«Көліктерді бақылау»
Джалмаханова Куралай Абдулшаматовна
Сабақтың мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудың қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан — жақты білімдерін кеңейту.
Өзін — өзі көпшілік ортада ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: достық — дружба, көлік — транспорт, көлік түрлері — виды транспорта, жүргізуші — водитель, бағдаршам — светофор.
Іс — әрекет кезеңдері
Мұғалімнің әрекеттері Балалардың іс — әрекеттері
Дәлелі — себеп кезеңі Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру рәсімі:
– Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? Балалар хормен, қимыл, іс — әрекет арқылы көрсетеді.
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
– Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ізденіс — ұйымдастыру кезеңі – Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
– Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?
– Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
– Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа — сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
– Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.
Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріңдер. Жұмбақ:
1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.
— Автобуспен қайда баруға болады?
— Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?
2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.
— Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?
Сергіту сәті: «Пойыз».
Логикалық ойын. “Кім қай вагонда отырады?”
Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.
— Көшенің қандай жеріне өту керек.
— Автобустан түскенде қандай ережені ұмытпау керек?
Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»
— «Көлік»деген сөз қандай дыбыстан басталады?
— Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?
— Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретін, басқа көліктер оны күттірмей өткізіп жіберетін көліктермен таныстырамын.
— Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді?
Неге бұл машинаны бәрі өткізеді? Балалардың жауабы:
(машина адамдарды, жүктерді тасиды)
— Автобус, жеңіл машина.
Балалар тыңдайды.
Автобус алға зулайды
Бағыттан еш аумайды
Зыр айналар дөңгелек
Көлік бізге ең ертерек.
Автобус.
— Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т. б.
— Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.
— Пойыз.
— Тепловозға қарашы.
Түтіні көк бүркіген
Жалғыз өзі, санашы
Неше вагон тіркелген?
1, 2, 3, 4, 5.
— Онымен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.
Балалар ойнайды.
Сапқа тізбектеліп тұрады.
Пойыз кетіп барады
Жан жағына қарады
Бағдаршамда қызыл жанғанда
Пойыз тоқтап қалады.
— Қызыл — тоқта
— Сары – дайындал
— Жасыл – жүресің.
– Жаяу жүргіншінің өткеліне өту керек (пешеходный переход)
– Автобустың артқы жағынан өту қажет. Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.
– «К» дыбысынан басталады.
– Кілем, кілт, кірпі, компьютер т. б.
«Жедел жәрдем».
— Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады. («Жедел жәрдем» тақпағы)
— Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек.
— «Өрт сөндіргіш машина»
Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.
— Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек.
Рефлексия — түзету кезеңі Қимыл — қозғалыс ойыны: «Өз гаражыңды тап». (әуен қосылады)
— Балалар, үйде ата — аналарың, туыстарың алыс жолға шықса бір — біріне не деп айтатындарын білесіңдер ме? Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек.
«Жолың болсын!»- дейді.
Атам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді апам
Апам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді атам.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Үлкенге де кішіге.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзден байқадым
Қуат барын, күш барын
«Жолың болсын!»- айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар!
Жолдарыңыз болсын!
Күтілетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.