Циклограмма Бір аптаға (09-13 Қазан айы 2017 жыл) «Балапан» 2-кіші топ.
Циклограмма
Бір аптаға (09-13 Қазан айы 2017 жыл)
«Балапан» 2-кіші топ.
Өтпелі тақырып «Менің отбасы»
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
||
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
Балаларды қабылдау.
Ата-аналармен амандасу. Балаларды тазалығын тексеру. Балалардың қарым қатынасын дамыту.
Жуылған ойыншықтарды жинап ретке келтіру.
Саусақ жаттығу. Құстар қанат қағады Құстар ұшып барады, Көкте қанат қағады. Барлық құстар қосылып, Шиқ-шиқ-деп, ән салады. |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен амандасу. Жуылған ойыншықтарды жинап ретке келтіру. Дидактикалық ойын «Ұшады, ұшпайды» Мақсаты: Есте сақтау, шапшаң болуға тәрбиелеу. |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен амандасу. Денсаулығы, көңіл- күйі туралы білу. Топқа көтеріңкі көңіл- күймен келуге жағдай тудыру. Дидактикалық ойын: «Бұл қандай құс?» Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу. |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен амандасу. Ата-аналармен әңгімелесу. «Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу. Тақпақ жаттау. Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін. |
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен амандасу.
Дидактикалық ойын: Бұл қай кезде киеді? Мақсаты:әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып,ауыз екі сөйлеуге баулу. |
||
Таңертеңгі гимнастика (8мин) |
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар |
Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 2-апта) Доппен жасалатын жаттығу. Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу |
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар |
Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 2-апта) Доппен жасалатын жаттығу. Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу |
Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 2-апта) Доппен жасалатын жаттығу. Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу |
||
Таңғы ас |
Ас мәзірімен таныстыру.Түзеу дұрыс отыруын қадағалау.Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауды үйрету. Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруғызуға үйрету.Рахмет айтуға үйрету |
||||||
Ойындар, Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық |
Дидактикалық ойын «Жақсы мен жаман» Мақсаты: Ойлау, зейінді болуға дамыту, қорытынды дұрыс шығара білуге үйрету |
Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдері» Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету |
Дидактикалық ойын “ Бұл не?” Мақсаты:Балалардың таным қабілеттерін дамыту |
Дидактикалық ойын«Не өзгерді?» Мақсаты:Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. |
Дидактикалық ойын «Жұбын тап»Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. |
||
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері |
1.Жаратылыстану. Тақырыбы:Ағаштар Мақсаты:Балалардың ағаштар туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды ағаштың негізгі бөліктерімен таныстыруды жалғастыру (діңі, бұтақтары, жапырақтары). Әдіс-тәсілі:(Көрнекі құралдар:ағаштар суреті) 1. Кіріспе: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 2.Суретпен жұмыс. Ағаштардың түрлері:аққайың,шырша, емен,қарағай т.б. 3.Сұрақ жауап. -Ағаштарға қандай күтім жасаймыз? 4.Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп – кішкентай ағаштар Біп – биік боп өседі. 5.Дидактикалық ойын. Мақсаты:ағаштарды ажырата білуге үйрету.Сөздік қорларын молайту, зеректікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. 6.Қорытынды Балаларды мадақтау.. 2.Музыка. Тақырыбы: «Менің әжем ақ әжем» Муз – ырғақты қимыл: «Көңілді би» «Айгөлек»
Ән тыңдату: «Сағындым әже, сағындым» (Б.Бисенова)
Ән үйрету: «Ақ әжем» (К.Қуатбаев) Мақсаты: Музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді айту, дауыстың биік және төмен ырғақтарын ажырату.
Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты:Балаларды ойын арқылы жылдамдыққа ,шапшаңдыққа үйрету.
Ойын шарты: Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», — дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», — деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады. |
1.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Менің көшем. Мақсаты:Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету. Әдіс-тәсілі:(Көрнекі құралдар : слайд бадамша ауылы) 1.Тосын сәт. Қуыршақ келеді. Адасып кеткенін айтады. 2.Сұрақ жауап. — Ал, балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ? Көшелеріңнің атын білесіңдерме? 3.Әңгімелесу. Слайд. Бадамша ауылы. 4.Қуыршақпен қоштасу.
