Жабайы жануарлар

 

 

    «» ортаңғы   тобында ұйымдастырылған оқу  қызметінің    

                               технологиялық картасы.

 

Өтілетін  күні:

Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу  қызметі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:   Жабайы  жануарлар

Мақсаты:   Балалардың  жабайы жануарлар  туралы  білімдерін  тереңдету.  Жабайы жануарлардың  үй  жануарларынан  айырмашылығын түсіндіру. Жабайы  аңдардың  қысқа дайындығы  және тіршілігі  жайында әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

1. Шаттық шеңбері

«Армысың, Алтын күн!»

 

 Армысың, Алтын күн!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, Жер-Ана

Армысың, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос

 

II.  Қызығушылықтарын     

                ояту.

     Жұмбақ  жасыру.

Сұрақ –жауап

Бұл жануарларды  бір сөзбен қандай жануарлар дейміз?

 

Шеңберде өлең жолдарын қимылмен көрсету.

 

Жұмбақ шешуге қызығушылық  таныту.

             Жұмбақ  жасыру.

-Тауықтар қашып жасқанған,

Қулығы артық басқа аңна                      

                   (Түлкі)

-Паналайды үңгірді,

Іздемейді  тасаны.    (аю)

-Аузы  бейне  шалғы  орақ,

Шөп  емес  малды  орады  

                  (қасқыр)

-Үсті толы инелер,

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түймені(Кірпі)                      -Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

 Жоғары өрлеп кетеді.   (Ақтиін)

-Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)

Ұйымдастыру — іздену

1.Ой  қозғау.

Жабайы  аңдар  туралы  түсінік  беру.

Сұрақ –жауап

— Жабайы  аңдар  қайда  өмір  сүреді?

— Олар  тамағын  қалай  табады, оларға несі көмектеседі? (тырнағы, тісі)

-Неліктен  жабай  аңдар  дейміз?

— Үй жануарларынан  айырмашылығы  неде?

Сурет арқылы салыстырып  көрсету.

 

Сөздік  жұмыс.

 

   2.Ой дамыту.

Суретпен  жұмыс

Жабайы жануарлардың қысқы  тіршілігі.

Қысқа жануарлар қалай дайындалады?

Қандай аң ұйқыға  кетеді?

Тиін  қысқа қалай дайындалады?

Қандай  азықтарды қорек етеді?

Қоян  неліктен тонын өзгертеді?

Қасқыр мен  түлкі қыста  қалаай  тоңбайды екен?

 

 

Тәрбиешіні мұхият тыңдау.

 

Берілген сұрақтарға өз ойымен жауап беру.

 

Үй  жануарлары мен жабайы жануарды ажырата білу

 

 

 

 

 

 

 

Суретке  сөйлем құрай білу.

 

Өз ойын   толық айту.

 

Берілген сұрақтарға  жауап бере білу.

 

 

 

 

 

 

 

              Сөздік  жұмыс:

Тырнағы,  азулы,  аш, терісі ,  қыңсылайды,

ұлиды. күшік,  мыршай.

 

 

 

 

 

 

 

         Сергіту сәті

   

 

Рефлекстік түзету

  Дидактикалық   ойын:

«Кім  тапқыр?»

 

Балаларды  мадақтау.

Ойынға   қызығушылық  таныту, белсене  қатысу.

 

Достарын  бағалау.

Ең айлакер аң…….(түлкі)

Ең қорқақ ……..  (қоян)

Балды жақсы көретін…….. (аю)

Аң патшасы……… (арыстан)

Мысыққа ұқсайтын   аң… (жолбарыс)

Ең ұзын мойын……(керік)

Қораға шабатын аң…….(қасқыр)

Ең ірі жануар…….(піл)

Үстінде тікенегі бар…….(кірпі)

                                                                   

 

                                         

 

                          Күтілетін нәтиже:

 

Білу:   Жабайы аңдар, олардың  тіршілігі туралы білу  керек.

Игеру: Үй жануарларынан айырмашылығы туралы түсініктерді  игереді.

Меңгеру: Суретпен жұмыс жасау арқылы өз ойын айта білуді  меңгереді.

 

 

 

Үй жануарларынан  айырмашылығы:

 Үй жануарларына  адамдар қамқорлық жасайды. Олар қыста жылы қорада тұрады. Адамдар оларды жем шөппен қамтамасыз етеді.

 

Ал, жабайы жануарлар  олар ну орманда өмір сүреді,  өз тамақтарын өздері тауып жейді, қыста кейбіреулері  ұйықтайды, ал тұлкі, қасқыр, қоян секілді аңдарға қыс өте ауыр тиеді. Олардың тамақ тауып  жеуіне  тырнақтары мен  тістері көмектеседі.  Күзде  қасқыр мен мен  түлкінің жүні  түлеп  қалыңдай бастайды, сол себепті  олар қыста  жүні қалың болғандықтан тоңбайды. Қоян  жауларынан қорғану  үшін  тонын ақ түске өзгертеді.

 

Тиін  күзде  ағаш бастарына саңырауқұлақ, жаңғақтарды кептіріп ұясына жинап қыста соны азық етеді. Аю  күзде жылы  апанын  дайындап қыста қалың ұйқыда  болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *