ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (25-29Желтоқсан 2017 ж.) «Балапан»2- кіші топ
ЦИКЛОГРАММА
Бір аптаға (25-29Желтоқсан 2017 ж.)
«Балапан»2- кіші топ
Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным»
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
|
||
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
Балаларды қабылдау. Ата –аналармен амандасу . Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру Құрастырмалы ойыншықтармен ойын |
Балалармен қарым-қатынас. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен амандасу.Балаларды қабылдау.t өлшеу,тазалығын тексеру. Дидактикалық ойын. «Пішіндер қандай болады?» |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен жеке әңгімелесу. Дене қызуы мен тазалығына көңіл бөлу, жағымды жағдай орнату. Әңгімелесу:»Қыс»
|
Балаларды қабылдау. Денсаулығы, көңіл- күйі туралы білу. «Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу. |
|
||
Таңертеңгі гимнастика (8мин) |
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар . |
Таңертеңгі жаттығу (Желтоқсан айы 4-апта) |
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар . |
Таңертеңгі жаттығу (Желтоқсан айы 4-апта) |
Таңертеңгі жаттығу (Желтоқсан айы 4-апта) |
|
||
Таңғы ас |
Ойын- жаттығу . «Таза қолдар». Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру, ұқыпты ішуге тәрбиелеу. Астан кейін беті-қолын жуып, сүртінуге дағдыландыру, тазалыққа баул
|
|
||||||
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
|
1.Жаратылыстану.Тақырыбы:Қыстап қалатын құстар. Мақсаты:Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажырата білуге үйрету. Құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап. 1. Қыс туралы әңгімелеу. 2.Сурет бойынша жұмыс. Сурет бойынша сұрақтар қояу — Бұл құстардың сендерге қайсысы таныс? — Ауладан, орманнан қандай құстады көрдіңдер?
— Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады? — Ал бізде қыстап қалатын құстарды қалай атайды? — Қыста сендер қандай құстарды көрдіңдер? 3.Тосын сәт. Торғай ұшып келеді. Балалардан көмек сұрайды. Ормандағы құстарға жем керек дейді? 4.Құстарға жем беру. 5.Сергіту сәті. Боран соғар оң жақтан, 7.Қорытынды. Балаларды мадақтау. 2.Музыка. Ән үйрету: Тақырыбы: «Елтаңбасы елімнің» 1шумақ (Өлеңін жазған:С.Қалиев, Музыкасын жазған:Д.Омаров.)
Мақсаты: Музыканы сезіну және «төмен»,»жоғары» дыбыстарды айту,жаттығулар жасауға үйрету.Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға,аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге,музыканың би сипатын игеруге үйрету.
Муз ырғақтық қимыл: «Хоровод» көңілді әуен.
Қимылдық ойын: «Қол күрес» ойынын ойнату. Ойын шарты: Екі баладан ортаға шығып бір бірінің күштерін көрсетіп қол күреседі.Ойын 2-3 рет қайталанады.
|
1.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы:Рәміздер Мақсаты:Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру. Әдіс-тәсілі: 1.Балалардан жыл мезгілін сұрау. 2.Сұрақ қою. Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстанның бас қаласы қай қала? Біздің еліміздің президенті кім? Балаларды мадақтау. 3.Бүгін біз сендермен Мемлекеттік рәміздермен танысамыз. Рәміздермен таныстыру. Ту,елтпңба,Гимн 4.Сергіту сәті: 5.Ойын «Доп лақтыру»
2.Көркем әдебиет . Тақырыбы:Астана (жаттау) Мақсаты.Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап 1.Тосын сәт. Қуыршақ Сәуле келеді. Балаларды саяхатқа шақырады. -Балалар Астана қаласына барасыңдар ма? 2.Слайд. Астана 3.Сұрақ жауап. 4.Сергіту сәті. 5.балабақшаға оралу. 6.Қорытынды. Балаларды мадақтау. 3.Дене шынықтыру. |
1 Эколгия негіздері. Тақырыбы:Ағаштар Мақсаты:Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету Әдіс-тәсілі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету. 1.Ұйымдастыру. 2. Жұмбақ жасыру. Күн жылынса киінеді, Суытса шешті киімді. Жел соқса тербеледі, Желге күш береді. (Ағаш) 3.Суретпен жұмыс. Ағаштар туралы мағұлымат беру. 4. Сергіту сәті 4.Жеке сұрақ қою. 5.Қорытынды. Балаларды мадақтау.
2. Орыс тілі Тема : «Скоро Новый Год!» Цель: Формирование представлений о зимних развлечениях и Новогоднем празднике. Побуждение детей к проявлению творчества в активной двигательной деятельности. Поощрять стремление детей отражать свои впечатления в игре, продуктивных видах деятельности; делиться впечатлениями. Развивать внимание, быстроту мышления. Оборудование : слайды, карточки, елка 1.Мотивационно – побудительный: круг радости, речевая гимнастика 2. Организационно — поисковый : разгадывание загадок, дидактическая игра «Угадай-ка» физминутка, разучивание стихотворения, хоровод вокруг елки 3. Рефлексивно – корригирующий: итог занятия, новые слова
|
1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Ұзындығы мен ені. Мақсаты:Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру, ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға үйрету Әдіс-тәсілі: Түсіндіру. 1. Сұрақ қою. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады? 2 Тосын сәт. Қуыршақ келеді. Балалардан көмек сұрайды. Ұзындық ені деген не деп сұрақ қояды. Түсіндіру. 3.Сергіту сәті. Бір деп- тік тұрамыз Екі деп -екі рет айналамыз, Үш деп- үш рет секіріп. Төрт –дегенде отырамыз! 4Дидактикалық ойыны «Оң және сол» 5.Қорытындылау.
2.Дене шынықтыру. Тура, шеңбер бойымен , иректеле қойылған жіптің бойымен жүру. Мақсаты: бір сап түзеу және шашырай жүгіріп қайта сап құрауға, зат ұстаған қолын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетінен бұрылып жатуға, тура, шеңбер бойымен , иректеле қойылған жіптің бойымен жүруге жаттықтыру. Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады. «Қонжықтар».Бір-бірден сап тізбекке,зал бойымен бытырап жүру. 2. Жалушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауын қадағалайды. «Қорбаңбай қонжықпен жасырынбақ»ойыны. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру(орындық үстінде тепе-теңдік сақтап тұру) 3. Қойылған заттардың арасымен ирелеңдеп еңбектеу(қойылған заттардың ені 50 см)1,5 қашықтық.»Үш аю»қимыл қозғалыс ойыны. 4. .Ойын
3.Сурет салу.. Тақырыбы.Ту Мақсаты:Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салу үйрету . Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, сергіту сәті, мадақтау 1.Балаларды ұйымдастыру. 2. Сұрақ қою. — -Балалар біз қай елде мекен етіп жатырмыз? -Қазақстан елінің рәміздерін білесіңдер ме? — Туымыздың түсі қандай екен? Ортасында нелердің бейнесін көріп тұрмыз? 3.Сурет салудың әдіс
тәсілдерін көрсету түсіндіру. 4.Жеке көмек. 5. Тақырыпты сұрақтар қоя отырып қорытындылау жақсы сурет салған балаларды мадақтау |
1.Сиқырлы саусақтар Тақырыбы.Көбелек Мақсаты:Дәстүрлі және дәстүрден тыс техника арқылы балаларда бейнелеу өнерін қызығушылықтарын арттыру.Өз талғамымен бояуларды таңдауға дағдыларын қалыптастыру.Саусақпен жұмыс істеу тәртібімен қолдана білуге, қол-саусақ қимылдарын қалыптастыру. Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелету, дәстүрлі емес әдіспен бейнелеу. 1.Тосын сәт.Қуыршақ қонаққа келеді. От шашу туралы балалардан сұрайды. Сұрақ жауап. 2. Сурет салудың әдіс тәсілдерін көрстеу.түсіндіру. -Суретті балалар,балауызбен саламыз соң бояумен бояймыз. 3.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, 4.Жеке көмек. 5.Қорытынды Қуыршақ балаларға рахмет айтып ұшып кетеді. Балаларды мадақтау.
2.Дене шынықтыру. Тура, шеңбер бойымен , иректеле қойылған жіптің бойымен жүру (таза ауада) Мақсаты: бір сап түзеу және шашырай жүгіріп қайта сап құрауға, зат ұстаған қолын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетінен бұрылып жатуға, тура, шеңбер бойымен , иректеле қойылған жіптің бойымен жүруге жаттықтыру. Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу 1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады. Бір-бірден сап тізбекке,зал бойымен бытырап жүру. 2. Жалпы дамыту жаттығулары.Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. 3. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Қойылған заттардың арсымен»ирелеңдеп»еңбектеу(қойылған затардың ені 50 см),1,5 м арақашықтан. «Бақалар»қимыл-қозғалыс ойыны. 4.Ойын. |
|
||
Серуенге дайындық |
Киінудің реттілігін сақтауға, өз киімін тануға дағдыландыру. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау. Балалардың серуенге қызығушылығын арттыру. |
|
||||||
Серуен:
|
Бақылау: Аязды бақылау. Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жіберуі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын орауыш тағатынымызды түсіндіру. Жұмбақ. Терезеге қонады, Әсем ою ояды.(Аяз). Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Еңбек.Топтағы гүлдерге су құю. Қимылды ойын. «Торғайлар» Өз еркімен ойындар. |
Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау. Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен таныстыру, қыстап қалатын құстар туралы мағлұмат беру, қамқорлықпен қарауға үйрету. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік, сезімталдық қабілеттерін дамыту. Еңбек: Құстарға жем шашу. Жеке жұмыс: Қыс келгенде торғайым Үй алдына қон дәйім. Ойна,жүгір желкілде, Тисем саған оңбаймын. Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік қорларының белсенділігін арттыру, |
Қысқы ағаштарды бақылау .Қысқы табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, қысқы ағаштарға назарларына аудару. Еңбек.Ауладағы отырғыштарды қардан тазалау-бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Қимылды ойын:: «Автомобиль мен торғайлар» Шапшандыққа баулу. |
Қарды бақылау Жұмбақ жасыру. Мамықтай ұлпа, Қанттай ақ Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. Қыс мезгілінде айналанын бәрі ақ мамықтай не жабады? /Қар/ Қардың түсі қандай? Қимылды ойын.:«Аяз» Мақсаты: Балаларды тез жүгіріп, секіруге, ептілікке жаттықтыру. Бірлесе ойнауға тәрбиелеу. Еңбек:Өз-өзіне қызмет көрсету.
|
Ауа-райына бақылау жасау. Сұрақ жауап -Айналамызда не өзгерген? -Қыстың қандай белгілері көрініп тұр? Қимылды ойын: «Кім бұрын жетеді?» Мақсаты:шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Еңбек.Топтағы гүлдерге су құю. |
|
||
Серуеннен оралу |
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау |
|
||||||
Түскі ас |
Ас мәзірімен таныстыру.Түзеу дұрыс отыруын қадағалау.Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауды үйрету. Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруғызуға үйрету.Рахмет айтуға үйрету. |
|
||||||
Тәтті ұйқы. |
Киімдерін ретімен шешіп,жинауға үйрету.Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
|
||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары. |
Ояну ,шынықтыру шаралары Ұйыдан ояту, төсек орнынан отырып, қолға арналған жаттығулар жасау.Беті – қолдарын жуғызу. Массажды алашалардан өту. Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығу жасау |
|
||||||
Бесін ас |
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау. |
|
||||||
Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс |
Дид/ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету |
Сурет салу: «Сиқырлы қылқалам» Мақсаты: Қиялын ойлау қабілетін дамыту. |
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету Б.Камила,Айнара, Архимед |
Ертеңгілік. «Қандай әсем шыршамыз» |
Топ балаларымен. Сюжеттік рольді ойын: «Қуыршақ Әсем қонаққа келді»
|
|
||
Серуенге дайындық |
Балаларды киімдерін дұрыс киіну ретін үйретуді жалғастыру.«Ойын жаттығу: “Досыма түймелеуге көмектесеміз“ |
|
||||||
Серуен |
Серуен кезіндегі күндізгі іс-әрекетін қайталау,толықтыру.Өз еріктері бойынша ойын әрекеті. |
|
||||||
Балалардың үйге қайтуы |
Ата-аналармен әңгімелесу. Жаңа жылға арналған тақпақтарын үйде қайталатуды айту. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата аналармен әңгімелесу. Балалардың жаңа жылға киімдері туралы Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата-аналарға таңертеңгілік жаттығуа уақтына келуін айту. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата аналармен ертеңгілік қалай өткенін сұрау. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы |
Ата аналармен әңгімелесу. Балалар жәйлі әңгімелесу. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
|
||