ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (02-06Қазан айы 2017 ж.) «Балапан» 2- кіші топ

                                                                                                         ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (02-06Қазан айы 2017 ж.)

«Балапан»  2- кіші топ

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Тақырыпша  «Менің отбасым,ата-аналар еңбегі»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

 

 

Таңертеңгі гимнастика (8мин)

 

8.30-8.50

 

 

 

 

 

 

 

8.50-8.58

Балаларды қабылдау.

 

Жуылған ойыншықтарды жинату. 

Дидактикалық ойын.

«Кім жылдам?» Мақсаты: Отбасы мүшелерін ажыратып, оларды дұрыс атай білуге машықтандыру. Балалардың создік қорын байыту.

  Балаларды қабылдау.

Отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу,  қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнату.Жағымды  жағдай орнату.

Балаларды қабылдау.

Фотосуреттер қарастыру «Менің отбасым».

Фотосуретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.

Балаларды қабылдау. Топқа көтеріңкі көңіл күймен келуге жағдай тудыру.

Еңбек:Тәрбиешімен бірге жуылған  ойыншықтарды ретімен қою.

Мақсаты: Еңбекке деген қызығушы-лықтарын арттыру.

Балаларды қабылдау.

Дидактикалық ойын: «Қарада ата»

Мақсаты: Заттарға іс-әрекет таңдау.

Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 1-апта)  Құралсыз

Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу

Таңғы ас

8.58-9.30

Ас ішетін кез келді

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз

Мектепке дейінгі ұйым кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

9.30-9.45

9.55-10.10

10.20-10.35

1.Жаратылыстану.  Тақырыбы:«Күннің көзі және біз» (табиғаттағы бақылау)Мақсаты:Балалардың түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен жарық тарайды.  Күннің көзінің астында  болғанда өзін ұстай білу ережелерімен таныстыру. Балалардың талдау жасай білуін дамыту.

Әдіс-тәсілі:

1.Сұрақ жауап.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?                                                         -Жылдың күз мезгілінде қандай өзгерістер болды?

2.Жұмбақ жасыру.

Ақ сандығым ашылды,  Ішінен жібек шашылды?Ол не, балалар?

-Күннің пішіні қандай болады?

-Түсі қандай?

-Күн аспанда нешеу?

-Балалар, сендер күннің көзін жақсы көресіңдер ме?

-Күннің пайдасы неде? Күн бізге керек пе?

-Күн болмаса не болар еді?

3.Балалар мен сендерге «Күн сәулесі» туралы ертегі айтып берейін. Мұқият тыңдаңдар.

4.Сергіту сәті.

«Көңілді күн» видеофильм

.Қорытынды.

Балаларды мадақтау.

 

 

2.Музыка.

Педагогтың жоспары бойынша.

1.Сөйлеуді дамыту.  Тақырыбы: Менің отбасым Мақсаты:Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу, дауысты дыбыстарды анық айтуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстырып айтуға  үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Әдіс-тәсілі:Балаларды ұйымдастыру.1.Саусақ жаттығуы.                                         Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек апам.Титтей бөбек менБір үйде нешеуміз?Бір үйде бесеуміз.- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?

2. «Кімді көріп тұрсың?» ойыны. Балаларға экраннан отбасы мүшелерінен кімді көріп тұрғандарын айтады

Сұрақ жауап.                      Қане бәріміз өз отбасымыз туралы айтайық.

3.Тақпақ жаттау.

 Атам менің ақылды,          Әжем менің мейірімді. Әкем менің қайратты,  Анам менің әдемі.

4.Сергіту сәті.

Алма ағашқа барайық,

Алма теріп алайық.

 Ең үлкенін жақсысын,

Әжемізге сыйлайық.

5.Қорытынды.

Сұрақ жауап.

Балаларды мадақтау.

 

2. ҚұрастыруТақырыбы. Қуыршаққа жиһаз Мақсаты: Балаларды ойын бөлмесіндегі мүліктерді атап айтуға үйрету. Олардың не үшін керектігін әңгімелеу. Құрастырмалы материалдармен қуыршаққа жиһаз құрастырып үйрету. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:

1.Тосын сәт.

Қуыршақ келеді.

2. Жұмбақ жасыру.      Мен жәйлімін, жұмсақпын,                        Мені табу қиын емес-Ұнатады әжелер мен сәбилер                            Отыруға, жатуға.(Диван)

3. Құрастырудың әдіс тәсілдерін көрстеу, түсіндіру. 

4.Сергіту сәті.Тік ұста бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойына.

5.Жеке көмек.

6.Қорытынды.

Қуыршақпен қоштасу.

Сұрақ жауап.

Балаларды мадақтау.

 

 3.Дене шынықтыру.

Педагогтың жоспары бойынша.

1Мүсіндеу.   Тақырыбы:СақинаМақсаты.Ермексаз кесектерін үзу, жұлу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету. Домалақ пішіндерді жасауды дамытып, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:   

1.Балаларды ұйымдастыру.

2. Д/О «Домалақ заттарды ата»

3.Тосын сәт.   Қонаққа қуыршақ Сәуле келді.

(балалардан көмек сұрайды)

4.  Суретпен жұмыс. Сақина.                                         -Балалар,сақинаның пішіні қандай?                            -Түсі қандай? 

5.   Жұмыстың орындалу тәсілдерін көрсету,түсіндір.             -ермексазды жұмсарту;                      -ұзын ширатпа есу;                            -дөңгелектеп орау;

                                    Балалардың өз бетінше жұмысы.                                 Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсету.

6.Қорытынды.

Қуыршаққа сақинаны сыйлау.

Қоштасу.

Балаларды мадақтау.

 

2.Музыка.

Педагогтың жоспары бойынша.

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.   Тақырыбы: Көршісін тап.                                 Мақсаты: Бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдануға жаттықтыру. Алда, артта туралы ұғымдарын түсіндері. «Шалқан» ертегісі көмегімен алда, артта туралы ұғымдарды қолдана білуге үйрету.

Әдіс-тәсілі:

1.Балаларды ұйымдастыру.                  Жыл мезгілін сұрау.               2.Балаларға  «Алдыңда артында» деген ұғыммен танысатынымызды айтамын.                            

3.Ертегі «Шалқан»Слайд.

Сұрақ қою.

Мына суреттерге қарандаршы атайға көмектесуге кім келді?

Әжейден кейін кім келіп шалқанда тартысуға келді?

Немереқыздың артынан кім келді?

Иттің артынан кім келді?

Мысықтың артынан кім келді?

Осылай артында алдында деген ұғымдарымен таныстырамын.

 

4.Сергіту сәті:

Оңға қарай бір адым

Солға қарай бір адым

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

5.Ойын:«Пойыз»

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

(Балалар ойын кімнен кейін кім тұрғанын естерінде сақатп алулары керек. Сосын кімнің алдында кім, кімнің артында кім тұрғандарын айтулары керек.)

6.Қорытынды.

Балаларды мадақтау.

 

2.Дене шынықтыру.

Педагогтың жоспары бойынша.

 

3.Сурет салу. Тақырыбы:    Әдемі көйлек.                                 Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету.  Мөртаңмен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:

1.Балаларды ұйымдастыру.                      2.-Қуыршақ Айгүлдің жылап отырғанын көреді.Балалар Қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды.

Қуыршақ Айгүл:      Досым қонаққа шақырған,қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын.

3.Суретпен жұмыс.     Көйлектің сурет салудың әдіс тәсіледрін көрсету түсіндіру.

Балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіру.Сүрткішті дұрыс пайдалануды, бір-біріне бөгет жасамай,дұрыс отыруды естеріне түсіру.

5.Жеке көмек.

6. Тақырыпты  сұрақтар қоя отырып қорытындылау .Қуыршақпен қоштасу.                       Жақсы салынған балалар мадақтау

1.Сиқырлы саусақтар         Тақырыбы. Күзгі ағаш   Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасау қабілетін дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:

1.Балаларды ұйымдастыру.

2.- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Енді мен сендерге «Күз келді» атты өлең оқып беремін:

Сарғайды тоғай,
Сап — сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

3.Сурет салудың әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.

(мақта таяқшасымен сурет слау)

4.Сергіту сәті.  Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі

Кіп-кішкене ағаштар

Үлкен болып өседі.

5.Балалардың өз бетінше жұмысы.                                 Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсету.

6.Қорытынды.

Балалардың суретін талдау,мадақтау.

 

2.Дене шынықтыру.

Педагогтың жоспары бойынша

Серуен:

 

10.45-12.00

№5Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Қимылдық ойын: « Ақ қояным»

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау.