2.Көркем әдебиет . Тақырыбы. Қуыршақпен қыдырамыз. Мақсаты:Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Автобуста өзін-өзі қалай ұстау керек. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: (Көрнекі құралдар : автобус суреті,әр түрлі суреттер) 1.Тосын сәт. Хат әкеледі. 2.Әже балаларды ауылға шақырады? -Немен барамыз? -Автобусты кім жүргізеді? -Автобуста өзімізді қалай ұстауымыз керек? 3.Әже ауылына келеді. 4.Дидактикалық ойын: «Жақсы –жаман»Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.(суретке қарап баланың іс-әрекетін анықтау.) 5.Сергіту сәті. 6.Әжемен қоштасу Балабақшааға оралу. Қорытынды. 3.Дене шынықтыру. Педагогтың жоспары бойынша. |
1.Аппликация. Тақырыбы:Менің көшедегі үйім. Мақсаты:Балаларға үй туралы түсінік беру.Үйді белгілі ретпен қағаз бетіне жапсыруды үйрету.Желімді қылқаламен мұқият жағуды,желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдануға дағдыландыру.Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі:(Көрнекі құралдар:Слайд:Құстың үйі, араның ұясы, аюдың апаны, иттің ұясы. Дайын үй суреті, желім,) Тосын сәт. Қуыршақ келеді. Балаларлан көмек сұрайды. 1. Балалар, қуыршағымыз өте көңілсіз оның үйі жоқ екен, оған көмектесеміз бе?Сендерден көмек сұрайды. -Балалар біз үй дегенді қалай түсінеміз? Слайд:ҮйлерБалалармен тамашалау 3.Әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру. 1. Алдарыңдағы ақ бет қағазға әуелі үйді қабырғасы төртбұрышты желімді әдемілеп қылқаламмен жағып жапсырамыз Енді үйдің төбесі шатыры үшбұрышты жапсырамыз 3 Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін) 4. Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. 5.Қорытынды. Балалар қуыршақтың көңілі көтерілді сіздерге көп рахмет айтып жатыр. Балаларға сұрақ қойып мадақтау. Қуыршақпен қоштасу.
2.Орыс тілі. Педагогтың жоспары бойынша. |
1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: Геометриялық пішін. Дөңгелек. Мақсаты:Геометриялық пішіндерді танып–ажырата білуге жетілдіру. Дөңгелектердің әр түрлі болатыны туралы түсіндіру(әр түсті, үлкен, кіші ). Қоршаған ортадан дөңгелекке ұқсас заттарды таба білуді үйрету.
Әдіс-тәсілі: (Көрнекі-құралдар: дөңгелек пішін, ойыншықтар,суреттер,қиылған дөңгелек пішіндер) 1.Ұйымдастыру кезеңі: Жыл мезгіілін сұраймын.
2. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта» Мақсаты:Дөңгелек пішінге ұқсас заттарды табу. Дөңгелек пішінмен танысытру. 3.- Тобымыздан дөңгелекке ұқсас заттарды табайықшы? 4Үлестірмелі жұмыс: Жұмыс шарты: геометриялық пішіннен құралған қиындылар. Балалар үлкен-кіші дөңгелектерді құрастыру. 5. Д/о:«Қай пішінге ұқсайды» Мақсаты.Тақтаға әр түрлі суреттерді іліп ішінен дөңгелек пішінге ұқсайтын затты табу. 6.Қорытындылау. 2.Дене шынықтыру. Педагогтың жоспары бойынша. 3.Сурет салу. Тақырыбы: Балабақшаға апаратын көше Мақсаты:Бояулармен, дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып сурет салу. Әдіс-тәсілі:(Көрнекі құралдар : әр балаға ақ бет,қоңыр бояу,ысқыш) 1.Балаларды ұйымдастыру. 2.Сұрақ қою. Таңертең аналарыңмен қайда келесіңдер? 3.Балабақшаға бару үшін жол салайық. 4.Үлгі көрсету,түсіндіру. Балалаларға дәстүрден тыс ысқышпен сурет салатындарын айту. 5.Сергіту сәті. 6.Жеке көмек. 7.Қорытындылау. |
1.Сиқырлы саусақтар. Тақырыбы: Ауладағы алма ағашы. Мақсаты:Дайын алма жемісін ағашқа жапсыруды үйрету, Көркемдік талғамын арттыру. Дұрыс желімдеуге дағдыландыру. Балаларды ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілі:(Көрнекі-құралдар: дайын ағаш,желім, қиылған алмалар) Ұйымдастыру. Балалар қазір қандай мезгіл? Ауа –райы қандай? Күзде қандай өзгерістер болады? 1.Жұмбақ жасыру. Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (Алма) Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер? Балалар сендер қандай жемістерді жақсы көресіңдер? 2.Үлгі көрсету. аламаларды ағашқа жапсыру. 3.Сергіту сәті. Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойына. 4.Дидактьикалық ойын: «Не жоғалды? Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, соң теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады. 5.Қорытынды. Балалардың жұмысын қорытындылау,мадақтау.
2.Дене шынықтыру. Педагогтың жоспары бойынша |
||
Серуенге дайындық |
Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру. |
||||||
Серуен:
|
Картатека №2 Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету. Қимылды ойын:«Қарға мен ит» Мақсаты:белгі бойынша шапшаң әрекет етуге үйрету Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.
|
Картатека №4 Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау. Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу. Балалармен жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қорын молайту. Қимылды ойын: Сұр қоян жуынады. Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу. Еңбек: Топтағы гүлдерге су құю. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері. Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру. |
Картатека №5 Жерге түскен жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау. күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету. Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ) Аспай піскен, Қайнамай піскен (жеміс) Жер бетінде шашы бар Жер астында басы бар (сәбіз) Қимылды ойын: «Мені қуып жет» Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету. Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері |
Картатека №6 «Құстарды бақылау» Мақсаты:Балалармен қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту. Құстар туралы жұмбақтар жасыру. 1. Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. (қарлығаш) 2. Күндіз соқыр не деген Түнде қандай көреген. (үкі) Қимылды ойын: «Құстар мен мысық» Мақсаты. Балаларды шапшаң, жылдам болуға тәрбиелеу. Еңбек .Ойнаған ойыншықтарын жинау. Мақсаты: Еңбек сүйгіштіке тәрбиелеу. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері Балаларды таңдап алған тақырып бойынша әр түрлі көмекші заттардың көмегімен құрастыруды, ойыншықтарды ауыстырып ойнауды,ойын барысында қолдана білуге үйрету;балалардың өздері жасаған ойыншықтарды пайдалану. |
Картатека №2 Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету. Қимылды ойын:«Қарға мен ит» Мақсаты:белгі бойынша шапшаң әрекет етуге үйрету Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру. |
||
Серуеннен оралу |
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз сөрелерін тауып көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру. Түскі асқа дайындық. |
||||||
Түскі ас |
Астарыңыз дәмді болсын! Нан қиқымын жерге түсірмеуге тәрбиелеу. Үстелге дұрыс отырып,тамақтандыруға үйрету . |
||||||
Ұйқы |
Балалалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Ертегі айтып беру. |
||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары. |
«Велосипед тебу» Орнымыздан тұрамыз.Кедір жолдардан өтеміз. Мәдени-гигиеналық дағдыларды орындау. |
||||||
Бесін ас |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу Астарңыз дәмді болсын! |
||||||
Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс |
Үстел ойындары: «Түрлі-түсті пирамидалар» Мақсаты: балаларды бөлшектерді құрастыруға үйрету. Жеке жұмыс.Ермексазды жұлып бірнеше бөлікке бөлуге үйрету- түстерді ажырату, есте сақтауға үйрету Дидар,Камилия,У.Камила |
Сюжетті-рөлдік ойындар: «Жүргізуші» Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, қиялын дамыту. Жеке жұмыс. Д\о: «Кеше-бүгін-ертең». Мақсаты: «Кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету. |
Ойын жаттығуы «Жұбын тап» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету, үй құрастыруға дағдыландыру. Жеке жұмыс. Жыл мезгілі туралы əңгімелесу «Күз»(сурет қарастыру) Мақсаты: :қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. Нұрдана,Д.Әмірхан,Сұлтан. |
Дидактикалық ойын: «Заттың атын ата» Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы сезімталдығын дамыту. Жеке жұмыс. Б.Камила,Нұрсезімге»р» дыбысын дұрыс айтқызу жұмыстары жүргізу. |
Дидактикалық ойын «Ғажайып қапшық» Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту. Саусақ жаттығулар. Күнге ұқсаймыз. Қол ұстасып дөңгелеп. Тұра қалдық екеуміз. Өзімізде дөңгелеп, Күнге ұқсайды екенбіз. |
||
Серуенге дайындық |
Балаларды киімдерін дұрыс киіну ретін үйретуді жалғастыру. |
||||||
Серуен |
Балалардың еркін ойындары Мақсаты:Ұқыптылыққа,жина-қылыққа тәрбиелеу. |
Серуенге шығу.Күзгі жапырақтарды бақылау. Мақсаты:Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. |
Өз еріктері бойынша ойын әрекеті. |
Серуенге шығу.Серуен кезіндегі күндізгі іс-әрекетін қайталау,толықтыру. |
Серуенге шығу. Жапырақтардың сарғаюын бақылату. |
||
Балалардың үйге қайтуы |
Ертеңгілік жаттығуға балаларды үлгертіп әкелулерін ата-аналарға түсіндіру. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Дидардың ата-анасына үйде баласымен қарандашпен жұмыс жасауларына кеңес беру Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата-аналарға балалардың жеке бас гигиенасына назар аудару керектігін ескерту. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата-аналарға балабақшаға төлейтін төлем ақысын уақытылы керектігін ескертті. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |
Ата-аналарға оқу қызметі бойынша кеңестер. Сәтті демалыс күндерін тілеп,балаларды шығарып салу. Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы. |