Ойындар

Дауеева Алиса

«Не ұшады, секіреді, жүгіреді?»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, құстар, аңдар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы ерекшеліктерін танып-білуін, есте сақтау, ойлау және аңғарымдылық қабілетін дамыту.
Ұшатын, секіретін, құстар мен аңдарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Сөздерді анық айта білуге үйрету. Жан — жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: қыс мезгілі бейнеленген плакат, суреттер, ойынға бетперделер (қарға, тиін, күшік).
Сөздік жұмыс: қарға, қарқ, тиін, жаңғақ, күшік
Балалар жарты шеңбер бойына тұрады. Ой, балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Қане, балалар бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
Енді балалар, бәріміз орындыққа жайғасайық.
— Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілі.
— Дұрыс айтасыңдар, қыста не жауады?
— Қар жауады.
— Өте жақсы, қазір ауа-райы қандай болып тұр?
— Суық болып тұр, біз тоңамыз.
— Ия, тоңып қалмас үшін жылы, қалың киім киеді екенбіз. Балалар айтыңдаршы, біз далаға шыққанда қандай құстарды көреміз?
— Қарғаны, торғайды көреміз.
— Тақтадағы суреттерге қараңдаршы, қай жыл мезгілі бейнеленген?
— Қыс мезгілі
— Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
— Қар басқан үйді, үйшікті, қар басқан талды көріп тұрмыз.
— Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?
— Қарға-
— Қарға деп бәріміз қайталайықшы.Қарғаның тұмсығы бар, тұмсығымен су ішеді,жем шоқып жейді. Қарғаның қанаты бар, қанатын жазып ұшады. Қарға қандай дыбыс шығарады?
— Қарқ-қарқ деп дыбыстайды.
— Қарға аспанда қалай ұшады, қимылын салып көрейікші.
(Балалар қарғаның қимылын салады)
— Балалар, мына суретке қараңдаршы бұл тиін, қане қайталайықшы.
— Тиін.
— Тиіннің жүні үлпілдек, өзі сондай әдемі аң. Тиін жаңғақ жейді, қане бәріміз жаңғақ деп қайталайықшы.
— Жаңғақ.
— Тиін талдан-талға жеңіл секіреді.(Талға тиінді қою)
— Енді тиіннің қимылын көрсетейікші.
(Балалар тиіннің қимылын салады)
Ал мынау күшіктің суреті. Күшіктің де жүні жұмсақ, әдемі, сүйкімді. Қане күшікке ат қояйықшы. Күшікке Ақтөс деп атайық. Ақтөс ет, сүйек жегенді жақсы көреді. Олар адамның досы. Егер үйге бөтен адам келсе үреді. Күшіктер қайтып үреді?
— Аф-аф деп үреді.
— Ал енді, балалар, Ақтөстің қимылын салайықшы.
(Балалар күшіктің қимылын салады)
— Балалар қарға ұшады екен, ал тиін секіреді екен, ал күшік болса жүгіреді екен. Енді біз «Не ұшады, секіреді, жүгіреді» ойынын ойнап жіберейік. Менің қолымда қарғаның, тиіннің, күшіктің бетперделері бар. (Балалар бетперделерді киіп, соған сәйкес тағамдарын тауып әкеледі)
— Жарайсыңдар, балалар, барлығың да ойынға жақсы қатыстыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Меңгеруі: Ұшатын, секіретін, жүгіретін сөздерінің мәнін түсініп, сондай қимыл жасайтын жануарлар мен аңдарды ажыратады.
Жасай алуы: Тапсырманы орындап, қимыл-әрекетін жасай алады.

 

 

Ата- аналарға арналған психологиялық тренингтер

Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына  ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым — қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін  түсінуге  білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: 10-11 сынып ата-аналар
Тренинг ережесі:

— Тренингке берілген регламентті сақтау;

— Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

— Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

— Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

Ұйымдастыру кезеңі:

1-жаттығу  «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін.  Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

2-жаттығу   «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып  аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ  бұрышын жыртып аламыз.Осылайша  мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

—         Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

—         Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

—         Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта  қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

—                     Психолог сөзі:  Себебі,  бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы,  дүниетануы  көзқарасы  бәрі де әр түрлі.  Бүгіні  жиналуымыздың  бірден бір себебі  ҰБТ-ға балаңызды дайындауда  қолдау көрсету.

3-жаттығу «Мен үшін ҰБТ.»

Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде  пікір алмасайық.

Ата -анасы баласына ҰБТ- ден жоғары ұпай  ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз  дейді. Ал баласы ҰБТ- дан төмен ұпай жинап жүр. Осындай сөздерден оң  ол ешкімді көргісі келмеді.

Сұрақ: Ата- ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз? Өзіңіз балаңызды ҰБТ- ге қалай дайындар едіңіз?  ҰБТ -ға психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

4-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының  «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен  ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

5-жаттығу  «Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.

6-релаксация «Ашық хат» (алдын ала  бітіруші түлектер анасына хат жазады)

Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері  мен  құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген  еркелетін сөздермен бастап,  болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.

(Ата-аналардың жазған хаттарын конвертке салып балаларының аты-жөнін жазғызып,  балаларына келесі тренингте таратып беру керек)

Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін.  Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!

Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

Ата-аналарға  арналған психологиялық кеңес

(ақ қағаз шығарып  таратып беру керек)

  •    Балалардың ҰБТ-дан алатын ұпай саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
  •     ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
  •   Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
  •   Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
  •   Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
  •     Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі дәрумендері көп тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
  •     ҰБТ-ы ертең тапсырады деген күні бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
  •       Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:

—  Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;

— Сұрақты соңына дейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына дейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);

— Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз.

     Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

                                               

 

Психолог

Психолог-педагогтың жұмысы

Естiген нәрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: әуелi — көкiрегi байлаулы берiк болмақ керек; екiншi — сол нәрсенi естiгенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшiншi — сол нәрсенi iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек; төртiншi — ой кеселi нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нәрсеге құмарлық пайда болу секiлдi. Бұл төрт нәрсе — күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

(Абай Құнанбаевтың отыз бiрiншi қара сөзi)

Психологиялық көмек адам өмiрiнiң барлық кезеңдерiнде қатар жүретiн уақыт жеттi. Мектепке дейiнгi мекемеде психологиялық қызмет құру қажеттiлiгi басқа түскен қиыншылықтарды кеңiнен шешуге қабiлеттiлiгi дәлелдейдi:

  • Баланың қабiлеттерiн ашуда, дамуында, бойындағы икемдiлiктерiн байқауға, баланың психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы болатын кемшiлiктерiнiң алдын алуда психологиялық көмектiң маңызы зор;
  • Балалардың толық құнды тұлғалық және интеллектуалды дамуына әсер етедi;
  • Әр балаға жеке көңiл бөлудi қамтамасыз етедi
  • Мектепке дейiнгi жалпы бiлiм берудiң бағдарламасымен қатар жүредi;
  • Мектепке дейiнгi мекемедегi психологиялық климаттың жайлы болуын қалыптастыруға жәрдем жасайды;
  • МДМ-нiң педагогикалық ұжымының мүшелерiне және балалардың ата-аналарына уақытында психологиялық көмек көрсетедi.
  • Балалардың мектепке дайын болуына психологиялық әсер етедi.

Педагог-психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық ағартушылық, психологиялық алдын алу, психологиялық және психо-педагогикалық диагностика, дамыту және психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес беру болып табылады.

Психологиялық ағартушылықтың негiзгi мағынасы тәрбиешiлер мен ата-аналарды баланың психологиялық дамуына жайлы жағдай жасаудың негiзгi заңдылықтары мен шарттарымен таныстыруда жатыр.

Ағартушылық жұмыстың тақырыптық мазмұны ата-аналар мен тәрбиешiлердiң қалауынша болса, психологтың да қалауынша болуы мүмкiн. Психологиялық алдын алу баланың даму процессi, қандай да дағдыларының қалыптасуы, пайда болған қиыншылықтары туралы уақытында хабарлауды қарастырады.

Психологиялық диагностика — бұл балаларды МДМ болған уақыт iшiнде тереңдетiлген психолого-педагогикалық тұрғыда бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу үрдiсi кезiнде жеке мүмкiндiктерiн анықтау, педагогтарға ұсыныстар жасау және ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамуға байланысты сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету. Диагностика әңгiмелесу, бақылау, сауалнама алу, баланың шығармашылығын талдау, тестiлеу түрiнде өткiзiледi.

Дамыту және психотүзету жұмыстары өз жұмысында балалармен, ата-аналармен, тәрбиешiлермен толық құнды психологиялық және тұлғалық дамуды қамтиды. Топпен, жеке, тренинг сабақтар, дарынды балалармен жұмыс, мектепте оқуға даярлау жұмыстары жүргiзiледi.

Ақыл-кеңес беру жұмысы ата-аналармен және педагогтармен ұсыныс жасау түрiнде өтедi.

3-4 жасар балалардың ерекшеліктері

 

Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен, баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы  қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.

Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.

Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.

Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.

Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.

Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).

Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.

Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.

Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.

Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.

Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).

3-4 жасар баланың психологиялық портретi

Сана-сезiм дамыту мен «Мен» деген өзiндiк ерекшелiгiн белгiлеу жеке тұлғалық дамытуды ынталандырады. Балақай өзiнiң кiм екенiн, қандай екенiн сезiне бастайды. Өзiнiң мiнез-құлқына және үлкен адамдардың әлемiне қызығушылықпен саналы түрде қарап, қоршаған ортаға байланысты баланың өзiнiң iшкi көзқарасы қалыптасады.

Балалармен үйде өткізетін сабақтар

Балалармен үйде өткiзiлетiн тiл дамыту сабақтары қызғылықты ойын түрi ретiнде өткiзiлуi тиiс. 3 жастағы балаларға арналған үйдегi тiл дамыту ойындары мынадай бағыттарға бөлiнуi керек: 1) баланың ойлау қабiлетiн дамыту, 2) баланың сөздiк қорын жаңа сөздермен байыту, 3) тiлдiк сезгiштiгiн дамыту, 4) грамматикалық қателердiң алдын алу, 5) өз ойларын байланысты түсiндiре алуын дамыту, 6) барлық дыбыстарды дұрыс айтуға арналған артикуляциялық аппаратты дамыту.

Норма бойынша 4 жасқа келген бала iшiнде, үстiнде, астында, жанында, артында, алдында, арасында деген (мекен үстелер) ұғымдарды дұрыс қолдана бiлуi тиiс. Бiрақ кейбiр балалар арнайы тiл дамыту сабақтары мен ойындары болмаған жағдайда мекен үстеулердi қолданғанда қиналады немесе оларды шатастыра бередi (мысалы, «үстелдiң үстiндегiге» үстелдiң iшiнде дейдi немесе жай ғана «мында» деп жауап бередi және кейде дұрыс жауабын бiлмесе саусағымен көрсетедi.

Балаларға бұл мекен үстеулердi дұрыс қолдануға үйрету тiл дамыту ойындарын қолдансаңыз оңайға түседi. 3-4 жасар балалардың барлығы ойнауды жақсы көредi және ойнап отырып жақсы ұғып алады. Ең жақсы жақсы көретiн ойындары — жасырынбақ ойыны. Бұл бәрiмiзге белгiлi қызықты, көңiлдi ойын арқылы мекен үстеулердi қолдануға тез үйретуге болады.

Келесi ойын түрi «Жұмбақтар»

1 нұсқа.

Үстелдiң үстiне қорап қойып, сол қораптың iшiне бiрнеше ойыншық саласы, бiрнеше ойыншықты қораптың үстiне қоясыз, бiрнешеуiн қораптың астына, бiрнешеуiн қораптың жанына қоясыз. Балаға жұмбақты шешуге ұсынасыз. Мысалы: «Мына ойыншық қораптың iшiнде жатыр. Ол үлкен». «Бұл доп!» — деп тапқанына қуанады бала. Қораптың iшiнде екi-ақ ойыншық үлкен доп пен кiшкентай қоян.

«Ал ендi сен маған жұмбақ жасыр», — деп ұсынады анасы. «Бұл қораптың үстiнде», — дейдi үш жасар бала. Сiз сұраңыз: «Ол ұзын ба?» «Жоқ», — дейдi балақай. «Ал ол қызғылт сары ма?» — деп сұрайсыз Сiз. Ол: «Иә», — дейдi.Сiз: «Мен таптым, бұл апельсин!» — дейсiз.

Бұл ойында мекен үстеулердi қолданып заттың нақты орналасқан орнын көрсету керек. Тапсырманы күрделендiру үшiн көбiрек заттарды салып, түсiн, формасын, көлемiн әр сынды қылу керек. Сiздiң балаңыз заттарды қойып, Сiзге жұмбақ жасыруды қуана-қуана iстейдi — рұқсат берiңiз. Сiздi үйрете отыра, өзi үйренедi! Одан басқа 3 жасар бала ойыншықтарға жұмбақ жасырып отыра, әсiресе егер ойыншық қателесе беретiн «түсiнiксiз» болса. Ойыншықтардың қателерiн түзетiп, баланың өзi ол қателердi жiбермейдi.

«Не өзгердi?» ойыны.

Үстелдiң үстiне бес ойыншық қоясыз. Мысалы, аюды ойыншық машинаға отырғызыңыз, қоянды машинаның iшiне, қуыршақ пен түлкiнi машинаның жанына, ал бақаны машинаның астына отырғызып қойыңыз.

Балаға кiм қайда екенiн есте сақтауды ұсыныңыз. Сосын балаға терiс қарап, көзiңдi жұм дейсiз (көзiн байлауға болады). Сол кезде ойыншықтардың орындарын ауыстыра қойыңыз. Көзiн ашқызып, не өзгергенiн сұрайсыз. «Аю машинаның үстiнде отырды, ал қазiр машинаның астында отыр». Ал бақа машинаның астында отырған, ал қазiр машинаның үстiне секiрiп кетiптi. Баланы мақтаңыз: «Сен қалай тез бiлiп қалдың, жарайсың!». Ал ендi менiң кезегiм сен маған тапсырма бер, мен айтайын. Ендi Сiз көзiңiздi жұмасыз, бала ойыншықтардың орындарын ауыстырады, Сiз не өзгергенiн айтып бересiз. Егер бала не өзгергенiн айтуға қиналса, көмектесiңiз: «Есiңе алшы, аю қайда отырып едi? Ал қазiр қайда отыр. Тамаша, жарайсың!». Ойынды бiрнеше рет, әр түрлi ойыншықтар мен заттарды ауыстырып қайталауға болады.

3,4 жасар балалардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытуға арналған ойындар

 

Барлық ата-аналарға белгiлi жағдай — бала достарына зообаққа барғаны туралы әңгiмелейдi: «Бiз пiл көрдiк, ол маған күлiмдедi, тұмсығымен былғап шақырды. Сосын ол балмұздақ жедi…». Сiз ше таң қалып тұрсыз — мұндай жағдай болған жоқ қой деп. Осындайда таңданып күлуге болмайды. Одан да жаманы — баланың сөзiн бөлiп, «Олай болған жоқ қой» деуге болмайды. Баланың бар өмiрi — ойын, ал ондай өмiрде әрқашан фантазияға орын бар. Ойын деген — елестетiлген жағдаят емес пе. Үнемi мұғалiм, дәрiгер, ана, жүргiзушi немес директор бола бермейдi ғой. Мүмкiн ол ер жеткесiн жаңа машина ойлап табатын шығар немесе құрастырғыш болып, жаңа көпiр ойлап табар? Кiм бiледi! Баланы фантазия ықтырып әкетедi деп үрейленбеңiз. Ол орнына келетiн жайт. Ал балада барлау, зейiндiлiк, шығармашылық ойлау қабiлетi қалыптасады.

«Түрленген бұлттар» ойыны — бұл ойын шығармашылық елестету мен түгелдей қабылдау қабiлетiн дамытады.

Қалай ойнау керек: бұлттарды бақылайсыз. Олар неге ұқсайды? Олар қандай? Көңiлдi ме, көңiлсiз бе? Неге? Баламен бiрге елестетесiз. Оны мақтап отырыңыз.

Бекiтемiз: бұлттың суретiн салып баладан неге ұқсайтынын сұраңыз. Жылқыға ма? Онда құйрығын сала ғой. Қоянға ма? Онда құлақтарын сала ғой. Бұлт туралы өлең, тақпақты еске түсiрiңiз. Мүмкiн бұлт ертедегi ғажайып құсқа немесе жануарға ұқсайтын шығар?

Күрделендiремiз: бұлт туралы ертегi ойлап шығарыңдар.

Одан басқа «Кляксография», «Дөңгелектер», «Мен кiммiн, ойлап тап», «Айналдыру», «Әңгiмешiл суреттер», «Көңiлдi суреттер», «Кiм қандай маман болады», «Үй театры», «Ертегi сандықшасы», «Қораптағы театр», «Пайдалы тақпақтар» сияқты көптеген ойындар қолдануға болады.

                                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған тренинг

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

  1. Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;
  2. Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;
  3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:

I бөлім.

  1. Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
  2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
  3. Қызықты сурақтар:
  4. Балаңыздың туған күні?
  5. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
  6. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
  7. Балаңыздың парталас көршісі кім?
  8. Бүгін сабактан қандай баға алды?
  9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
  10. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
  11. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
  12. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы бардыЮ
  13. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
  14. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Балаңы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

II бөлім. Жалпылау.    Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

—         иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

—         жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)    Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай-ма?

—         егер  жанұя десеңіздер жымиыңыз.

—         Егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

—         егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

—         Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

—         Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)

1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және  біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;
  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;
  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқиат таныстыру;
  4. Маманмен кездесу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *