Ойыншықтар достығы
Домбаева Эльнара
Мақсаты: Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Өзара татулық сезімдерін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау , есте сақтау қабілетін жалғастыру.
Сөздік жұмыс : маймыл, көжек.
Билингвальды компонент : маймыл – обезьяна, көжек – зайчик.
Көрнекіліктер : суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндер.
- Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты
Бір – бірімізге сыйлайық.
- Өте жақсы, балалар, орнымызға отырайық. Мен де сендердің бүгінгі күндеріне сәттілік тілеймін!
- – Балалар , мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Неше жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күздің қай айы? – Ия, дұрыс айтасыңдар күздің соңғы айы.
- Ойын «Ненің суреті жасырылған?»
Шарты : Өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алып , қай геометриялық пішін екенін, түсі қандай, оны айтып, артында аяқталмаған суреттер бар, сол ненің суреті екенін табыңдар?
Жасырылған суреттер: Пирамида , қуыршақ, ат , көлік .
Балалар, ойыншықтарды резеңкеден , пластмассадан , матадан жасалынған ойыншықтар деп бөлуге болады.
Міне, мына ойыншықтарға қарайық.
- Парта үстінде тұрған ойыншықтармен таныстыру.
- Енді балалар , мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын : «Кім жылдам?»
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер жауабы дұрыс болса, сиқырлы дорбадан сол ойыншық шығады.
- Тиіп кетсе жылаған
Даыусы көпке ұнаған. Домбыра
- Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді ол не? Машина
- Ұшып – қонып тынбайтын,
Қанша соқса сынбайтын.
Суға салсаң батпайды
Түскен жерде жатпайды. Доп
- Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге –
Ұқыпты ісіне. Айна
Ол неден жасалғанын, жұмсақ, қатты екенін ажыратқызу , резңкеден, пластмассадан, темірден.
- Ал енді біздің балалар ,ойыншықтар туралы өз тақпақтарын айтып берсін :
Саянұр:
Күшік , мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне , бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
Кәусар :
Ойыншығым балапан,
Сүп- сүйкімді сап-сары.
Шіренгені болмаса,
Ұстағанда жұп –жұмсақ.
Асылзат:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Айғаным :
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
Кайср:
Іші толған бөлменің ,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймаймыз,
Келе ғой достар ойнайық.
Ералы :
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын.
Іңкәр:
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді.
Нұркен :
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз
Үлкендерді сыйлаймыз.
- Балалар, сендердің достарың бар ма ?
Сендер достар, достық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс , балалар, достар бір – біріне әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін , тату , бір –бірін сыйлайтын жандарды достар дейміз.
Ғажайып сәт:
- Балалар, бізге қонаққа ойыншықтар келіпті. Қазір мен сендерге осы ойыншықтар туралы әңгіме айтып берейін. Әңгіменің аты : «Ойыншықтар достығы».
«Ойыншықтар достығы»
Ертеде бір сұлу, әдемі қуыршақ болыпты. Ол өзінің әдемілігіне мақтанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Достары аюдың баласы – қонжық, қоянның баласы – көжек , маймыл ойнауға шақырса бармапты. Бір күні қуыршақ өзінің сұлулығына сүйсіне қарап отырыпты. Аяқ астынан қатты жел соғып , қуыршақ еденге ұқлапты. Оның әдемі көйлегі жыртылып , ол қатты жылапты. Оны байқаған ойыншық достары қуыршақты аяп кетіпті. Маймыл қуыршақтың жыртылған көйлегін тігіпті, көжек басынан сипап жұбатыпты. Ал қонжық болса, қуыршақты жерден көтеріп , орындыққа отырғызыпты.Содан соң қуыршақ менмендігін ұмытып , достарымен бірге тату – тәтті өмір сүріпті.Қуыршақ доссыз өмір қызықсыз екенін ұғыныпты. Ол өзінің қонжық , маймыл , көжек сияқты достары бар екеніне қуаныпты.
- Балалар , сендерге әңгіме ұнадыма ?
Сұрақ – жауап әңгіме бойынша :
- Маймыл не істейді ? /көйлегінің жыртығын тігіпті/
- Көжек қалай көмектесті ? /басынан сипап жұбатыпты/
- Ал қонжық ше ?/қуыршақты жерден көтеріп , орындыққа отырғызыпты/
- Қуыршақ нені түсінді ? /доссыз өмірдің жаманын/
Сергіту сәті : Шапалақ
Қолымызды біз созамыз
Шапалақты біз соғамыз
Ля-ля- ля- ля
Шапалақты соғамыз!
Дөңгелене билейміз
Шыр көбелек айнала
Аяқты бір басамыз
Топ- топ –топ- топ
Аяқты бір басамыз!
Дөңгелене билейміз
Шыр көбелек айнала
Басымызды иеміз
Көзімізді жұмамыз
Ия –ия –ия-ия
Көзімізді жұмамыз.!
Балалар сендер достарыңа сыйлық жасаңдар.
Сыйлық ретінде ойыншықтардың суретін жапсырып береміз .
Ойын : «Достық неден басталады ?»
Шарты : балалар , мен сендерге достықтың неден басталатыны туралы сөздер айтамын сендер «ия» , «жоқ» деп жауап бересіңдер.
- Татулықтан (ия)
- Сыйластықтан (ия)
- Көмектесуден (ия)
- Сыпайы болудан (ия)
- Төбелескеннен (жоқ)
- Өтірік айтқаннан (жоқ)
- Достықты сатуға болама (жоқ)
- Сендер бір бірлерінмен татусындарма (ия)
Қорытындылау:
Балалар , біз бүгінгі оқу іс – әрекетімізде «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық.
- Достар әрқашан қандай болуы керек?
- Достар бір – бірлерімен қалай ойнаулары керек?
- Қандай жағдайда бір – бірлеріне көмектесулері керек?
Өте жақсы балалар, достар әрқашан бір –біріне қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп , көмектесіп , ойыншытармен бөлісіп ойнайды. Бір – бірлеріңді ренжітпей , тату достар болыңдар! Сендерге үлкен рахмет айтамын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма ? Олай болса мына смайликтен өздеріңе ұнағанын таратып берейін.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек : ойыншықтардың түрлерін , әрі неден жасалатынын , әңгімені тыңдауды.
Нені игерді : әңгіме бойынша өз түсініктерін айтуды.
Нені үйренді : дос, достық туралы ұғымдарды.