Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Кашкинбаева Миуа

Мақсаты:  балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін- өзі қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасады, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табыңдар.

Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырықпен түзеткен        (Полиция)

 

Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды    (Автобус)

 

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтеп тұрады    (Бағдаршам)

 

Арқаным бар тым ұзын

Ала-алмайсын бір үзім

Табыңдаршы, балалар

Бұл жұмбақтың шешуін   (Жол)

Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгінгі біздің оқу- қызметіміз жол ережесі туралы болмақ. Әр бір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Демек біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отрамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін, жол белгілерін ажырата біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.

Ұран.

Жол тәртібін сақтаймыз,

Ел үмітін ақтаймыз.

Ертегілер елін біз

Жол апаттан сақтаймыз.

Жолдауды жастар қолдайды

Тәртіпсіз ел болмайды,

Балабақша әрқашан

Амандықпен тыныштықты ойлайды.

Тәрбиеші; балалар сендер білесіңдерме, жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет

  • бала

тротуар жүрер жолы жаяудың

желаяқтың, жайбасардың, баяудың

машина жолы көше ортасы

соны ұмытып кете көрме аяулым

Балалар, сіздердің орманға барғыларың келеме?

Ендеше біз орманға барайық, олжақта аңдан жол ережесі дегенді білеме екен? Бәріміз көзімізді жұмамыз, орманға жүріп кележатқандай елестетиік.

(музыка, орманның, аңдардың даусы) көзімізді ашамыз.

«Қызыл телпек» ән айтып келе жатады

Бағдаршамның жол сілтер

Бойында бар түрлі көздер

Жасыл жанса дайындал

Қызыл жанса тқтайсың

Жолда жүрсең байқағайсың

Абай болшы сен үнемі

Жолды кесіп өткенде

(қасқыр шығады жараланған)

Қызыл телпек; қасқыржан саған не болған?

Қасқыр; мен жол апбілмегендіктен атына ұшырадым

Қызыл телпек; сенне жол тәртібін білмейсіңбе?

Қасқыр; ИӘ

Қызыл телпек; көрдің бе, сен жол тәртібін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен әжемнің үйіне барамын сенде жүр менімен  сені жол ережесімен таныстырайын. Мұқият тыңда.

Белгілер шығады. Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.

Ескерту белгісі:

Қызыл шеңбер ішінде

Ұшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де

Көз сал маған шырағым

Құрар үйде сауықты

Жолдан аман келсе адам

Жолда күткен қауіпті

Ескертемін мен оган

Тыйым салу белгісі:

Болмау үшін киын күн

Қажеті бар тыйымның

Қызыл шеңбер ішінде

«болмайды» деп бұйырдым

Тұрады әркез сапта аман

Сол тыйымды сақтаған

Тыйым көрсең тұра қал

Әрі қарай аттама

Анықтама белгісі.

Түнде, күдіз, кештеде

Жөн сілтеймін жолға сай

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса

Ой- шұңқырда алдағы

Қалай өту керегін

Жылдамдықты ал, қане

Анық айтып берейін

Көрсеткіш белгісі;

Жол созылмақ қаншаға

Қайда асхана, монша бар

Қонақ үй бар қай жерде

Қайда музей, дәрігер

Көсетемін саған дәл

Не көрсетсем соған бар

Қызыл телпек:

Алма кезек үш көзі

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып. Бұл бағдаршам қасқыржан

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам

Бар әдемі үш көзім

Алдамаймын, аңғарсаң

Ақылдымын тіпті өзім.

Осы кезде жол инспекторы келеді өзін таныстырады

( мен жол инспекторы Қуаныш Дияр)

Мен көше сақшысымын

Болсын жұртқа жақсы күн

Жолдан азап тартпаңдар

Әдеп, тәртіп сақтаңдар. Қасқыржан сен мұнда не істеп жүрсің? Қасқыр: мен жол тәртібін білмеуші едім, қызыл телпек әжесінің үйіне жеткенше маған жол белгілері мен таныстырды.

Инспекторы; жарайсың қызыл телпек, рахмет саған жол тәртібін жақсы біледі екенсіңғой. Ендеше сен әжеңнің үйіне аман- сау жеттің, барағой деп әжесіне тапсырады.Қызылтелпек кетеді:

Жол белгілері балалармен бірге билейді.

Тәрбиеші осымен біздің сабағымыз аяқталды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *