Театр әлемі
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Драма
Тақырыбы: Театр әлемі
Мақсаты: Балаларға театр сөзінің мағынасын түсіндіру. Сахна деген не? Кейіпкерлерді сахналау деген не? Сөйлеу мәнері, іс— қимылдар туралы түсінік беру.
Әрекет кезедері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
Шаттық шеңбері. Е.Өтетілеуұлы |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау |
Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, Ертемен ақ пейілмен: «Қайырлы таң!» — деймін мен |
Ұйымдастыру – іздену |
1. Театр туралы түсінік беру. Театр дегеніміз не? Театр түрлерімен таныстыру. Онда жұмыс жасайтын адамдарды кімдер дейміз? Олар не істейді?
2.Сурет бойынша әңгіме. Сұрақ – жауап.
3. Бет перделермен таныстыру. Олардың қызметі туралы түсіндіру. Саусақ театрымен таныстыру. Қолға кигізіп, сөйлеу мәнерін үйрету.
Сергіту сәті.
|
Балалар театр туралы өз білетіндерін айту.
Суретке қарап әңгіме құрастыра білу.
Қойылған сұрақтарға қызығушылық пен жауап бере білу. |
Сөздік жұмыс: қызметкер,әртістер.
Сергіту сәтінде: «бала, бала, баламыз» қимыл қозғалыспен жасалады. |
Рефлекстік түзету |
«Театр» ойынымен сабақты аяқтау. Әр түрлі бет перделер киіп қимылдар көрсету. |
Ойынға қызығушылық таныту. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Театр туралы түсініктері болу керек.
Игеру: Театрда адамдар қандай жұмыс жасайтыны туралы түсініктерді игереді.
Меңгеру: Әртістердің кейіпкерлерді қалай сомдайтыны туралы түсініктерді меңгереді.