Жеті санының қасиеті

Назарбаева Тұрақ Сансызбаевна

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.

Мақсаты: Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану арқылы балаларға ұлттық тәрбие бере отырып, сөздік қорын молайтып, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Балаларды ұқыптылыққа достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, пысықтау.

Шаттық шеңбері.

-Салеметсіздер ме, балалар.

-Бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасайық.

-Балалар, біз таңертең  ұйқыдан тұрғанда қай жаққа қараймыз?

-Терезеге қараймыз.

-Онда нені көреміз?

-Күнді, күннің нұрын көреміз.

-Егер күннің көзі жарқырап тұрса қалай қуанамыз?

(Балалар алақанмен шапалақтайды).

-Балалар, кәне бәріміз алақандарымызды түйістіріп көрейікші.

-Нені сезіп тұрмыз?

-Алақанның жылуын.

-Осы жылулық арқылы бір-бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

-Күніміз жарық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Күніміз сәтті болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз аман болсын!

-Көп жасаңдар, тілектерің қабыл болсын! (Жаңа тақырыппен таныстыру)

-Жеті санын біздің ата-бабаларымыз киелі сан деп қастерлеген. Мұның сыры неде? Неге жеті санын алған, соны қазір білеміз. Балалар, бізде бір аптада неше күн бар екен, соны атап көрейікші.

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Балалар айтыңдаршы сендер апта күндері туралы тақпақтар білесіңдерме?

-Дұрыс айтасыңдар. Біздің бәріміздің де аталарымыз, яғни жеті атамыз бар. Соны біз білуіміз керек. Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Кәне бәріміз бірге атап айтайықшы. Балалар қосылып айтады. Суреттер корсетіледі (Слайд бойынша) Балалар, енді мына суреттерге қарайықшы. Бұл суреттен нені көріп тұрмыз?

-Дұрыс балалар, бұл жай суреттер емес біздің ата бабаларымыздан қалған «Жеті қазынамыз» екен. Ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, ақыл-білім, берен мылтық, серіктес ит.

-Балалар кім маған қасиетті жеті саны туралы мақал-мәтел айтып береді.

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.(Алпамыс)

Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі (Әсел)

Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады.

Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.(Айдарбек)

Кедейдің жеті қаңтары бар (Альбина)

Жетім бала, жеті күлшеге тоймас (Мая)

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас (Гүлсая)

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы.

Міне жеті санының тағы бір қасиеті осында.

Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

-Кемпірқосақтың суреті.

-Дұрыс айтасыңдар. Табиғат ананың өзі де «Кемпірқосақты» жеті санына сәйкестендірген.

Ендеше ойын ойнайық, ойынның аты: «Кемпірқосақтың неше түсі бар?»

Логикалық ойын: «Жасырынған санды тап»

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үй боп тұрайық.

Ойын:  «Понтиді есептейміз»

Дидактикалық ойын:  «Қай сурет артық»

Қорытынды:  Мадақтау. Білімдерін тиянақтау жұмысы. Балалар бәріміз енді орнымыздан тұрып бүгінгі тақырыпты сұрақ-жауап бойынша қорытындылайды.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *