Құрастыру. Тақырыбы: Жүк машинасы.
естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 20. 12. 2012ж. Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: Жүк машинасы.
Мақсаты: Балаларға көліктер туралы түсініктер бере отырып, жүк машинасын құрастыруды үйрету. Құрастыру жұмыстарын жасау қабілеттерін арттыру. Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бастаған жұмысты аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
I. Шаттық шеңбері. «Дос болайық бәріміз» Х.Талғаров.
II. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасыру. Машина. |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.
|
Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Жұмбақ. Әкемнің тор тайы, Май жалап су ішсе болғаны зырылдап жүре жөнелер. (машина) |
Ұйымдастыру — іздену |
1.Машина және жүк машинасы туралы түсінік беру. -Машина не үшін керек? -Онда қандай пішіндер қолданылған? -Қандай бөліктері бар?
2. Пішіндермен құрас-тыру жұмысын жасаудың әдістерін түсіндіру.
Сөздік жұмыс жүргізу.
3. Өз беттерінше жұмыс жасау. Қадағалау.
|
Қойылған сұрақтарға өз ойларымен толық жауап бере білу. Пішіндер жайлы өз ойларын айта білу.
Айгүлге көмектесуге қызығушылық таныту.
Құрастыру жұмыстарына белсенді қатысу.
Өз беттерінше жұмыс жасай білу.
|
Сөздік: Дөңгелегі, есігі, жүргізуші, жылдам, рулі, көлік. |
Рефлекстік түзету |
Дид ойын: «Қандай үй?» Айгүлді үйіне кіргізу. Балаларды мадақтау. |
Өз ойларын ашық айта білу. Достарын бағалау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Машина және жүк машинаның түрлері жайында түсіне білу керек.
Игеру: Машинада қодлданылатын пішіндерді дұрыс білу арқылы құрастыру жұмыстарын игереді.
Меңгеру: Машинаның не үшін керек екенін меңгереді.