Ит пен мысық неге араз?
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Драма
Тақырыбы: Ит пен мысық неге араз?
Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту. Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әрекет кезедері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
Шаттық шеңбері.
«Дос болайық бәріміз» Х.Талғаров.
Қызығушылықтырын ояту. Жұмбақ жасыру.
|
Өлең жолдарын шеңберге тұрып қимылмен көрсету.
Жұмбақ шешуге қызығушылық таныту. |
Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.
Жұмбақ жасыру Адамға серік, Күзетке берік (ит) Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады Сол аңды үйден табады (мысық) |
Ұйымдастыру – іздену |
1. Ертегіні сурет көрсете отырып түсіндіру. Сұрақ-жауап. Ит пен мысық не іздеді? Оны қайдан тауып алды? Оны тапқан не? Мысық қандай айла жасады? Неге адам мысықты үйге кіргізеді?
2.Ертегіні бет перде кейіп сахналау Сөз мәнерін дұрыс айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің қимылын дұрыс көрсету. |
Сабақты зейін қоя тыңдау.
Берілген сұрақтарға толық жауап бере білу.
Ертегіні сахналауда кейіпкерлерді дұрыс сомдай білу. |
|
Рефлекстік түзету |
Дид.ойын: «Атын ата»
Балаларды мадақтау. |
Ертегі кейіпкерлерін дұрыс айту және жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білу. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ертегі туралы түсініктері болуы керек.
Игеру: Сұраққа жауап беру, сөйлем құрау арқылы сабақ тақырыбын игереді.
Меңгеру: Ертегі туралы түсіне отырып, оны сомдау жолдарын меңгереді