№16Бақылау. Түскен жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жерді жылы көрпемен жауып жатқанына аударту. Жапырақтардың түсу себебін түсінуге, жапырақтардың бөліктерін атауға үйрету.

Қимылды ойындар: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Еңбек: Аула сыпырушы ағайдың еңбегіне көмектесу,жапырақтарды жинау
Мақсаты:Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету.

№8Бақылау:  Күзгі жапырақтарды  бақылау.

Мақсаты: Мезгілге байланысты  жапырақ түстерінің  өзгеруін  қадағалау.             Қимылдық ойын: «Торғайлар мен автомобильдер».                 Ойын барысы: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу. Дене бұлшық етін дамыту.Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.    

Еңбек:Жапырақтардан гүл шоғын   жасау

Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.

Балалардың өз бетімен ойнауы.

№17Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

  Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты:  Балаларды тату ойнауға үйрету.Тез жүгіруге , ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу .                   Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

 

№2Бақылау:Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату.

Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық»

Ойын барысы: Балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.       Еңбек:Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты:Балаларды  қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Өзіндік іс-әрекет:

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

 

 

Серуеннен  оралу

12.00-12.20

Балалардың  реттілікпен киімдерін  шешіп, жинастыруға үйрету.

Ойын жаттығу: «Тазалықты сүйеміз,тап-таза болып жүреміз».

қолдарын жуу .

Түскі ас

12.20-13.00

Балалардың назарын тағамға аудару.

үстел басында нанды үгітпей, қоқымдарды шашпауға тәрбиелеу

Тәтті ұйқы.

13.00-15.10

Балалалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.10-15.40

Төсекте жатып жасайтын жаттығу. «Велосипед  тебу».

«Денсаулық»жолымен жүру. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға  қызығушылығын арттыру.

Ойын жаттығу «Ұқыпты киінеміз»

Қол жуатын бөлмеде өздерін дұрыс ұстауға қадағалау.

Бесін ас

15.40-16.00

Астарңыз дәмді болсын!Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруғызуға үйрету.

Ойындар, дербес әрекет

 

Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс

16.00-16.30

Дидактикалық ойындар

«Бір сөзбен ата»

Мақсаты: заттарды бір сөзбен айтуды үйрету, сөздік қорларын байыту

 

Жеке жұмыс Дидар мен Камилаға  «р» дыбысы қатысты бар сөздерді үйрету.

Дидактикалық ойын:

 «Киімдерін тап»

Мақсаты: Ойлау қабылетін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Балалармен жеке жұмыс

Суреттің шетіне шықпай бояту. мақсаты: қарандашты дұрыс ұстауға үйрету.

«Отбасы» Мақсаты: Отбасы мүшелерін ажыратып, оларды дұрыс атай білуге машықтандыру

Балалармен жеке жұмыс

Заттық суреттер-Сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету.

Құрылыс ойындары «Қуыршақтарға  үй құрастырамыз».Балалармен жеке жұмыс

«Мен суретші боламын» қылқаламды дұрыс қолдануға жаттықтыру

Әңгіме құрастыру «Әжең  туралы әңгімелеп бер»

Мақсаты: баланың сөздік қорын жақын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.Балалармен жеке жұмыс

ермексазды жұлып бірнеше бөлікке бөлуге үйрету- түстерді ажырату, есте сақтауға үйрету 

Серуенге дайындық

16.30-16.50

Жүйелі киініп серуенге шығу .

 

Ойын жаттығу: «Кім дұрыс киінеді»

Мақсаты: ұқыптылыққа тәрбиелеу

 

 

Серуен

16.50-18.00

Серуен кезіндегі күндізгі іс-әрекетін   қайталау,толықтыру.

Өз еріктері бойынша ойын әрекеті.

Балалардың үйге қайтуы

18.00

Ата-аналараға ертеңгілік жаттығуға балаларды үлгертіп әкелулерін ата-аналарға түсіндіру.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

«Менің отбасым»                 Ата –аналарға отбасы суреттерін әкелуді айту.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата –аналармен балалардың тазалықтары жайлы әнгімелесу

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата – аналарға балалармен үйде жеке жұмыс түрлерін мысалы суретті әдемі жапсыруға үйретуін есеру және кеңес беру.

Балалардың үйге қайтуы.

Бірге істейік «Ойыншықтарды жинастыру

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *