орындайды. Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да Бір-бірімізбен Бірлікте боламыз! Рефлексивті-түзетуші Қорытындылау. -Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық, бірлік қалай қалыптасатынын білдік. Бірлік – бұл балалардвың арасындағы ынтымақтық, ауызбірлік, татулық, екенін түсіндік. Әрқашан отбасында балабақшада, бірлікшіл, ынтымақшыл, ұйымшыл болу керектігін түсіндік. Балалардың жауаптары. Күтілетін нәтиже : Нені білу керек: бірліктің қажет екенін білуі қажет Нені игерді: «Бірлік бар жерде, тірлік бар». Нені біледі: досқа көмектесуді, қамқорлық жасауды, әрдайым жанын табылуды.