Аквариумдағы балықтар

Избагамбетова  Баян

Мақсаты: аквариумдағы  балықтар, ұлулар, өсімдіктер  болатыны  туралы  түсіндіру; балалардың  елестете  білу  қабілетін  дамыту. Тілдерін  дамыту. Саусақтың  ұсақ  бұлшық  еттерінің  қозғалысын  жетілдіру. Табиғатты  аялауға  тәрбиелеу.

         Қолданылатын  көрнекіліктер, қажетті  құрал — жабдықтар:                                              Табиғат  бұрышындағы  аквариум, ойыншық  балықтар  мен  ұлулар, дайындамалар — қызыл  тіктөртбұрыш  және  сары  түсті  шаршылар, қайшы, желім — қарындаш, сулық, үлестірмелі  материалдар.

         Алдын  ала  орындалатын  жұмыс: балықтар  туралы  әңгімелеу.

         Сөздік  жұмыс: ұлу, қабыршақтар.

         Билингвальді  компонент: балық — рыба, су — вода.

 

         Ғажайып  сәт.

Топқа  алтын  сандықты  көтеріп  әкеледі. ( Сандықтың  ішінде  аквариум, ойыншық  балықтар  мен  ұлулар    бар.)

         Педагог  жұмбақ  жасырады.

Төртбұрышты  шыны  үй,

Терезесі  жоқ, іші  толы  су.

Осы  үйдің  тұрғындары

Шетінен  шебер  жүзгіштер.

         Балалар:  — Аквариум.

Басса  ізі  жоқ,

Жүрсе, жолы  жоқ.

         Балалар: — Ұлу.

         Тәрбиеші: — Бүгін  аквариум  және  оның  тұрғындары  туралы  әңгімелейміз. Қараңдаршы, балалар, бұл — су  асты  әлемі.

— Балалар, аквариумның  түбінде  не  бар?

         Балалар: — Аквариумның  түбінде  құм  мен  тас  бар. Таста  балдыр  өседі.

         Тәрбиеші: — Олар  не  үшін  қажет?

         Балалар: — Сән, көрік  беру  үшін. Олар  балықтарды  оттегімен  қамтамасыз  етеді.

         Сөздік  жұмыс: ұлу, қабыршықтар.

 

                                        Сергіту  сәті.

Суда  балық  жүзеді,

Суда  өмір  сүреді.

Айнадағы  бейнедей

 

Қимылдарды  қайтала.

Оңға, солға  бұрылдық,

 

Алға, артқа  иілдік.

Тіземізді  бүктіріп,

Қолды  создық  тік  тұрып.

         Тәрбиеші: — Ал  енді  балықтарды  талдайық. Қандай  балықтарды  білесіңдер?

— Балалар, аквариумда  бірдей  балықтар  бар  ма? Олардың бір — бірінен  айырмашылықтары  неде?

         Балалар: — Қанаты, құйрығы  әртүрлі  болып  келеді.

         Тәрбиеші: — Барлық  балықтарға  ортақ  не  бар?

         Балалар: — Басы, денесі, құйрығы, қанаты.

         Тәрбиеші: — Балықтарға  суда  жүзуде  не  көмектеседі?

         Балалар: — Балықтардың  қанаты  мен  құйрығы  суда  жүзуге  көмектеседі.

         Тәрбиеші: — Білесіңдер ме,балалар, балықтар  көзін  ашып  ұйықтайды. Өйткені  олардың  қабағы  жоқ.

— Балалар, балыққа  қабыршақ  не  үшін  қажет?

         Балалар: — Қабыршақ  балықтың  денесін  қорғайды.

         Тәрбиеші: — Дұрыс, судың  түбінде  жүзгенде  балық  жаралануы  мүмкін, ол  балықтың  денесін  қорғайды.

         Билингвальді  компонент: балық- рыба, су- вода.

         Ойын: «Балықты  көркемде». Балаларға  балықтар  мен  қабыршықтар  таратылады. Үлестірмелі  материалға  назарларын  аударады, суреттерді  қарауға  ұсынылады.

Педагог  жұмысты  жасау  ретін  түсіндіреді, көрсетеді.

Денелерінің  пішінін  анықтап, педагог  балаларға  сопақ  пішінді  балықтың  денесін, құйрығын, қанатын  қалай  қиятынын  түсіндіреді, қию  үлгісін, оны  құрау  әдісін, жабыстыру  тәсілін  көрсетеді. Тіктөртбұрыштың  шетін  қайырып — дөңгелету, сопақшалар  қию — балықтың  денесі, оларға  кішкентай  үшбұрыштар  қосу — құйрықтарын  жасау.

Қайшымен  жұмыс  істеудегі  техникалық  қауіпсіздікті  еске  түсіреді.

Жұмысқа  кірісуді ұсынады.

Балалармен  жеке  жұмыс  жүргізеді.

— Балалар, сендерге  достарыңның  жұмысы  ұнады  ма? Сендерге  қандай  жұмыстар  ұнады? Несімен  ұнады?

— Арманымызды  орындайтын  алтын  балық  болса, не  болар  еді? Балалар, алтын  балықтан  не  сұрар  едіңдер? Ойланыңдар!

        

Ойын: «Балық , қайда  тұрасың?»

 

 

Балалар  бір — біріне  балықты  шеңбер  бойынша  беріп, кімге » тұрасың» сөзі  түскенде, сол  бала  балықтың  қайда  тұратынын  айтады.(теңізде, өзенде, көлде, мұхитта, аквариумда, т.б).

Балықтарды  күту  ережелерін  еске  түсіреді.

 

 

Тәрбиеші:  Балықтардың  үйін  қорғайық, оларды  күтіп — баптайық. Олар  тірі  жан  екенін  ұмытпайық, тамақтандырып, суын  тазалап  отырайық. Сонда  балықтар  бізді  көркімен  қуантады.

 

         Күтілетін  нәтиже:

         Жасайды: қию  және  жабыстыру  тәсілімен  ұсақ  бөлшектерді  (қабыршақтарды) өзі  қалауы  бойынша  жабыстырады.

         Түсінеді: аквариумда  балықтар, ұлулар, өсімдіктер  болатынын  (балық  жүзеді, ұлу  жорғалайды, балдыр  өседі, балықтар  үшін  қорғаныс  және  азық  болады).

         Қолданады: Табиғат  бұрышында  тұрған  аквариумдағы  балықтарды  күтуде  оқу  іс — әрекеті  барысында  алынған  дағдыларды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *